Садвакасова Гүлбайра Анашевна
Халықаралық «Мирас» мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пәні: қазақ тілі
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар «Ақсақ құлан" аңызы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Ақсақ құлан» туралы аңыздың мазмұнымен таныса отырып, ойларын ортаға сала білу, сөйлеу барысында қыстырма сөздерді қолдану, сөйлемдерді дұрыс құрастыру және алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрену.
Дамытушылық: Ынтымақтастықта жұмыс жасауға, өз ойын айтып, қорғай білуге үйрену, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ халқының ұлттық аспаптарына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеу, оларды бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс-тәсілдер: зерттеу, топтық жұмыс, ойтолғау
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, мультфильм, қима қағаздар
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка
Күтілетін нәтиже: ойларын толық, әрі нақты жеткізуге тырысады, қыстырма сөздер қолданып үйренеді, іздемпаздық қабілеттерін дамытады, сөйлемдерді дұрыс құрастырып үйренеді.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу, оқшылардың оқу - құралдарын тексеру, сабаққа психологиялық дайындық жасау.
Топқа бөлу: ұлттық аспаптардың қимасы беріледі, оларды дұрыс жинау арқылы топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру: Қазақ халқының ұлттық аспаптарының түрлерін біліп, олар туралы шағын презентация жасау
Бүгінгі сабақтың зерттеу тезисі : « Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра»
Жаңа сабақ:
Сабақты Құрманғазының күйін тыңдатыру арқылы бастау.
Балалар, қалай ойлайсыздар, біз неге сабақты күй тыңдаудан бастадық?
Бүгін сабақта не туралы айтамыз?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
Қазір тақтаға көңіл аударыңыздар.
Оқушыларға « Ақсақ құлан» мультфилімі көрсетіледі, одан кейін оқулықтан «Ақсақ құлан» аңызы оқылады. Түсінбей қалған жерлері болса, мұғалім түсіндіріп өтеді.
Оқушыларға білімдері қандай критерийлер арқылы бағаланатыны айтылып өтеді және бағалау парақшалары таратылады.
Топтық жұмыс: І топ «Жетіген» тобы Мультфильм мен мәтіннің ұқсастығын анықтап, дәптерлеріне жазып отырады.
ІІ топ «Қобыз» тобы Мультфильм мен мәтіннің айырмашылығын анықтап, дәптерлеріне жазып отырады.
Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру:
«Жетіген» тобы мульфильм мен мәтіннің ұқсастығын тауып, салыстырмалы түрде айтып шығады. Жұмысты қорғау барысында қыстырма сөздер қосып, ойларын толық жеткізуге тырысады. Мысалы, біздің топтың ойынша, шынында, біріншіден, екіншіден т.б.
ІІ топ бағалау қағаздарына дұрыс және дұрыс емес жерлерін түртіп отырады. (соңынан бір - бірін бағалайды)
«Қобыз» тобы мультфильм мен аңыздың қандай айырмашылығы бар екенін айтып өтеді.
Топтар бір-бірінің жұмысын тыңдап болғаннан соң, өзара қорғалған жұмыстарға баға береді. Топтар бір - бірін төмендегі талаптар бойынша бағалайды:
1. Салыстыру жұмысын жүргізу барысында нақты мысалдар келтіру
2. Топ мүшелерінің топта бірігіп жұмыс істей білуі
3. Қорғау барысында топ мүшелерінің сөйлемдерді құрыс құрастырып, ойларын толық жеткізуі
4. Қыстырма сөздерді дұрыс пайдалануы.
Сабақты бекіту:
Тапсырма
Қыстырма сөздерді пайдалана отырып,
І топ Мәтінде қандай тарихи деректер берілген? деген сұраққа ойтолғайды.
ІІ топ Мәтін бойынша табиғат туралы не айтуға болады? деген сұрақа ойтолғайды.
Өзара бағалау. Топтар бағалау парақшасына қойылған баллдарын есептей келе, жалпы балл санын айтады. Әр бөлім бойынша неге ондай балл қойғандарын түсіндіріп кетеді. Топ басшылары топ ішінде атқарған жұмыстары бойынша топ мүшелерін бағалап өтеді.
Сабақты қорытындылау:
Зерттеу тезисімен жұмыс: «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деген қанатты сөзді қалай түсінеміз. Оқушылар ойларын айтады және төмендегі сұрақтараға жауап береді. Қазіргі кезде қазақтар домбыраны қаншалықты қадірлейді. Әр үйдің төрінде ілулі тұрған домбыра көрік үшін ілінген бе? Ол ненің белгісі?
Сонымен бүгін сабақтан қандай ақпарат алдыңдар? Домбыраның қазақ халқы үшін маңызы қандай?
Балалар, күнделікті өмірде қыстырма сөздерді қолданудың қандай ұтымды жақтары бар?
Рефлексия
Мен бұрын ......................................................................................... білетінмін.
Мен бүгінгі сабақта ........................................................................... білдім.
Мен ...................................................................................................... білгім келеді.
Үй тапсырмасы: « Табиғат » тақырыбына эссе жазып келу
Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі бағалаған парақшасындағы бағаларды ескере отырып, мұғалім өз ойын қосып, оқушылармен талқылап баға қояды.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі