Өлең, жыр, ақындар

Күз

Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарыағаш ауданы
№21 Яссауи жалпы орта мектебі
Турлыбекова Алтынай Ауельбековна                                                             

 

Тексерілді                                ДОІЖ

Сабақтың тақырыбы: Күз

Уақыты:

Мұғалім:Тұрлыбекова А

     СЫНЫП:  3 «Ә »

  Қатысқан оқушылар  саны:

_____ оқушы

Қатыспаған оқушылар саны:  _____________

Сабақтың негізделген  мақсаттары:

Күз мезгілінің ерекшелігі,  істелінетін жұмыстар жайында, молшылық туралы түсініктерін кеңейту талдау.

Күтілетін нәтиже.         1-денгей (білу, түсіну)

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:. Жароковтың  «Күз» өлеңін мәнерлеп оқиды.

2-денгей (қолдану, талдау)

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:Тақырыпқа байланысты сурет салады және сипаттайды.

3-денгей (жинақтау, бағалау)

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады. Өлеңнің әр шумағын оқып, шумақтың мазмұнын ашады.

Тілдік мақсат:

Сөздердің  дұрыс айтылуы.

Ресурстар:

дүниетану ақ қағаз, бағалау жапсырмалары, доп және топ аттары.

Пәнаралық  байланыс:

әдебиеттік оқу, бейнелеу, дүниетану,  еңбекке баулу

Алдыңғы оқу

Күз

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ барысы және

 жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

3 минут

Оқушылармен сәлемдесу

Журнал толтыру, балаларды түгелдеу.

Шаттық шеңберін құру. Сыныптың                психологиялық ахуалын қалыптастыру:

Қол алысып, қане, біз.
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!

(Оқушылар топ құрып, бүгінгі өтілетін сабаққа бір-біріне жақсы тілек білдіру )

Топқа бірігу:

1-топ: «Береке күз»      

2-топ: «Алтын күз»     

3-топ: «Қара күз»

Бағалауды түсіндіру «Бес жұлдыз» әдісі

 

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ (5 минут)

        1-деңгей (білу түсіну):

Өтілген тарауды қайталау. Күз өлеңін жаттау.  

Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.

  2-деңгей  (қолдану талдау):

«Күз» әңгімесін оқып , түсінік айту

Дұрыс жауаптарға  2 балл қойылады

3-деңгей (жинақтау, бағалау):

 «Киіз үйдің кереметі»  тақырыпта  эссе жазып келу 

Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады.

ЖАҢА САБАҚ

15 минут

1-деңгей (білу, түсіну)                                                                             (білу түсіну):

Тайыр Жароковтың өмірі және шығармаларымен шығармаларымен таныстыру                                   

Тайыр Жароков - ақын, аудармашы, майдангер.

  Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жетісай ауылында дүниеге келген. Алғашқы өлең жинағы «Жұлдыз жарығы», деген атпен басылып шықты. «Тасқын», «Тастағы жазу», «Құмдағы дауыл» ден сияқты кітаптары жарық көрген. Көптеген туындыларды аударды.

 

Сергіту сәті    3 минут

«Сұрақ-жауап  әдісі»

Ой сергітеді, шаршағандары басылады

Сабақты бекіту  15 минут

1-деңгей (білу, түсіну)

   Суретке мәтін құрату

Жұптық  жұмыс. Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.

2-деңгей (қолдану, талдау)

  Тапсырма

1.  Тізбектей оқыту.

2. Жалғасын тап : Мақалды аяқта

Еңбек етсең ................ (емерсің)

          Еңбек етсең ерінбей ,

...................................(Тояды қарын тіленбей )

Еңбектің  наны тәтті ,

......................................(Жалқаудың жаны тәтті )

Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады

3-деңгей (шығармашылыққа, ғылыми  зерттеушілікке  бағытталған тапсырмалар)

                        Сұрақ-жауап

- 1- шумақта не туралы айтылған?      

- 2- шумақта не туралы айтылған?       

- 3- шумақта не туралы айтылған?

- 4- шумақта не туралы айтылыпты?    

Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

5 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

Өлеңді мәнерлеп оқу

Тапасырманы орындағанға «3» баға қойылады.

2-деңгей (қолдану, талдау)

Мазмұндау

Тапасырманы орындағанға «4» баға қойылады

3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)

Тақырыпқа байланысты эссе жазу.

Тапасырманы орындағанға «5» баға қойылады

Бағалау

 Топты және өзін-өзі бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

«Тілек ағашы»

Стикерлерді жабыстырады

  

 

                                                                           Рефлекция

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды.

 

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды.

 

Келесі сабақта өз жоспарыңызға  қандай өзгерістер енгізген болар  едіңіз.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз