| 
			 Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 11 сынып Мұғалімі: Шайханова Айнур Аблаевна өскемен қаласы, № 39 орта мектебі.  | 
		||
| 
			 Сабақ тақырыбы:  | 
			
			 ЕХРО – өнертапқыштар бәсекесі  | 
		|
| 
			 Білімділік: 
 Дамытушылық: Тәрбиелік:  | 
			
			 Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы ЕХРО көрмесі туралы толық ақпарат беруге үйрету. Қалау райды меңгерту. Қазақ тіліндегі мәтіндер арқылы оқушының сөйлеу дағдысын дамыту. Тілдесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлемдер негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеу.  | 
		|
| 
			 Сілтеме:  | 
			
			 Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.  | 
		|
| 
			 Жетістік критерийлері:  | 
			
			 Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): ЕХРО туралы ақпарат бере алады, оның ерекшелігін таныстыра алады. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қарапайым сөйлемдер арқылы ЕХРО көрмесін сипаттай алады. Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен ЕХРО көрмесі туралы мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы тілдесімге түседі.  | 
		|
| 
			 Негізгі түсініктер:  | 
			
			 Нарық, бәсекелестік, көрме, ұтқыр.  | 
		|
| 
			 Оқыту әдістері:  | 
			
			 Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, талдау, «Ыстық алақан» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, «Тірек сөздер» стратегиясы,  | 
		|
| 
			 Дереккөздер:  | 
			
			 Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.  | 
		|
| 
			 Тапсырмалар:  | 
		||
| 
			 Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:  | 
		||
| 
			 Тапсырма  | 
			
			 Мұғалімнің іс-әрекеті  | 
			
			 Оқушының іс-әрекеті  | 
		
| 
			 Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу  | 
			
			 Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді.  | 
			
			 Оқушылар «Ыстық алақан» тренингінің негізінде сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.  | 
		
| 
			 Өткен сабақты тексеру  | 
			
			 Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.  | 
			
			 Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.  | 
		
| 
			 І. Қызығушылықты ояту  | 
			
			 Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «ЕХРО» сөзіне ассоциаграмма құрғызады.  | 
			
			 Ассоциаграмма құрады.  | 
		
| 
			 ІІ. Мағынаны тану  | 
			
			 1. Сөздікпен жұмыс. Мұғалім тақтадан оқушыларды тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.  | 
			
			 Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттығады.  | 
		
| 
			 2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 2-тапсырмаларды орындатады.  | 
			
			 Жазылым. Айтылым. Өлеңді оқиды, сөйлемді толықтырады, етістікпен сөйлем құрайды, бұйрық райды шартты райға айналдырады, мақалдардан етістікті тауып, рай түріне қарай талдап жазады, сұраққа жауап береді.  | 
		|
| 
			 3. Грамматика. Қалау райды меңгертеді.  | 
			
			 Қалау райды меңгереді.  | 
		|
| 
			 
  | 
			
			 4. Мәтінмен жұмыс. А) Оқылым. Тыңдалым. Айтылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.  | 
			
			 Оқылым. Тыңдалым. Айтылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды, түсінгенін айтады. 
  | 
		
| 
			 
  | 
			
			 Ә) Айтылым. Жазылым. Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 5 тапсырманы орындатады. 
  | 
			
			 Айтылым. Жазылым. Оқылым. Айтылым. Ақпараттың дұрыс/дұрыс еместігін аңықтайды, етістіктерді қалау райға айналдырады. Сұрақтарға жауап береді, ойланады, айтады, етістіктерді қалау райлы тұлғада жазады.  | 
		
| 
			 ІІІ. Ойтолғаныс  | 
			
			 «ЕХРО» сөзіне синквейн кұрғызады  | 
			
			 Синквейн құрады.  | 
		
| 
			 IV. Бекіту  | 
			
			 Мәтін бойынша сұрақтар қоғызады.  | 
			
			 Қойылған сұрақтарға жауап береді.  | 
		
| 
			 V. Бағалау  | 
			
			 Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.  | 
		|
| 
			 VI. Үйге тапсырма  | 
			
			 Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау  | 
		|
| 
			 VII. Рефлексия  | 
			
			 Мұғалім түрлі желімқағаздар таратып береді.  | 
			
			 Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі.  | 
		
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі