Өлең, жыр, ақындар

Өнер жас талғамайды

«№121 жалпы орта мектебі» КММ-нің
технология пәні мұғалімі Сабденова Гульнур Шукирбаевна

Сабақтың тақырыбы: «Өнер жас талғамайды» атты сайыс сабақ.

Сабақтың мақсаты: жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру,оқушыларды бейнелеу өнеріне баулу, өнердің қыр-сырын ұғындыру, тілін дамыту.

Көрнелік: «Өсер халықтың қанаты – оның өнері», «Өнер - өлмес мұра», «Өнерлі елден өнерлі ұл-қыз шығар»

Мұғалім сөзі:

Қадірлі ұстаздар, әділқазылар  және оқушылар!
4 «А» сыныбы оқушылары арасында өткелі отырған «Өнер жас талғамайды» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!

Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар. – деген  Жүсіп Баласағұн.
Қазір біз, балалар , осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді, білімімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Сонымен, сайысқа қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз.

І топ: «Жас Қыран»  ІІ топ «Тұлпар»

Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен ќарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Мұғалім:

«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.» - дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтейік.

Жоспар

І. «Өзіңді таныстыр, өзгені таны»
ІІ. «Сырлы бояу» Еркін тақырыпта сурет салу.
ІІІ. «Ойлы болсаң озып көр» сұрақ жауап.
ІV. «Арманы асқақ оқушы» шығармашылық сабақ.
V.  «Өнер сайысы»
VІ. «Ас адамның арқауы» қолдарымен пісірген тағамдарын қорғау.

Енді сайысымызды бағалау үшін құрылған әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1.
2.
3.
4.

Өнерлінің қолы алтын,   

Өлеңшінің сөзі алтын.

І . «Өзіңді таныстыр, өзгені таны»

Біздің топ: «Жас Қыран»
Қайтпас қайсар ерлігі,
Ұлан болғым келеді.
Самғап ұшар биікке ,
Қыран болғым келеді.

ІІ топ:
Топтың ұраны: Біздің топ: «Тұлпар»
Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал, барыңды.
«Болашақтың ұрпағымыз сенімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

ІІ. «Сырлы бояу» Еркін тақырыпта сурет салу.   

Бар қазаққа аты аңыз,

Қастеев біздің атамыз.

Көріп салған суретін.

Мәз мәйрам боп жатамыз. деп, «Сырлы бояу»

Тапсырмалар: Еркін тақырыпта сурет салу және қорғау.

ІІІ. «Ойлы болсаң озып көр» сұрақ жауап.

«Көңілді, тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.» - деп келесі кезеңді бастаймыз.

ІV. «Арманы асқақ оқушы» шығармашылық сабақ.

Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!-
 келесі сайысымыз- «Арманы асқақ оқушы» шығармашылық сабақ.

-  Қуыршаққа киім кигізу.

-  Оқушылардың шығармашылық жұмыстары

- Ұлттық ою өрнектерді қағаздан қиып жасау

 

V.  «Өнер сайысы»
 «Көңілді, тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.» - деп келесі кезеңді бастаймыз.

VІ. «Ас адамның арқауы» қолдарымен пісірген тағамдарын қорғау.

Бойларында от бар екен,байқадым.

Жүректерде шоқ бар екен, байқадым

Әрқашанда осы өнерді өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

 «Ас адамның арқауы»  қолдарымен пісірген тағамдар қорғау.

Жүргізуші:          
Болашақтың іргесін қалайтын,
Қазақстанның мерейін көтеретін азамат пен азаматшалар сендерсіңдер. Еліміз сендердің болашақтарыңнан зор үміт күтеді. Тек биіктен көрінулеріңе тілектеспіз.
Соңғы кезеңнің ұпай санын және жалпы қорытындыны хабарлау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Әділқазылар шешімін шығарғанша концерттік номер.

Жүргізуші:
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.
Сендерге әрдайым биік белестер тілейміз!
Марапаттау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз