Өлең, жыр, ақындар

Қазақ тілі пәнінен ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары

Қызылорда қаласы, Абай ауылы,

№138 Абай атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пірімова Әсем Әбдірахманқызы

 

Қазақ тілі пәнінен ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «орта білім берудің мақсаты - терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағалай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген. Бүгінгі таңда барлық мұғалімнің алдында тұрған міндет – оқытудың жаңа технологияларын ұтымды пайдалана отырып, нәтижеге бағытталған білім беру. Оқу - тәрбие процесінде оң мотивацияны қалыптастыруда сабақ және сабақ жоспары маңызды рөл атқарады.

Сабақ жоспары - бұл мұғалімнің білім беру бағдарламасын жүзеге асыру құралы. Сабақ - шығармашылық үрдіс. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Сабаққа дайындық кезінде мұғалім оқу материалын оқу тобының мүмкіндігіне "икемдейді", жақсы нәтиже беретін танымдық еңбек және ұжымдық жұмыстарды жоспарлайды.

Л. С. Выготскийдің тұжырымдарына сүйенетін болсақ, баланың дамуынан әлдеқайда озық жүріп, оның болашақтағы даму мүмкіншілігін болжай отырып оқытатын білім ғана жетістікке әкеледі. Ал оның негізі, басты шарты – білімді дұрыс ұйымдастыра білуде.

ҰБТ - білім сапасының басты көрсеткіші. Қазақ тілі пәнінен ҰБТ - ға дайындау үшін терең де жан - жақты білім мен бірге ізденумен жинақталған тәжірибе керек. Оқушыларға жүйелі білім беру, сынама тестілеуде көрсеткен нәтижесін үнемі назарда ұстап, салыстыру, әрбір оқушымен жеке қатемен жұмыс жүргізу олардың білімін шыңдай түсері хақ. ҰБТ - ға дайындау тәжірибемде мен көбіне логикалық тапсырмаларға және талдауға көп мән беремін. Сондай - ақ тақырыптық тест құрату, семантикалық картаны толтырту, мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың өз - өзіне деген сенімі мен жауапкершілігі, ең бастысы, білімі ұшталғандығын байқадым. Сол тәжірибемді сіздермен бөліскім келді. Лексика саласын өткенде әрбір оқушыға мынадай тапсырмалар беремін: Тура мағыналы және ауыспалы мағыналы сөздер, тұрақты тіркестер, диалект сөздер, кәсіби сөздер, тарихи сөздер, омоним, антоним, синонимдердің әрқайсысына 20 сөзден жазып келу тапсырамын. Оқушы өздігінен ізденіп, сөздерді тауып жазып, оның мағынасын түсіндергеннен кейін, лексика тарауы бойынша тақырыптық тестілерді құрастыру оқушыларды ойлантады әрі есте сақтау қабілеті артады. Келесі сабақты «Сөзмерген» ойынының кезеңдерін түрлендіріп, топтық сайыс түрінде білімдерін тексеріп, қорытындылаймын.

Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлерін өткенде, олардың жасалу жолдарын сөйлемдерді талдату арқылы өздері түсіндіреді. Мысалы: мақсат бағыныңқы сабақтасты өткенде «Адасқан сөздер» ойыны арқылы сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып таратып беремін. Мозаика әдісі арқылы оқушылар сөйлемді құрастырады да, оған синтаксистік талдау жасайды. Ал сөйлемнің үстінен сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан екен, түбірі мен қосымшасын ажыратып жазады.

бағыныңқы басыңқы

Хакіммен жолықпақ болып, Шолпан қайыққа мінбеген еді..

Содан кейін бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының қалай жасалып тұрғанын анықтайды. Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сөйлемінің баяндауышының басқа да жасалу жолдарын мұғалім түсіндіргеннен кейін, мысалға алынған сөйлемді оқушылар бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын сол жасалу жолдарына сәйкестендіріп қайта құрады.

Үлгі: Хакіммен жолықсам деп, Шолпан қайыққа мінбеген еді.

Хакіммен жолығайын деп, Шолпан қайыққа мінбеген еді.

Хакіммен жолығу үшін, Шолпан қайыққа мінбеген еді.

Оқушылардың өздеріне бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының әрбір жасалу жолына сөйлем құратып, талдатамын. Бұл да ережені дайын қалыпта жаттағаннан тиімдірек. Тест кітапшасында берілген мысалдардың көбісі мектеп оқулығынан алынғандығына қарамастан, оқушылар қателік жіберіп жатады. Оның себебі, оқулықтағы мысалдарды мұқият назар аударып, талдамауында деп ойлаймын. «Ұстазы бейілді болса, шәкірті зейінді болады» болады деген мақал тегін айтылмаса керек. Сабақты түрлендіріп, жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді пайдаланып, дұрыс ұйымдастыра білген мұғалім оқушының пікірін де ескеріп отырса, нәтижеге бағытталған білім дегеніміз - осы. Оқушы жетістігі - ұстаз жетістігі.

Қазіргі таңда тест тапсырмаларының түрлері көп. Сабақтас құрламалс сөйлемнің мағыналық түрлеріне байланысты тақырыптық тест тапсырмаларын орындату - өте тиімді.

Тақырыптық тест. Сабақтас құрмалас сөйлем. 1 - нұсқа

 

№ Түрлері

 

 Мысалдар

Шартты бағ.

Қарсылықты

Себеп бағ.

Қимыл - сын

Мақсат бағ.

Мезгіл бағ.

 

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

1. Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай.

 

 

 

 

 

 

2. Жанпейіс үйге кіргенде, Ержан тыста қалды.

 

 

 

 

 

 

3. Балуандығы асқан соң, Нарқыз болып атанған.

 

 

 

 

 

 

4. Біз үйге келсек, Аян да оралған екен.

 

 

 

 

 

 

5. Балаларымыз білім алсын деп, елде барлық жағдай жасалған.

 

 

 

 

 

 

6. Өміріңе қауіп - қатер төніп тұрса да, ата тегіңе кір келтірме.

 

 

 

 

 

 

7. Сен келмейінше, мен бармаймын.

 

 

 

 

 

 

8. Қасен байбаламдағанмен, ойын аяқталмады.

 

 

 

 

 

 

9. Шешесі дұшпанның шеңгеліне ілікпес үшін, темір жол станциясына жөнелтілді.

 

 

 

 

 

 

10. Жер тоймай, ел тоймайды.

 

 

 

 

 

 

11. Ер Төстік жалмауыздың қолында қалды деп, елі мүлде күдер үзіп қояды.

 

 

 

 

 

 

12. Қатты жел тұрып, теңіздің толқыны күшейді.

 

 

 

 

 

 

13. Ана мен баланың бақытты сәттеріне бөгет болғысы келмей, жүрісінің сыбдырын білдірмеуге тырысты.

 

 

 

 

 

 

14. Айтқандарым жаққан соң, алыс - жақын тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

15. Хакім кітапты ұстаған күйі, оның сөзін қыбыр етпестен тыңдады.

 

 

 

 

 

 

16. Бірлік болмай, тірлік болмас.

 

 

 

 

 

 

17. Басы жерге тигенше, ел жұмысын ойлайды.

 

 

 

 

 

 

18. Бақтығұл шынын айтса да, болыс жылымай отыр.

 

 

 

 

 

 

19. Хакіммен жолықпақ болып, Шолпан қайықтан жерге түсті.

 

 

 

 

 

 

20. Күн шықпастан бұрын, біреу тау жақтан желдіріп келеді.

 

 

 

 

 

 

21. Бір ұстасып қалсам деп, күшімді байқап шенейсің.

 

 

 

 

 

 

22. Тұрмыс жақсы болу үшін, еңбек өнімді болу керек.

 

 

 

 

 

 

23. Ұзақ сапар шеккелі, мақсатқа осы жеткенім.

 

 

 

 

 

 

24. Ел орынға отыра, үйге көп адам келді.

 

 

 

 

 

 

25. Ол әке мінезін білгендіктен, үнсіз қалды.

 

 

 

 

 

 

26. Жарысқа түспегені болмаса, нағыз ақын дейді.

 

 

 

 

 

 

27. Шай жиналысымен, Болат келді.

 

 

 

 

 

 

28. Осы хабардың өзі арқау болғандай, келушілер көңілденіп тарасты.

 

 

 

 

 

 

29. Әбден тозығы жеткен үй болғандықтан, оған ешкім кірген жоқ.

 

 

 

 

 

 

30. Сапар бұған қарсылық білдірместен, Жарқын меңзеген тұсқа барды.

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыптық тест. Сабақтас құрмалас сөйлем. 2 - нұсқа

Түрлері

 

 Мысалдар

Шартты бағ.

Қарсылықты

Себеп бағ.

Қимыл - сын

Мақсат бағ.

Мезгіл бағ.

 

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

1. Сейфулланың сәлемін айтқанда, Иманмұса жылы ұшырай жымиды.

 

 

 

 

 

 

2. Біз жиналып барғанша, олар кетіп қалыпты.

 

 

 

 

 

 

3. Кедір - бұдыр жермен дөңгелектері тоқылдап, арба ырғала жылжып келеді.

 

 

 

 

 

 

4. Аяужан тыңдасын деп, радиоқабылдағыштың тетігін бұрадым.

 

 

 

 

 

 

5. Қолынын келер жәрдем болмаған соң, ол қызға жылы сөзімен қайрат береді.

 

 

 

 

 

 

6. Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде, мұның аяғы жақсылықпен тына қоюы екіталай еді.

 

 

 

 

 

 

7. Мен айтсам, қарысып тыңдамайды.

 

 

 

 

 

 

8. Ұстазы бейілді болса, шәкірті зейінді болады.

 

 

 

 

 

 

9. Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, аттарын шоқыта, сар желіске сала жөнелді.

 

 

 

 

 

 

10. Таңертеңнен бері Алматының аспаны ашылмай, жаңбыр төпеп жауып тұр.

 

 

 

 

 

 

11. Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасының не екенін ұға алмады.

 

 

 

 

 

 

12. Кітабым болмағандықтан, дайындығым нашар.

 

 

 

 

 

 

13. Патша тағынан түсіп, Жәуке түрмеден құтылып үйіне келіп еді.

 

 

 

 

 

 

14. Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың.

 

 

 

 

 

 

15. Әке жүзі ызғарлы екеніне қарамастан, кішкене қыз жүгіріп келіп құшақтай алды.

 

 

 

 

 

 

16. Құнанбай көктемде ерте көшсе, Уақтың жерін шаба торитын.

 

 

 

 

 

 

17. Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен.

 

 

 

 

 

 

18. Аспандағы бұлт сиреп, жұлдыздар көріне бастады.

 

 

 

 

 

 

19. Игіліктен қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп, жолығуға келе жатыр еді.

 

 

 

 

 

 

20. Жасы менімен шамалас бола тұра, ақылы, мінезі ел ағасына ұқсайды.

 

 

 

 

 

 

21. Есжан туысымен, көп ұзамай күйеуі Тілеуқабыл қайтыс болыпты.

 

 

 

 

 

 

22. Шахтаға түспестен бұрын, Еркін кішкене бөлмесіне келіп енді.

 

 

 

 

 

 

23. Сексен сұлу сылаңдап тұрса - дағы, Ғалияның алмаймын кірпігіне.

 

 

 

 

 

 

24. Тағы да екі - үш күн бөгейтін амалын тапсаң өзің, қозыдай көгендеп қолыңа берейік.

 

 

 

 

 

 

25. Оқ нөсері сәл бәсеңдеген кезде, Рақымжан бастаған топ бір шұңқырға барып топ ете түсті.

 

 

 

 

 

 

26. Ғылым оқып білгенше, Тыным - тыныштық таппаған.

 

 

 

 

 

 

27. Адамдары, малдары, күркелері де қосылып, бір ауылдан бір ауылды айырып та болмайды.

 

 

 

 

 

 

28. Дәуіт ұшып кетпеу үшін, қарлығаш оның қанатын қырқып қояды.

 

 

 

 

 

 

29. Қарағанды көмірін тапқалы, жүзге жуық жылдар өтіп барады.

 

 

 

 

 

 

30. Біраз уақыт отырған соң, күндіз көп жүріп шаршаған Асан ұйықтап қалды.

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз