Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы
Қаратоғай орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Оспанова Салтанат Бектұрлықызы
«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны
Мұғалім: Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары, әдет-ғұрпы біздің асыл қазынамыз. Қазақ«қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт – дәстүрлерімен, ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жөн-жоралғыларымен талай елді таң қалдырып келеді. Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартып келесі ұрпаққа жеткізу біздің өз қолымызда.
Жылдар-жылдар тарихтың мол бекеті
Сән әкелген жақсылықтар көп тегі
Көңіліңді шат сезімге баурайды
Халқымыздың бүгіні мен ертеңі – деп бүгінгі салт-дәстүрімізге арналған «Алтын қақпа» интелектуалдық сайысымызды бастаймыз.
Алдымен бүгінгі сайысымызға қатысқалы тұрған топтарымызбен таныстырып өтсем.
1-топ «Тапқырлар» тобы 9 класс оқушылары
2-топ «Самғау тобы» тобы 10 «Б»класс оқушылары
3-топ «Жүйріктер» тобы 11 «Б» класс оқушылары
Сабақтың мақсаты: оқушылардың салт-дәстүр бойынша білім қабілеттерін тексеру, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды қолдау, ұйымшылдыққа, жеңімпаз, озық болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
Ойын үш қақпадан тұрады:
І. Тас қақпа – 1.«Тәрбиенің тамыры салтымызда» (салт-дәстүр туралы сұрақтар)
ІІ. Күміс қақпа – «Сөздің түбін сөз табар» (тұрақты сөз тіркестерінің баламасын табу)
ІІІ. Алтын қақпа - 2 бөлімі:«Ескірмейтін есті сөз» (ырым-тыйым сөздер)
1 бөлімі:Қазақтың халқының салт-дәстүрлерінің бірін көрсету
ІҮ. Алтын сандық – Қазақтың ұлттық тағамдарын ата. Және біреуінің жасалу жолын айтып бер.
Үш қақпаны да ашқан топ Алтын сандықтағы сұраққа жауап береді.
Әр қақпаға жету үшін тапсырма беріледі.
І. «Тәрбиенің тамыры салтымызда»
Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмыт па» деген мақал бар. Алғашқы қақпамыздың сұрағы ата-баба дәстүрі мен салты, жөн-жоралғысы туралы.
«Тас қақпа» сұрақтары
1.«Босаға майлау» деген не? Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.
2.Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.
3. «Бастаңғы» деген не? (үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып «Жолаушылардың жолдары жеңіл болсын» деген ниетпен бас қосып ойын-сауық құрады)
4. «Ерулік» деген не? (басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонаққа шақырады.)
5. «Енші» деген не? (Үйіндегі балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған дүние-мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды.)
6.Бәсіре деген не? Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң – солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепте барғанда атасы немесе өз әке – шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. «Бәсіре» атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына «бәсіре тайым бар» деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.
7. Жасау деген не? Ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік «жасау» деп аталады. Халық қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді!» деген.Небір жақсы бұйым, сәукеле, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әсем әшекейлі заттар қыздарға берілетін болған.Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.
8. Біз шаншар деген не? Еліміздің шығыс, оңтүстік жақтарында «жаушы» орнына осы «біз шаншар» салты қолданылады. Бір топ ер азамат , ақсақалдар бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды, ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдеп бойынша ел ішінде бір топ адам былай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен анасы қонақтар отырған жерді қарап одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл «бізде ұл, сізде қыз бар, құда болайық» дегенді білдіреді.
9. Көгентүп деген не? Туыс, ілік, жұрағат адамдардың қонаққа келгенде оның баласына ескерткіш, сый ретінде берілетін мал . Бұл бала үшін сый, қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрметтеудің белгісі десе де болады.
ІІ. Тіліміз дүниежүзіндегі ең сөздік қоры бай, бейнелі де бедерлі, көркем де кестелі тілдерінің бірі екені бәріне аян. Өйткені қазақ халқының ұлттық ойлау ерекшелігі – дүниені көркем образбен қабылдауында.
«Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас», - деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Келесі кезең – тұрақты сөз тіркестерінің баламасын табу. Мысалы, ит арқасы қиянда – алыста, қызыл кеңірдек болу – дауласу т.с.с.
«Күміс қақпа» сұрақтары
1. Асығы алшысынан түсті – жолы болды
2. Төбесі көкке жетті – қатты қуанды
3. Екі көзі төрт болды - ұзақ күтті
4. Жүрегі зу етті – қорықты
5. Тонның ішкі буындай – жақын, тату
6. Қолтығына су бүрку – қолпаштау мақтап-мадақтап,, айдап салу
7. Жерден жеті қоян тапқандай болу – қатты қуану
8. Жанын шүберекке түю – қорқу
9. Тайға таңба басқандай – анық
10. Аузына құм құйылу – сөзден жеңілу
11. Қой аузынан шөп алмау – момын
12. Таяқ тастам жер – жақын жер
13. Бет - аузына бес ит тойғандай – нас, лас, кір
14. Екі езуі құлағында – қатты қуану
15. Иығынан су кетті – жолы болмау
16. Қас пен көздің арасында – тез арада, жылдам
17. Ат шаптырым жер – алыс жер
18. Қабағынан қар жауғандай - ашулы
ІІІ. «Ескірмейтін есті сөз»
Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдарының орны ерекше. Бұл халықтық этнопедагогиканың үлкен бір бөлігі. Бұл ырым-тыйымдарды, наным сенімдерді кейде халықтың ұзақ жылғы тәжірибесінен шыққан түсінігіне, кейде қарапайым әдеп қағидаларына жатқызуға болады. Мысалы, адамзаттың алтын бесігі - табиғатқа байланысты: құмырсқаның илеуін бұзба, суға түкірме, көкті жұлма, ысырапшылдыққа жол берме, т.с.с.
(Берілген нақыл сөздерді сайыскерлер түсіндіріп беруі керек)
«Алтын қақпа» сұрақтары
1. Аққуды атпайды (киесі ұрады, аққу - киелі құс)
2. Жолаушыға қайда барасың деп сұрамайды (жолаушының жолы болмай қалады дейді, сондықтан, «жол болсын» деп сұрайды.)
3. Балаға құйымшақ жегізбейді (бала ұшқалақ, жеңілтек, сабырсыз болады дейді)
4. Әлдеқайда біреу қайтыс болды деп жаңсақ айтса неге жориды? (ұзақ өмір сүреді деп жориды)
5. Ауылға атпен шауып келуге болмайды (қаралы хабар жеткізгенде немесе ауылға жау шапқанда шауып кіреді)
6. Жақын адамға мысық, ит, пышақ немесе басқа да қару сыйламайды (араздасып қалады дейді)
7. Ішінде суы, тамағы бар ыдыстың бетін ашық қалдырмау (тазалық жағынан шөп-шалам, шіркей түсіп кетеді және жын-шайтан жалап кетеді дейді)
8. Жас балаға, қызға кәрі жілік ұстатпайды (ер бала бойдақ жүріп қалады, қыз бала оң жақ босағада отырып қалады дейді.)
9. Ымырт түсе үй тазалама, қоқыс шығарма (үйдің ырысы кетеді)
«Алтын сандық» сұрақтары Асату. Үлкендер дастарқан басында ет жеп отырған кезде , төрде отырған ақсақал үлкен табақтан жас балаларға ет салып береді. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүретін-ді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі