Өлең, жыр, ақындар

«Сөз және оның мағынасы»

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Сабақтың мақсаты:
1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;
2. Сөздік қорын молайту;
3. Зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ - жауап.,
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

IIІ. Жаңа сабақ Сөз және оның мағынасы
1. Көркем жазу
Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.
• Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер.
• Осы сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы - жаман, жылы - суық, түзу - қисық, бүлдіру - түзету, күлкілі - қайғылы.
2. Бұл қандай сөздер?
• Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антонимдер)
• Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)
• Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)
3. Оқулықпен жұмыс:

7-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы. Құрма сөзінің мағынасын түсініп ал.

          Әуелей өссін құрма,                            

          Әткеншек оған құрма!

1)Құрма –тропиктік аймақта өсетін пальма ағашы және сол ағаштың дәмді жемісі.

2)Құрма – қимылдық мағына беретін сөз.

8-жаттығу. Жұмбақ өлеңдерді оқып, шешуін тап.

Бірде мен

Тәтті нәр берер жәндікпін,

Бірде мен

Бәріне тілер әйдікпін.

                                    (ара)

Ас пісірсең, әрине,

Табыламын әр үйден.

Немесе

Ата жұрты татардың,

Ежелгі бір шаһармын.

                                 (қазан)

IV. Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Біп-биік боп өседі.

V. Өзіндік жұмыс:

11-жаттығу. Берілген сөздерді екі түрлі мағынада қолданып, сөйлем құра.

Алма, тамақ, қара, шық.

VI. Жұмбақ шешу:

13-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тап.

Жел соқса,

Жайқалып толқыйды.

Ел оқыса,

Тұла бойың балқиды.

                                  (өлең)

  • Жұмбақтың шешуіндегі сөздің әр мағынасына сөйлем құрап айт.

Өлең – білгілі бір ақынның туындысы.

Өлең – шөптің атауы.

VII. Қорытындылау Дұрыс па, бұрыс па?
а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу
○ Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.
○ Қарама - қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.
• Жақсы, жаман - синоним сөздер
○ Сөздің мағыналық бөлігі түбір деп аталады.
○ Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.
• Бастауыш – сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі
○ Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.
○ Дауысты дыбыстар 2 - ге бөлінеді
• Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады.

VII. Үйге тапсырма
12-жаттығу. Көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.

 


Пікірлер (2)

Жазира

Жақсы
Ұнады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер