Өлең, жыр, ақындар

Жапырақ. Тұқым мен жеміс

Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектептің
бастауыш класс мұғалімі
Утарбаева Гульсезим Жанкабыловна

 

Класы:  3 «В»

Тақырыбы: Жапырақ. Тұқым мен жеміс.

Мақсаты: Өсімдік мүшелеріндегі жапырақтың атқаратын қызметі туралы түсінік беру және өсімдіктің өсіп–өнуі, жетіліп жеміске айналуы жайлы мағлұмат беру.

Міндеттері:

а) оқушыларды жапырақтың қызметімен, сыртқы құрлсымен таныстыру, тұқым мен жеміс арасындағы ерекше байланысты білуге үйрету.

ә) оқушылардың қабілетіншыңдап, ізденімпаздығын, жауапкершілігін дамыту.

б) өсімдікке  деген оқушыларды сүйіспеншіліктерін ояту, оларды қорғай білуге баулу.

 

Әдіс тәсіл: сұрақ - жауап, түсіндіру, ребус шешу, тест

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, жапырақ, тұқым, жемістердің суреттері

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылығын ояту

Ағаштағы ілулі тұрған суреттердің ұнағанын алып топқа бөлінеді.

«Мен сізге . . .» деп балалар бір - бірлеріне тілек айтады.

Үй тапсырмасы.

57- беттгі «Сабақ» және 58-беттегі суреттегі өсімдіктердің аттарын табу.

Үй тапсырмасын бекіту. (ассацация)

 

ІІ. Мағынаны тану

Әр топқа жұмбақтар қою.

Жұмбақтарды шешу

        І топ. Ешкім де жемейді,

                  Тәтті екен демейді.

                  Сарғайып піседі,

                  Үзіліп түседі. (Жапырақ)

                                             ІІ топ. Көктемде жерге енемін,

                                                        Ылғалда өсіп – өнемін.

                                                        Менің өскен жемісім,

                                                        Қыс боғы сенің қорегің. (Тұқым)

                                                                                                    ІІІ топ. Аспай піскен,

                                                                                                            Қайнамай түскен. (Жеміс)

Дәптермен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға іштей оқыту.

Жапырақ түрлерімен таныстыру.

Оқулықтағы суреттермен жұмыс жургізіледі.

Тұқым мен жеміс.

              

Әр топқа тапсырмалар беру.

І топ: Сөзжұмбақ шешу
-    Аспанда түнде болады
-    Ағашта өсетін жеміс
-    Оқушылар отыратын үстел
-    Өзімен кесуге де болады, кейде жәндік те болды
-    Қыста не жауады?
-    Сиырдың сүтінен жасалытын тағам
ІІ топ: Тест
-    Өсімдік не арқылы тыныс алады а) гүл    ә) жапырақ  б) жеміс
-    Қай мезгілде жапырақ сарғаяды?  а) күз    ә) жаз   б) қыс
-    Жемістің ішінде не болады?  а) гүл    ә) жеміс  б) тұқым
-    Құрғақ тұқымды тап   а) алма   ә)  жүгері   б) жүзім
-    Шырынды тұқымды тап   а)бидай   ә)  күріш  б) қияр
-    Өсімдіктер не арқылы көбейеді?  а) тұқым   ә) жеміс   б) жапырақ
ІІІ топ: 5 жолды өлең
-   Не?  алма
-    Қандай?
-    Не істеді?
-    Сөйлем
-    Мәндес сөз

ІІІ. Ой толғаныс

Үйге тапсырма: «Жапырақ. Тұқым мен жеміс» мазмұндау, сурет салу.

Бағалау. (оқушылардың қатысымына қарай бағалау)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз