Өлең, жыр, ақындар

Жай бөлшектерді көбейту

Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№72 жалпы білім беретін мектептің     
математика пәнінің мұғалімі
Жусупова Бибижан Пазилькызы

 21.01.17ж

математика

5 «А» сынып

1040-1125

Сабақтың тақырыбы

Жай бөлшектерді көбейту

Жалпы мақсаты

Бөлшекті бөлшекке көбейту, бөлшекті натурал санға көбейту, аралас сандарды көбейту туралы білімдерін тереңдету; білімін есептер шығаруда пайдалана білуге, түсінігін математика тілінде жүйелеп жеткізе білуге баулу. Өз мүмкіндігіне сенетін жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағыт беру.

Сабақтың әдісі

СТО, АКТ, бағалау, диалогтық оқыту

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

Сабақтың ғылымилығы, нәтижеге жету үшін ұйымдастырылған жұмыстардың толық орындалуы. Оқушылардың тақырыпты жеткілікті меңгеруі.

Күтілетін нәтиже

Бөлшекті бөлшекке көбейту, бөлшекті натурал санға көбейту, аралас сандарды көбейте алады,  түсінігін математика тілінде жүйелеп жеткізе біледі.

Ресурстар (дереккөздер)

Оқу бағдарламасы, оқу әдістемелік құралы 5- сынып

Математика 5 сынып Т.А. Алдамұратова , Е.С. Байшоланов Интербелсенді тақта,жазуға арналған қағаз,қалам, маркерлер, А3, А4 қағаздары.Слайд

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Әр оқушы өздігінен жұмыс жасауға үйренеді. Өз ойын жүйелі қорытындылай біледі.

Сабақтың типі

 Білім жүйелеу сабағы

Жұмыс түрлері

Сыныппен жұмыс

Жұптық,топтық жұмыс

Диалогтық топпен әңгімелесу

Бірін-бірі бағалау

 

Деңгейлік тапсырмалар:

Мұғалім тапсырмалары

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру

/5 мин/

1. Сәлемдесу           

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқушыларды зейінін сабаққа аудару         

4. Оқушыларды 3 топқа бөліп, топ мүшелерін міндеттерімен таныстыру.

Әр оқушы бір-бірден алынған фигураға аттарына  келетін столға орналасып, топ құрады. Топ басшысын сайлайды.

Қызығушылықты ояту

/3 мин/

ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

І топ: Жыл он кі айдың ішінде  30 жіне 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 және  29 сандары қай айда кездеседі ?

ІІ топ: Таяқтың екі ұшы. Ал төрт жарым таяқтың неше ұшы бар?

ІІІ топ: Қосарланып жегілген арбамен Қанат 15 км жол жүрді. Оның әр аты неше жол жүрді?  

Топқа беріледі

 

Зымыран сұрақтары

/10 мин/

 

1. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?
2. Қандай бөлшектер бұрыс бөлшектер деп аталады?
3. Қандай сан аралас сан деп аталады?
4. Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреді?
5. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады (азайтылады)?
6. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту қалай орындалады?
7. Жай бөлшекті жай бөлшекке қалай көбейтеді?
8. Жай бөлшекті аралас санға көбейту қалай орындалады?
9. Аралас сандарды көбейту қалай орындалады?
10. Натурал санды жай бөлшекке қалай көбейтеміз?
11. Жай бөлшектерді қалай қысқартады?

 

Оқушылар өтілген тақырып бойынша білімдерін еске түсіреді, талқылайды, достарына көмектеседі.

 

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту «Күн ойыны» оқушының топтық жұмысы

 

 

 

 

 

Әр топ мүшелері орындайды, жауаптарның дұрыстығын қарсы топпен алмасып  тақтамен салыстыра отырып, тексереді.

Оқулықпен жұмыс

/10 мин/

Оқулықпен жұмыс (тақтамен жұмыс)

№1081  (1, 2, 3)        № 1090 (1, 2, 4)

 

 

Әр топтан

 Бір оқушыдан шығып тақтада есептер шығарады.

Математикалық диктант (7 мин)

АКТ-ны пайдаланып математикалық диктант (жабық, жауабы тексеріледі)

 

 

Барлық оқушылар нұсқалары бойынша орындайды, тексеріледі

Сабақты бекіту

/5мин/

 

Бағалау

/5 мин/

Жиынтық бағалау /жеке жұмыс, топтық жұмыс, сыныппен жүргізілген жұмыстар бойынша /
Өте тамаша! Жарайсын!

12-10 ұпай   Тарауды  толық меңгеріп, сабаққа сараптама жасай отырып, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өзіндік ойы бар оқушы.
Тамаша! Алға!

9-6 ұпай Тарауды толық меңгерген. Есеп шығара алатын оқушы.
Ойлану керек! Қалма!

5-3 ұпай  Әлі де дайындалуды қажет ететін оқушы.

Жиынтық бағалау. Топ басшылары өз топтарын тарау бойынша алған білімдерін (үй тапсырмасы, топтық, зерттеушілік жұмыстары)  ескере отырып бағалайды

Кері байланыс

/5 мин/

Оқушылар өтілген сабақтан жағымды әсер алғандығын, сабақтың қызықты өткендігін жеткізді. Рефлексия алынды.

Сабақтан алған әсерлері бойынша тақтаға стикерлерді жабыстырды

Үйге тапсырма

/1 мин/

П. 6.4 (1- 4 ереже)    № 1091     № 1092.

Өздік жұмыс

 


Пікірлер (2)

Роза

Менің пікірім неге осы BILIM-ALLда ереже деп түрат неге ереже жоқ. мен мында жаза алмай жатрм.Ол біздің кітапта жоқ. Содан интернеттен қарап отырмын .Білетінде болса жазып жіберсінші.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз