Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 11 сынып Мұғалімі: Шайханова Айнур Аблаевна өскемен қаласы, № 39 орта мектебі. |
||
Сабақ тақырыбы: |
ЕХРО – өнертапқыштар бәсекесі |
|
Білімділік:
Дамытушылық: Тәрбиелік: |
Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы ЕХРО көрмесі туралы толық ақпарат беруге үйрету. Қалау райды меңгерту. Қазақ тіліндегі мәтіндер арқылы оқушының сөйлеу дағдысын дамыту. Тілдесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлемдер негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеу. |
|
Сілтеме: |
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы. |
|
Жетістік критерийлері: |
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): ЕХРО туралы ақпарат бере алады, оның ерекшелігін таныстыра алады. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қарапайым сөйлемдер арқылы ЕХРО көрмесін сипаттай алады. Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен ЕХРО көрмесі туралы мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы тілдесімге түседі. |
|
Негізгі түсініктер: |
Нарық, бәсекелестік, көрме, ұтқыр. |
|
Оқыту әдістері: |
Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, талдау, «Ыстық алақан» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, «Тірек сөздер» стратегиясы, |
|
Дереккөздер: |
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
|
Тапсырмалар: |
||
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: |
||
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді. |
Оқушылар «Ыстық алақан» тренингінің негізінде сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді. |
Өткен сабақты тексеру |
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. |
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
І. Қызығушылықты ояту |
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «ЕХРО» сөзіне ассоциаграмма құрғызады. |
Ассоциаграмма құрады. |
ІІ. Мағынаны тану |
1. Сөздікпен жұмыс. Мұғалім тақтадан оқушыларды тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. |
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттығады. |
2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 2-тапсырмаларды орындатады. |
Жазылым. Айтылым. Өлеңді оқиды, сөйлемді толықтырады, етістікпен сөйлем құрайды, бұйрық райды шартты райға айналдырады, мақалдардан етістікті тауып, рай түріне қарай талдап жазады, сұраққа жауап береді. |
|
3. Грамматика. Қалау райды меңгертеді. |
Қалау райды меңгереді. |
|
|
4. Мәтінмен жұмыс. А) Оқылым. Тыңдалым. Айтылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады. |
Оқылым. Тыңдалым. Айтылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды, түсінгенін айтады.
|
|
Ә) Айтылым. Жазылым. Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 5 тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Жазылым. Оқылым. Айтылым. Ақпараттың дұрыс/дұрыс еместігін аңықтайды, етістіктерді қалау райға айналдырады. Сұрақтарға жауап береді, ойланады, айтады, етістіктерді қалау райлы тұлғада жазады. |
ІІІ. Ойтолғаныс |
«ЕХРО» сөзіне синквейн кұрғызады |
Синквейн құрады. |
IV. Бекіту |
Мәтін бойынша сұрақтар қоғызады. |
Қойылған сұрақтарға жауап береді. |
V. Бағалау |
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. |
|
VI. Үйге тапсырма |
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау |
|
VII. Рефлексия |
Мұғалім түрлі желімқағаздар таратып береді. |
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі