Өлең, жыр, ақындар

М.Шаханов «Ғашықтық ғаламаты» балладасы

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жумагалиева Алмагул Жумагалиқызы      
                                   

                                        

Сабақтың тақырыбы: М.Шаханов «Ғашықтық ғаламаты» балладасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: М.Шаханов халықтың маңдайына біткен біртуар перзент екенін және шығармаларының негізгі идеясын танып біледі.

Дамытушылық: Шығармашылықпен жұмыс жасалып, белсенділігі артады.

Тәрбиелік: Өлеңдерді мәнерлеп оқып, әндерін орындау арқылы тілді құрметтеп, елін сүюге дағдыланады.

Сабақтың міндеттері: топпен жұмыс жасап, өзара пікір алмасады; біріккен іс-әрекет көрініп, ойлау мен жазу дағдысы қалыптасады; танымдық қызығушылықтары артып, шығармашылық қабілеттері ұшталады.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Топтастыру, ой қозғау,негізгі идеяны тану, эссе жазу. сергіту сәті

Пән аралық байланыс: ән-әуез, әдебиет теориясы

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, сызба, цитаталар, ақынның өлеңдер жинағы, слайдтар. мультимедиа.

Бағалау: Эссе, топ бойынша берілген әртүрлі тапсырмалар.

Оқуға ұсынылған шығармалар: М.Шаханов «Махабатты қорғау» кітабы, «Ғашықтық ғаламаты» балладасы.

«Өткізбеймін ешкімге зорлығымды,
Түсірмеймін ешкімге көлеңкемді
Заманымнан алғанша үлесімді,
Тоқтатпаймын тағдырмен күресімді,

деген, бұл күнді азаматтығы мен поэзасын әлем мойындаған Мұхтар Шаханов – ұлт тағдыры, тіл жанашыры болып, осындай бәйгеге басын тіккен. Ұлтжанды ақындардың бірі ғана емес, бірегейі.

Бүгінгі тақырыбымыз Қазақстанның халық ақыны, жазушысы «Түрік халықтары арасынан шыққан ең үздік әлем ақын» атағының иегері Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналады.

Сабақтың барысы:                                                                               

I Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды тексеру

2. Оқу-құралдарын тексеру

II.Топ студенттерін 3 топқа бөлу

II Үй тапсырмасын тексеру (жобалау әдісі)

Топтық шығармашылық зерттеу

I топ

I М.Шаханов өскен ортасы, туған жері, шығармашылығы, қайраткерлігі.

II топ

I М.Шаханов поэзиясы

III топ

I М.Шаханов – композитор

II «Жылдар сөйлейді»

(оқушылар сандардың жауабын табады)

1942, 1969, 1984, 1986, 1988, 1993-2003, 40

Жауаптары:

1942- 2 шілде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген.

1969- Шымкент педагогика институтын бітірген.

1984- «Жалын» журналының бас редакторы.

1986- Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы

1988- Арал және Балқаш проблемалары жөніндегі қоғамдық комитетінің төрағасы.

1988- Наурыз мерекесінің қайтарылуына мұрындық болды.

1993-2003- Қ.Р.-ның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі

40- шығармалары 40 тан астам елге

III. Үй тапсырмасын тексеру

Топтастыру әдісі. Мұхтар Шаханов кім?

IV. Негізгі бөлім

Жаңа сабақты түсіндіру

Жоспар

1. М. Шаханов “Ғашықтық ғаламаты” балладасы жалпы мазмұны  

2. Естай ақынның “Құсни - Қорлан әні” тарихы 

3. М.Шахановтың “Ғашықтық ғаламаты” балладасын жыр желісімен рөлге бөліп мәнерлеп оқу

4. Эссе жазу. Ақынға хат

5. Екі жақты күнделік (не білдім?, не білгім келеді?)                                     

Жаңа сабақты түсіндіру       

«Жинасаң да әлемнің бар алтынын,
Адамдығың көрсетпесе жарқылын
Қоршар сені салқын шаттық, салқын үн,
Ешкімге рух байлығынан бөлініп,
Шын бақытқа жеткен емес, жарқыным»-

деген М.Шахановтың өз өлеңімен жаңа сабақты бастағым келеді.

Ақын поэзиясының бастау алар қайнары – достық пен махаббат.

Бүгін біз М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» балладасының идеялық мұраты өр Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен қазақ елінде қазақ топырағында қара сөздің қадіріне түсінер қара орман халық болғанын, сол халықтың қадір тұтқан ақындары да болғанын тарих парақтарынан білеміз.

Суырып салма ақын шебер тілді шешеннің бүгінгі жалғасы Мұхтар Шаханов ағамыз.

Өлең өлкесінде айырықша із қалдырған «ақынның» ғашықтық бір сюжетке құрылған, астарлы оймен терең талғаған тамаша туынды.

Өлең қартаң әйелдің бауыр еті баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруін баяндаудан басталады.

Қызы да құрбы-құрдасының алды болып жұрт көзіне түскен сұлулығымен белгілі болса да бір әттеңі түсіп жас. Қыз сезімі бар, әртіске ғашықтық болуы, ақынға бар мұңын шаққан анаға ақынның айтар ақылы, жауабы, -жақсы көре білу сезімі үшін бұл да құдіретті сезім-ғашықтық дәлелі- автор елу бір жыл ғашықтық азабын тартқан Естай ақынның махаббатқа адалдығымен, достықты қадірлеген жан екенін айтады, бұған дәлел 51 жыл қолына шабыт берген жүзігі –оның махаббатқа деген адалдығы рухани биіктігімен ізгі жан екендігімен дәлел.

Бұған дәлел – кешегі – Қорлан әні.

Арқа мектебінің сал серілік дәстүрінің сарқыты, соңғы өкілдерінің бірі – Естай Беркімбайұлы. Оның махаббат ән ұранны саналатын Құсни-Қорлан әні.

Естай мен Қорлан есімдері алғашында қатар айтылады Құсни –Қорлан әнінің тарихына тоқтала кетсем, Арқаның Марал деген еліне Естай ақын құдалыққа барады. Естайдың  жасы ол кезде жиырмаға енді толған шағы еді.

Марал жерінде Сұлтан байдың Құсни және Қорлан есімді екі қызы бар екен. Естай ақын келді дегенде күллі ел, бозбала алтыбақан астына жиналады.

- Қорланды көріп еріксіз ғашық болады. Қорлан болмаған жерде менің домбырамның құлақ күйі түспейтін, берекем болмайтын жағдайға жеттім.

- Екеуміздің арамыздағы тас қамал-сол елдің бір байы Қорланды тоқалдыққа аламын деп қалын малын төлеп қойған.

Ал менде қалын малды бұзар дәулетте жоқ, кейін Жәміш жеңгесі арқылы Қорланды алып қашпаққа уағдаласқанда екі ғашық әрекеті жария болып , екі ғашық мәңгіге айырылады.

Бірақ Естай ақын Қорланға деген ғашықтығын өміріне серік етеді

Ғашық көңіл мәңгі жасыл айдын көл.

Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір,

Ал қалғаны жай күндер

Елу бір жыл ғашық болдым Қорланға,

Елу бір жыл өмір сүрдім, ендеше- деп өлерінің алдында досы Нұрлыбекті шақыртып:

Қарттарға ескерт,

Қарсыласа көрмесін.

Қорланымның көзі болған жүзікті,

Өтінемін,

Өзім мен бір жерлесін!-деп көз жұмады.

Кейін Қорланда қарттайған шағында бой жетіп қалған немересіне

Естайдың әнін салдырып,

Жанарын шоқтай жандырып,

“Бақыттымын, бақыттымын”, - депті де

Көз жұмыпты мәңгілік.

II. Мұхтар Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» атты жыр желісімен мәтінді мәнерлеп оқу (Автор, ана, Қорлан, досы Нұрлыбек,бозбала...)

V. Жаңа сабақты бекіту      

Ой толғаныс.

1. Әлем классиктерінің лебізі
2. Эссе жазу. Ақынға хат

Рухани байлықты мойындамай, тек қана жалаң білімге ден қойған қазіргі «компьютербасты жарты» адамдардың пайда болуы жайлы Шаханов концепциясы бізді, жапондықтарды қайран қалдырды.

  Мен оның халқын осындай тегеурінді перзент тудыра алғандығымен құттықтағым келеді. 

Дайсаку Икэда

         Ол – жаңаша ойлау дүниесінің өрені. Менің пайымдауымша, мұндай өзгеше мән-мазмұнға ие ақын бүгінге дейін күллі Азия әдебиетінде болған жоқ.

         ......Нақ осындай заңғар деңгейдегі ақын XX ғасыр мен XXI ғасыр аралығында бой көрсетуі керек ақ еді. Ол ақынның Мұхтар Шаханов екені дауыссыз.                                                                      

Шыңғыс Айтматов

VI. Жаңа сабақты қорыту

Инсерт әдісі бойынша әр топ алдарындағы «Екі жақты күнделікке» осы сабақтан «Не білдім?», келесі бөліміне «Не білгім келеді», соны жазып қоярсыздар.

Не білдім?

Не білгім келеді?

 

 

 

VII. Үйге тапсырма: М.Шаханов ақын өлендерін жаттау. “Махаббатты қорғау дастаны”

VIII. Бағалау.


Пікірлер (2)

Жазира

Маған қазақ әдебиетен керек

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз