Өлең, жыр, ақындар

Жергілікті жердің жоспарын құрастыру

Сабақ жоспары

                                                       

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 

 Ғалам. Жер. Адам_5.1С Жер бетін бейнелеу тәсілдері

Мектеп: Алматы қаласы  физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:  Есентаев Е.А

Сынып:   5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандарсаны:

 

Сабақ тақырыбы

Жергілікті жердің жоспарын құрастыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.5.3 тәсілдердің бірі бойынша жергілікті жердің түсірілімін (көз мөлшермен, полярлық, бағдарлық) жүзеге асырады

5.2.5.4 ресімдеу қағидаларына сәйкес жергілікті жердің қарапайым жоспарларын құрастырады

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

•          жергілікті жер жоспарларына түсінік бере отырып көрсетуді ауызша жүзеге асыра алады;

•          топографиялық диктантты жазбаша орындай алады;

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • шартты белгілерді қолдана отырып, өз аймағының жоспарын құрастыра алса;
  • жергілікті жердің түсірілімін жүзеге асыруда тәсілдердің бірін қолдана алса;

Тілдік  мақсаттар

 

Оқушылар:

•          жергілікті жер жоспарларының тағайындалуын, олардың жетекші белгілерін түсіндіре алады;

•          жергілікті жер жоспарларындағы географиялық нысандардың бейнелену тәсілдерін біледі, орындайды.

Пәндік лексика мен терминология:  

 •         көлденеңдер;

•          абсолютті биіктік;

•          азимут;

•          жергілікті жерде бағдарлау ;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

•          Жергілікті жер жоспары бойынша арақашықтықты есептеу үшін...

•          Жергілікті жер жоспарын құрастырған кезде төмендегідей талаптарды орындау міндетті...

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту:  топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында  оқушылар бір - біріне құрмет көрсету, бір –бірінен үйрену  арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Математика, геометрия, бейнелеу сабақтарымен байланыстыруға болады

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және карталар мен презентация қолдану барысында жүзеге асады.

Бастапқы білім

 

бастауыш сыныптағы «Дүниетану» ғылымынан алған білім, зерттеу түрлері тақырыбынан алған білімдер.

                                                   Сабақ барысы

кезеңдер

 

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 

 

Ресурстар

 

Сабақтың басы

     0-3 мин

    сәлемдесу
    түгелдеу
    ынтымақтастық атмосферасын құру

 

 

4-6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-11

 

 

12-22

минут

 

22-26

минут

27-30

 

31-35

36-38

 

(Т)  Оқушылар жергілікті жерді түсіру тәсілдерімен танысады: көз мөлшермен, полярлық, бағдарлық.

(М)   Мұғалім оқушыларды жергілікті жерді түсіру тәсілдері туралы мәтінмен қамтамасыз етеді.

(С) Оқушылар бейнеролик арқылы жергілікті жерді түсіру тәсілдерімен танысады.

(М)  Мұғалім мектеп аумағының сызбасында әрбір топ үшін солардың таңдауына сәйкес телімдерді анықтайды.

(Т)  Оқушылар түсірудің әрбір түрі үшін қажетті ресурстардың тізілімін анықтайды және қолда бар мүмкіндіктерді талдау негізінде ең қолайлы түрін таңдайды.

(М)   Мұғалім қолда бар ресурстарды растайды.

Оқушылар сыныпта жергілікті жерді түсіру үшін ресурстармен жұмыс істеудің жекелеген тәсілдерін меңгереді.

Видео көрсетіледі.

(Т) Оқушылар түсіру үшін мектептің белгілі бір аумағының бөлігін таңдайды.

(М)  Мұғалім топтарға әдістемелік қолдауды көрсетеді, оларды түсіру және деректерді тіркеу барысында түзетеді.

(Т) Әрбір топ мектеп аумағындағы өзінің бөлігін түсіруді жүзеге асырады, деректерді тіркейді.

 (М)  Мұғалім жергілікті жерді түсірудегі жұмыстың кейбір тәсілдерін көрсетеді.

Дала жұмыстарынан соң, әрбір топ сыныпта жергілікті жердің жоспарын құрады, оларды жоспарларға қойылатын талаптарға сәйкес ресімдейді және сыныпты өз жұмысының нәтижелерімен таныстырады.

Бөлім бойынша білімді топографиялық диктанттардың сериясы арқылы бекітуге болады.

(М)  Мұғалім оқушыларға жергілікті жер жоспары бойынша бағдарлау тәсілдерін түсіндіретін мәтіндік, графикалық немесе бейне материалдарын ұсынады.

Мұғалім кері байланыс нысанында бағыт береді, қажет болғанда-оқушыларды түзетеді.

Оқушылар бүкіл сыныпқа немесе жекелеген топтар үшін топографиялық диктантты өздері әзірлей алады. Мұғалім оларды оқыған соң, оқушылармен диктантты өткізуге рұқсат бере алады.

Презентация

1-4 слайдтар

 

 

 

 

5-6 слаидтар

http://geographyofrussia.com/semka-mestnosti/ (жергілікті жерді түсіру тәсілдері туралы ресурс)

 

http://geographyofrussia.com/sostavlenie-prostejshix-planov-mestnosti/ (жергілікті жерді түсіру тәсілдері туралы ресурс)

 

Флипчарт,

 Мәтін

 

 

http://www.timuriego.com/glazomernaya-semka-mestnosti.html

 

http://geo.1september.ru/article.php?ID=200204005

http://geodesy-bases.ru/topograficheskaya-semka-mestnosti/sostavlenie-plana-uchastka-mestnosti

 

Сабақтың соңы

38-40

Сабақты бекіту:

 INSERT  кестесін немесе түртіп алу кестесін беруге болады. Яғни оқушы келесі кестені толтырып, сабақты қалай түсінгенін жазады

Менің білетінім

Мен үшін жаңалық

Мені таң қалдырды

 

 

 


Үй жұмысы:

  1. «Жазғы демалыс» тақырыбында шартты белгілерді қолдана отырып географиялық диктант жазып келу

 

 

 

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
 

 

Қабілеті жоғары оқушыларға. Қосымша тапсырмалар беруге болады.

Бағалау критерийлері арқылы бағалау;

Өзін-өзі бағалау;

Өзара топтық бағалау

Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

 

Сабақ мақсаты дұрыс қойылып өз деңгейінде ашылды.

Оқушылардың барлығы макроәлем және микроәлем туралы толық ақпарат ала отырып оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ барысында уақыт жағынан ешқандай ауытқулар болған жоқ. Сабақ барысы уақыт бойынша жүріп отырды. Сабақ жоспарында ешқандай ауытқулар орын алған жоқ. Сабақта сәтті шыққан бөлігі оқушылардың бір-бірін бағалауы. Бұл кезеңде бағалаушы оқушының өзіне деген сенімділігі артып, бағалауға деген көзқарасы өзгерді. Алдағы уақыттада оқушыларды бір-бірін бағалатуға көп көңіл бөлуге тырысамын деген ойдамын.

Сабақтың барысында көңіл аударатын нәрсе: оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана алмауы, сондықтан алдағы сабақтарда қолдану дағдысын дамытуға арналған тапсырмаларды көбірек пайдаланамын.

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз