Өлең, жыр, ақындар

Етістіктің райлары туралы түсінік

ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы
Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Сарыбаева Баян Гапуовна                                                                                     

 

Пәні:қазақ тілі                                 Күні: 20.02.2017ж.          Сыныбы 7»б»

Сабақтың тақырыбы

   Етістіктің райлары туралы түсінік

Сілтемелер

   7 сынып қазақ тілі оқулығы

Жалпы мақсаттары

Етістіктің райлары туралы және оның түрлері жасалу жолдары туралы мәлімет бере отырып,олардың ой-пікірлерін қалыптастыру

Күтілетін нәтиже

Етістіктің райлары туралы біледі.

Олардың түрлерін ажырата алады.

Оның өзіндік ерекшеліктерін меңгереді.

Сабақтың түрі

   Жаңа сабақ

Қолданатын әдістер

Топтық жұмыс, ойтолғаныс, бәйге, полиглот, ойлан тап, тест сұрақтары

Қолданылатын көрнекіліктер

Үлестірме материалдар, интерактивті тақта, стикер, маркер, түрлі түсті қағаздар, плакат.

Топтарға біріктіру

«Құпия сөз» арқылы топқа бөлінеді

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

Оқушыларды түгелдеу.

Психологиялық дайындық.

Мейірімді жүрекпен,                 (жүректерін ұстайды)

Ақ  пейілді тілекпен,          (қолдарын көкке көтереді)

Амандасып алайық,             (қолдарынан ұстайды)

Еңбек етіп ерінбей, Жақсы баға алайық!!! (бес бармақтарын көрсетеді)

Шаттық шеңберін құрып,бір-біріне тілек айтады.Топ басшыларын сайлайды. Сынып ұранын айтады.

Ұстаз үмітін ақтаймыз,

Топ ережесін сақтаймыз.

Қандай жарыс болса да,

Әділдікті жақтаймыз.

Топқа біріктіру

Қағаз қимасына жазылған сөзді жасырып, қай сөз кімге түссе солай бірігеді.

    I-топ

Ашық рай

                                II-топ 

                           Бұйрық рай

                                                                 III-топ

                                                        Шартты рай

 

 

Бүктелген қағазды әр оқушы біреуін таңдайды.

Сол таңдаған жазу арқылы топтасады.

Қызығушылығын ояту

(Ширату сұрақтары)

Әр топқа 5 сұрақтан беріледі.Топ мүшелері жауап беруі керек.

   I-топ      Ашық рай                    

  1. Етістіктің шағы дегеніміз не?
  2. Осы шақ дегеніміз не?
  3. Келер шақтың неше түрі бар?
  4. Ауыспалы өткен шақ дегеніміз не?
  5 .Жедел өткен шақ дегеніміз не?

  II-топ       Бұйрық рай
  1. Етістіктер қандай сұрақтарға жауап береді?
  2. Нақ осы шақ дегеніміз не?
  3. Мақсатты келер шақ дегеніміз не?
  4. Өткен өткен шақ дегеніміз не?
  5. Ауыспалы келер шақ дегеніміз не?

  III-топ       Шартты рай
  1. Осы шақтың неше түрі бар?
  2. Ауыспалы осы шақ дегеніміз не?
  3. Болжалды келер шақ дегеніміз не?
  4. Бұрынғы өткен шақ дегеніміз не?
  5. Келер шақ дегеніміз не?

 

Топтаса, жұптаса отырып сұрақтарды топта талдап,топ мүшелері жауап береді.

 

Мағынаны тану

Етістіктің райлары туралы түсінік. Ережемен таныстыру. Топтарға тапсырма.

         I-топ    Ашық рай

«Рай»сөзіне постер жасау.

       II-топ    “Бұйрық рай”

Етістіктің райлары туралы түсінікке постер жасау

       III-топ  “Шартты рай

Етістіктің рай түрлеріне постер жасау

 

Әр топ өздеріне берілген

Тақырыпта топтаса отырып постер жасайды, топ мүшелері қорғайды.

Дәптермен жұмыс

         I-топ

    Ашық рай

 176-жаттығу

                                   II-топ

                          “Бұйрық рай”

                         177-жаттығу

                                                         III-топ

                                                 “Шартты рай

                                                   178-жаттығу

 

Әр топ өздеріне берілген

Тақырыпта топтаса отырып

Сергіту сәті

Ән »Жаса, Қазақстан»

Сынып оқушылары орындайды.

«Полиглот»

  1. Періште ------- жолдан таяды.
  2.-------- көргенін айтады,
  Жаман бергенін айтады.
  3. Біз ешкімге тимейміз,
  Тигенге ------- имейміз.
  4 .Ел құлағы ---------.
  5. Шын -------жеңсе тасымас,
  Жеңілсе де жасымас.
  6. Қадіріңді хан емес
  -------- білсін.
  7. Көзге түртсе -----------.
  8. Тепсе--------үзеді.
  9. Аяғы жоқ жүреді,
  Аузы жоқ сөйлейді.
  10. Ақ саусақ------------
  11. Қолы жоқ сурет салады.

 

Топтағы оқушылар берілген тапсырмаларды шарттары бойынша орындайды.

Ерекше сөздерді үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілінде) айтады.

«Ойтолғаныс»

(Тест сұрақтары)

 

Тест сұрақтары    “ия,жоқ”

1. Етістік қимыл,іс-әрекетті білдіре ме?
2. Етістік кім?қашан? деген сұрақтарға жауап бере ме?
3. Етістіктің үш шағы бар?
4. Етістік сөз табына жатады ма?
5. Етістіктің төрт райы бар ма?
6. Бұйрық рай етістіктің райы бола алады ма?
7. ”Қызық”сөзі етістік бола алады ма?
8. Салт, сабақты етістік түрлеріне жата ма?
9. Қимылдың шындыққа қатысын білдіруі рай категориясы деп атала ма?
10. Не істеді?сұрағына етістік жауап бере ала ма?

Топ мүшелері сұрақ оқығанда

»ия» немесе »жоқ» деп жауап беріп отырады.

Үй тапсырмасы

“Табиғат аясындағы серуен”

Эссе жазып келу

(рай түрлерін қатыстыра отырып)

Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады.

Бағалау

Бағалау парақшалары беріледі. Әр тапсырма бойынша топ  жетекшілері бағалап отырады.

Бағалау парақшасы арқылы топ басшылары бағалайды.

Рефлексия

«Табыс ағашын отырғызу»әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

«Екі жұлдыз, бір тілек»,»Басбармақ»әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

 


Пікірлер (4)

Гулбарам

Сабақ жоспары жаңаша талапқа сай жазылған

Гулбарам

Сабақ жоспары жақсы құрылған

Таңшолпан

Қалау рай жоқпа

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз