Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы, Сырым ауданы, Қызылағаш ауылы
Жалпы білім беретін Қызылағаш негізгі мектебі
Математика пəні мұғалімі: Кажгереев Нуржан Берикович
Жуық сан. Жуық шама.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сапалы терең білім беру, ой - өрісін дамыта отырып, ақпараттық құралдар арқылы жуық сандардың шығу себептерін, жуық шаманың абсолют қателігін табуды үйрету, білімдерін толықтырып бекіту.
Тәрбиелік: Сабақ барысында өз ойын ашық айтуға, тапсырмаларды дұрыс орындауға, ұйымшыл болуға, болашаққа, өмірдегі өзгерістерге ойлы көзқараспен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін практикада пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру, белсенділіктерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, проектр
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдістері: Түсірдірмелі сұрақ - жауап, ой - толғаныс, іскерлік ойындар.
Пәнаралық байланыс: тарих, физика, информатика.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі (жоқ оқушыларды түгендеу, оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіріп, назарын сабаққа аудару)
(физика пәнімен байланыстыра отырып еске түсіру арқылы, жаңа сабақтың тақырыбын ашу).
Оқушылар грекше «фюзис» қандай ұғымды білдіреді (табиғат – табиғат туралы ғылым - физика).
Олай болса оқушылар, сіздер физика пәнінде әр тараудың соңында қандай жұмыстар орындайсыңдар? (зертханалық)
Зертханалық жұмыс жасау кезінде, мысалы мензурка бөліктерін бірнеше рет өлшейміз?
Сондықтан аспаптың несін анықтаймыз? (аспаптың өлшеу қателігін анықтаймыз)
Олай болса, бүгінгі сабағымыз: Жуық сандардың шығуы. Абсолют қателік.
Жаңа сабақ: Миға шабуыл.
Адамдардың практикалық қызметінде, ғылым мен техникада дәл және жуық сандар кездеседі.
Мысалы: 1) әр қорапта 12 қарындаш болса, онда 100 қорапта 1200 қарындаш болады. 2) 2005 жылдың 1 қаңтарында Алматы қаласы тұрғындарының саны 1, 21 млн адам болды. 1, 21 млн жуық шама. Бұл жағдайда дөңгелектеу 0, 01 дәлдікпен алынған. Яғни, 1, 205 млн. мен 1, 214 млнның аралығындағы сан.
Республикалық статистикалық мәліметтер жуықтап алынған сандармен беріледі.
Санның жуық мәні мен дәл мәнінің айырмашылығын табу үшін үлкен саннан кішісін азайту керек.
Жуық мәндердің абсолют қателігі деп дәл мән мен жуық мәннің айырымының модулін айтады: α=|A - a | α - абсолют қателік, А - дәл мән. а - жуық мән.
- егер дөңгелектеу кезінде бірінші алынып тасталатын цифр 0, 1, 2, 3, 4 болса, онда соңғы қалдырылатын цифр өзгермейді және бұл кемімен алынған дөңгелектеу.
егер дөңгелектеу кезінде бірінші алынып тасталатын цифр 5, 6, 7, 8, 9 болса, онда қалдырылатын цифр 1 - ге артады және бұл артығымен алынған дөңгелектеу.
A=0, 216 санын 0, 1 – ге дейінгі дәлдікпен дөңгелектегенде а≈0, 2 – ге тең болады.
α=|0, 216 - 0, 2|=0, 016
егер 0, 01, яғни жүздік үлеске дейін дөңгелектеп, абсолют қателігін тапсақ α=|3, 3756 - 3, 38|=|- 0, 0044|=0, 0044
Санның мәнді цифрлары - санның ондық санақ жүйесінде жазылуындағы сол жағынан бастап орналасқан нөлден өзгеше цифрлары.
0, 587; 5, 87; 0, 0785 – 7, 8, 5.
Анықтама: Абсолют қателігі өзі жазылған разряд бірлігінен артық болмаған жағдайда жуық санның жазылуындағы цифрлар дұрыс цифрлар деп аталады.
α=|3, 375 - 3, 38|=|- 0, 005|=0, 005 0, 01 дәлдікке дейін дөңгелектесек абсолют қателік 0, 01 - ден аспайды. Сондықтан, мұндағы 3, 3, 8 цифрлары дұрыс цифрлар деп аталады.
Егер абсолют қателік қандайда бір h санынан аспаса, яғни |A - a|≤h шарты орындалса, онда а саны h дәлдікпен алынған А санының жуық мәні деп аталады.
2 - мысал: А=127, 0374 санының h=0. 01 дәлдікпен алынған жуық мәнін және абсолют қателігін табайық. a=127, 04 – жуық мәні
a=|127, 0374 - 127, 04|=|- 0, 0026|=0, 0026 - абсолют қателігі.
Жауабы: 127, 04; 0, 0026.
Бекіту бөлімі:
Оқулықпен жұмыс.
№307
477≈480 α=|477 - 480|=|- 3|=3
0, 27≈0, 3 α=|0, 27 - 0, 3|=|- 0, 03|=0, 03
9213≈9200 α=|9213 - 9200|=13
№308 (2)
3, 3557≈3, 36
α=|3, 3557 - 3, 36|=|- 0, 0043|=0, 0043
10, 0716≈10, 07
α=|10, 0716 - 10, 07|=0, 0016
4, 0028≈4, 00
α=|4, 0028 - 4, 00|=0, 0028
Семантикалық картамен жұмыс:
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «СоюзТМ – 13» кемесімен ғарышқа ұшып, 10 қазанда жерге қонды. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров ғарыштан ауданы 40 000 км2құраған Арал теңізінен көтерілетін тұзды шаң борамасын зерттеді. Осындағы сандардың қайсысының дәл мәні алынған, қайсысының жуық мәні алынған? Жуық мәні алынған сан қай разрядқа дейін дөңгелектенгендігін тауып көрейік?
Сергіту сәті: Тренинг «Адам есімінің түстері»
Шарты: Оқушылардың алдына қызыл, жасыл, сары, көк түсті парақшалар таратылады. Содан таңдау жасап, өзі қалаған парақшаны алады. Екінші бетіндегі тапсырманы орындайды.
Нәтиже: Оқушылар дайын болғаннан кейін түстері бойынша мінездемелік сипаттамалармен танысады.
Қызыл – өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін оқушы.
Жасыл – ақ көңіл, табиғатты сүйетін оқушы,
Сары – ниеті таза, пейілі кең жомарт оқушы.
Көк – мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін оқушы.
Түс тапсырмалары:
Ондық үлеске дейін дөңгелектеңдер: 3, 052; 0, 0876; 0, 236.
Санның мәнді цифрларын атаңдар: 45, 92; 0, 0431; 0, 756.
Мыңдық үлеске дейін дөңгелектеңдер: 20, 1538; 7, 67401; 0, 00495
Дәл мән мен жуық мәнді атап шық: 7, 366 - 7, 4; 0, 0017 - 0, 002; 4, 7331 - 4, 73.
Бүгін мен не үйрендім?
Қорытынды бөлім: Қажеттісін алып, қалғанын қоқыс жәшігіне салыңыздар?
5, 064≈5, 06; 0. 2087≈0, 209; x2 - y2=(x - y)(x+y); (3c+2) 2=9c2+12c+4;
α=|A - a |; 4/a+b - n/a+b; мәнді цифр - 0, 0582 - 5, 8, 2;
Үйге тапсырма:
Сабақты қорытындылау, бағалау:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі