Өлең, жыр, ақындар

Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі

Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылы
"Үштөбе жалпы орта білім беретін тірек мектебі (Ресурстық орталық)" КММ
Елюбаева Асем Қайржановна

Пән: Математика                                              Мектеп: Үштөбе жалпы орта білім беру тірек мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:                           Геометриялық  фигуралар

Күні:                                                                     Мұғалімнің аты-жөні: Елюбаева Асем Қайржановна

Сынып:1  1А бөлім - Сандар мен цифрлар    Қатысқандар саны:18

                                                                     Қатыспағандар саны:18

Сабақ тақырыбы

3.1 «Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі»

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсатттары

1.3.1.2 Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру.

Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: Жазық фигураларды біледі

 

Оқушылардың басым бөлігі: Жазық фигуралардың қабырғаларын өлшейді.

Кейбір оқушылар: Геометриялық фигураларды салыстыра алады.

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  - Жазық (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) фигураларды және кеңістік

(куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) денелерін ажыратады.

  - Геометриялық фигуралар мен қоршаған ортадағы заттардың пішініне ұқсастығын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар ауызша геометриялық фигураларды атайды.

Геом-қ фигураларды суреттермен сәйкестендіреді.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілікке,бірін-бірін тыңдап,сыйлауға үйрету

 Пәнаралық байланыстар

Математика,жаратылыстану,сауат ашу пәні арқылы  пән аралық байланыс жүзеге асады.

Күн-шеңбер, Жұлдыз-бес бұрыш т/б

АКТ  қолдану дағдылары

Электронды оқулықпен постер қорғау,Видео ролик арқылы пішіндерді анықтайды.

Бастапқы білім

Фигуралардың пішіндерін білді.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

бөлігі

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі;

Шаттық шеңберін жасату;

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу. (Ұшбұрыш,төрт бұрыш,дөңгелек)

Үй тапсырмасын тексеру; «Ыстық орындық»

Бағалау: «Бағдаршам»

 

Таратпа суреттер.

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ: «Миға шабуыл» Сұрақ-жауап.

Оқулықпен жұмыс: Тапсырма орындап көр.

1-тапсырма

Жазық фигураларды қызыл түспен, ал кеңістік фигураларын көк түспен бояңыз

және фигураларды атаңыз.

 

Дескриптор: Білім алушы

- жазық фигураларды табады және қызыл түспен бояйды;

- кеңістіктік денелерді анықтайды және көк түспен бояйды.

2-тапсырма

Кеңістік фигураларының атауын оқыңыз. Оларды суреттегі ұқсас заттармен

сәйкестендіріп сызыңыз.

 

   Дескриптор: Білім алушы

   - цилиндр пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді;

   - куб пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді;

   - шар пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді.

   Топтар бір-бірін бағалайды.

   Сергіту сәті: «Көңілді күн»

   Дәптермен жұмыс.

   Жұптар бір-бірін бағалайды.

 

Сабақтың соңы

Сабақты бекіту: «Бағдаршам» арқылы бағалау.

Жасыл-барлығын түсіндім сабақ ұнады.

Сары-түсінбеген тұстарым бар белсенді қатыса алмадым.

Қызыл-түсінбегенім көп.

Үй жұмысы: Келесі сабаққа дейін түрлі түсті картоннан геом фигуралар жасап келу.

«Бағдаршам» белгілері.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар беруге болады.

Өзін-өзі бағалау. Дене жаттығуларын жасау. Өзара топтық бағалау.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз