Өлең, жыр, ақындар

Егіншілік пен малшаруашылығы

                         Көкшетау қаласы
                         №17 орта мектеп-гимназиясы
                         бастауыш сынып мұғалімі
                         Нуртазина Кульман Аскеровна

 

4 Б-сынып.    Мұғалім: Нуртазина Кульман Аскеровна

Апта

Күні: 01.03.2017 жыл

Сабақ: Дүниетану

Сабақ тақырыбы

 Егіншілік пен малшаруашылығы

Сілтеме

Дүниетану оқулығы  4 сынып  Алматы 2015ж      

Авторлары:  Аймағамбетова  Қ. Ким Н.А.  Мырзақанова Г.Д. Напалкова Т.Г.

Әдістемелік құрал

Интернет желісі, Қазақстанның физикалық картасы. Сабақ  жоспары  Презентация, бейнеролик

Жалпы мақсаты

Қазақстандағы егіншілік пен  малшаруашылығы туралы ұғымдарын кеңейту. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Табиғатты қорғауға, адам еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

   Тақырыптың  маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады. Оқушының білімі тереңдейді.

Тақырыптың мазмұнын түсіну арқылы шығармашылық дағды қалыптасады.

Оқушының оқуда проблемаларды шешу қабілеті артады.

Негізгі идеялар

Қазақстандағы егіншілік пен малшаруашылығы туралы білу және олардың қандай пайдасы бар екендігін ұғындыру.

Тапсырмалар

(сабақтың жүрісі)     

үй тапсырмасы, қызығушылықты ояту кезеңі, мағынаны тану кезеңі, сергіту сәті, ой толғаныс кезеңі, рефлексия, үйге тапсырма, бағалау

Дереккөздер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; АКТ;

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Әдіс-тәсілдер:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; «Стикердегі диалог» әдісі,

 «Ой қозғау» әдісі, тест  топтық жұмыс

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Миға шабуыл, «Сәйкестендіру», «Семантикалық карта», «Концептуалды кесте»,

 

Қолпаштау, «басбармақ», Смайликтерді сөйлету, бағдаршам

Құрал – жабдықтар

АКТ құралдары: Интернет, мультимедиа, карта,  плакат, постер, түрлі – түсті бояу, ресурстар, стикер, топ ережесі

                                               Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастырушылық кезеңі

 

Кіріспе

 

Топтарға бөліну

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

І. Психологиялық дайындық.
Табиғат сен - тіршілік тұнып тұрған,
Сен - күнсің, көтеріліп күліп қырдан.
Сен - көлсің, сен өзенсің, сен ормансың,
Адамға сұлулықты сен ұқтырған – деп сабағымызды бастайық.

Табиғатта сезім де,құлақ та бар,

Ренжітсең күрсініп жылап та алар.

Аяласаң жаныңа шуақ тамар,

Қажығанда бойыңа қуат болар.

Тренинг.  Балалар шаттық шеңберге тұрады. Бәрі бірге:

І- топ. Егін шаруашылығы

ІІ- топ. Қой шаруашылығы

ІІІ – топ. Жылқы шаруашылығы

ІV- топ.  Түйе шаруашылығы

V – топ  Құс шаруашылығы

  Топ басшысын тағайындайды, топ ережесін шығарады.

Сабақтың мақсатын  қою

Қимылдайды, сабаққа деген қызығушылықтары артады. Көңілдері көтеріледі.

Балалар суреттерді алып, топқа қалай бөлінетіндіктерін тауып,

5 топқа бөлінеді.

топ ережесін шығарады.

Проблемалық сұрақ қою:

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы

5 мин    

Малшаруашылығы мен егін шаруашылығы бір-бірімен тығыз байланысты деп айтуға бола  ма? Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығында қандай мамандық иелері жұмыс істейді? Ауыл шаруашылығына не жатады?- сұрақтар арқылы  білімімізді тереңдетіп  толықтырмас бұрын сендермен үйге берілген тапсырманы тест арқылы тексеріп өтейік.

Тау өсімдіктері мен жануарлары.

Тест

Тау беткейінде нелер өседі?

а) алма,алша  ә )терек  б) балқарағай,майқарағай

Өзен,көл,батпақ не деп аталады?

а)көл     ә) су       б) суқойма

Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің ауысу заңдылығын не дейміз?

а)тау беткейі            ә)  биіктік белдеулері          б)  дала

Жер астында  терең орналасқан  суды қалай атайды?

а)  бұлақ        ә)  артезиан суы          б)  өзен

Мөлдір ағын сулар мен тоғандарда не өседі?

а)гүл      ә) балдырлар      б) жапырақ

Оқушылар

өткен тақырып бойынша стикердегі сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын бекітеді. 

Бірін - бірі бағалау.  

І- топ: Смайликтармен бағалау

ІІ – топ: Бағдаршам

арқылы бағалайды

ІІІ топ: Бармақпен бағалайды.

ІV- топ: Смайликтармен бағалайды.

Қызығушылықты ояту кезеңі   

 

 

 

4 мин

  1. ІV. Бейнеролик тамашалау.
  2. Жаңа сабаққа кіріспе.
  3. Оқушылар пікірін айтады.
    - Құс өсіру, көбейту дегенді қалай түсінесіңдер?
    - Қандай шаруашылықтарды білесіңдер?
    Сызба бойынша ауыл шаруашылығы салаларымен таныстырады.
    АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНА ... ЖАТАДЫ.
    1. Құс өсіреді ----- құс шаруашылығы
    2. Ара өсіреді ---- ара шаруашылығы
    3. Балық өсіреді ---- балық шаруашылы
    4. Жануарлар өсіреді ---- мал шаруашылығы
    5. Өсімдік өсіреді ------ өсімдік шаруашылығы
    Бір сөзбен қалай айтамыз
    АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
    Презентация арқылы.Егін алқабы

    - Қазақстан -  кең  байтақ  өлке.  Ол  Еуразияның  ең  ірі  мемлекеттерінің  бірі.Қазақстан  астыққа бай, түсінік беру.  
 (Дәптерге жаздыру)

2) Өзіміздің тұрған жерімізде қандай ауылшаруашылық  дақылдары  өсіріледі?
3) Өсімдіктерді өсіру үшін қандай жағдайлар керек?

4) Қызылкітапқа қандай өсімдіктер мен жануарлар кіреді?

 

 

 

Назар аударады.

Тыңдайды

Кітаптағы мәтінді оқып, танысады.

 

 «Ой қозғау»     

 

 

 

 

Жаңа сабақты

Негізгі

бөлім

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

«Зерттеушілік әңгіме» әдісі

Балалар, сіздер өз топтарыңыздың нені білдіретінін білесіздер ме? Ойланып көрейік, әр топ мүшесі осы шаруашылық туралы не білесіңдер?  Тақырып бойынша тапсырмалар беріледі:

  • 1 топ  Егіншілік туралы ақпарат жинау”
  • 2 топ  Қой шар- ғы туралы ақпарат жинау”
  • 3 топ  Жылқы шаруашылығы туралы ақпарат                 жинау”
  • 4 топ  Түйе шаруа- ғы  туралы ақпарат жинау                     
  • 5 топ  ” Құс шаруаш-ғы туралы ақпарат жинау. 

Сен білесің бе? Қосымша деректер топтарға таратылады

 - Тек екі жануар ғана мойын бұр­май-ақ артындағыны көре алады, олар - қоян мен тотықұс.

 - Түйеге қарағанда, керік шөлге шы­дамды келеді.

 - Көртышқан бір түннің ішінде 100 метрлік жерді қаза алады.

 - Ит онға жуық, мысық жүзден ас­там дыбыс түрін шығара алады. 

 - Түнде сауылған сиыр сүті ұйықтататын дәрі сияқты әсер етеді.

 - Жылқының сүйегі адамдікінен 18-ге артық.

 - Түйеге қарағанда егеуқұйрық шөлге төзімдірек. 

 - Жыландар қоректенбей үш жыл ұйықтай алады.

Бес жолды өлең

Оқушылар өздерінің білетіндерін айтып шығады. Суреттерін көрсетеді.

 

 

 

Топпен жұмыстанады. Балалар өз ойларын ашып айтып, ойларын дәлелдейді. Жұмыстың соңында топтар бірін – бірін бағалайды.

Түрткі сұраққа  жауап бере отырып, өз ойларын дәлелдейді.

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 Қорытындылау   Тест жұмысы.

1. Дүниежүзіндегі қойы көп ел –
А) Қазақстан
В) Ресей
С) Австралия
2. Елтаңбада қай түлік түрі бейнеленген?
А) Түйе
В) Қой
С) Жылқы
3. « Шөл дала кемесі» деп нені айтамыз?
А) Түйе
В) ешкі
С) Қой
4. Жылқы пірі
А) Ойсылқара
В) Зеңгі баба
С) Қамбарата
5. Әйгілі күріш өсіруші кім?
А) Шығанақ Берсиев
В) Ыбырай Жақаев
6. Тауықтәрізділерге қандай құс жатады?
А) қаз
В) тауық, күркетауық
С) шағала

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

Суреттер беріледі. (өз тобына байланысты)

Бүгінгі  сабақ туралы ойларын білдіреді.

     Бағалау

Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық.

Әр топтан бағалаушы оқушылар бағалау парағын тапсырады.

 

 

Ойларын жазады.  

Бағалау

Басбармақ әдісі арқылы бағалау Формативті бағалау. Әр топ жауап берген соң қолмен шапалақтап отырады, бірін – бірі ауызша бағалау.

Балалар басбармақ арқылы бағалайды.

Үйге тапсырма

   Егіншілік пен малшаруашылығы тақырыбын оқу, мазмұнын айту.

Күнделіктеріне үй тапсырмаларын жазып алады.

Келесі оқу

   Малшаруашылығын дамыту туралы қызықты материалдар жинастыру.

 

Сабақты талдау

   Топ жұмыстарын талдау, жеке жұмыстарын талдау.

 

Сабақтар бойынша өзгертулер

   (сабақты талдаудан шыққан ой–пікір.)

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз