Павлодар облысы
Шарбақты ауданы, Шалдай жалпы білім беру орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Пән мұғалімі: Мусинова Гульназ Бекболатовна
Сабақтың тақырыбы |
3 бөлім М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі |
||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты –жөні: Мусинова Гульназ Бекболатовна |
||||||||
Сынып:7 |
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||||||
Оқу мақсаты: |
Т/Ж1Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау |
||||||||
Сабақтың мақсаттары: |
Барлық оқушылар: - Шығармамен танысып,сюжеттік негізінде дамуын баяндайды; Көптеген оқушылар: - Сюжеттің бөлшектерін бір-бірінен ажыратады; Кейбір оқушылар: - Шығарманың бөлшектерін талдайды, сюжеттік желісі бойынша ұтымды ой айтады; |
||||||||
Бағалау критерийлері |
Шығарманың сюжеттік желісіне қарай талдап, дамуы бойынша баяндайды. |
||||||||
Тілдік мақсат |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Дала тағысы, жыртқыш, қатігез, табиғат перзенті, тақырып, идея, сюжет, Ыстықкөл, итаяқ, арлан. Диаолог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Тақырыпқа арналған суреттер: |
||||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: - - Жазушы әңгімені неге «Көксерек» деп атаған? Жазушы ойын қалай түсіндірер едің? - Қалай ойлайсың, әңгіме негізіндегі басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсы? |
||||||||
|
Не себепті.. деп ойлайсыз? Көксеректі жауыздыққа, соншама өшпенділікке баулыған нәрсе не? Әлде табиғаттың қатан заңы ма, қасқырлар әлемінің тіршілік заңы солай ма? |
||||||||
|
Ішінара: |
||||||||
Құндылықтарға баулу |
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы Құрмет, ашықтық, ынтымақтастық, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік |
||||||||
Пәнаралық байланыс |
Тарих, жаратылыстану, өнер |
||||||||
Алдыңғы оқу |
Стоп – кадр әдісі бойынша интербелсенді тақтадан шығармаларына байланысты суреттерді көрсету арқылы М.Әуезов туралы білетіндерін еске түсіреді. Мұхтар Әуезовтың шығармалары бойынша топқа бөлу «Біржан», «Боран» , «Әке мен бала», «Әбілмансұр» |
||||||||
Сабақ барысы |
Жоспар бойынша орындалатын іс әрекеттер |
Ресурстар |
|||||||
2 минут |
Ширату жаттығуы «Ой қозғау» әдісі «Қасқыр кек алды» эпизод көрсетіледі (1 минут), Бүгінгі өтетін шығарманың тақырыбын болжайды 1. Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ? 2. Эпизод пен шығарманың арасында қандай айырмашылық бар? |
https://youpartnerwsp.com/ru/join?57316 |
|||||||
15 минут |
Т.Ж 1- тапсырма. (Әр топ өз ара топ ішінде талқылап, қорғайды.) «Әдеби шеңбер әдісі» 1. Талқы себептері: «Көксерек» шығармасының мазмұны, сюжеті, автор позициясыбойынша 5 сұрақ құрастырады. 2. Белгілеуші- Шығарманың қай бөлімі ең маңызды екенін дәлелдеңіз. 3. Байланыстырушы- Мәтіндегі ақпараттың өмірмен байланысын табыңыз. 4. Қорытындылаушы- «Көксерек» шығармасында көтерілген мәселені қорытындылаңыз. Дескриптор
ҚБТабыс критерийлеріне сүйене отыра түрлі фигуралар бойынша өзара бағалау жүргізіледі. Тапсырма: Ж:Ж «Оқиға тауы» әдісі арқылы шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуын анықтаңыз, ретімен қойыңыз. Дескриптор:- - Шығармадағы эпизодтарды композициялық құрылымына жіктейді. - Шығарманың сюжеттік дамуын өз сөзімен әңгімелейді. Сюжеттік талдау. Оқиғаның басталуы: Сайдағы қасқырлар апаны. Екі аяқтылардың індегі бөлтіріктерге қиянаты. Оқиғаның байланысы: Көксеректің ауыл тұрғыны болуы, оның ауылда өсуі,мінез-құлқындағы қасқырға тән ерекшеліктері. Көксеректің өз тұқымын тануы, бірнеше рет жоғалып кету, қасқыр үйіріне қосылуы, Ақ қасқырмен жұп құруы. Шиеленісуі: Көксеректің Ақ қасқырмен қосылып төңіректегі ауылдарды шулатуы. Қорадағы қойларды жаралауы. Шарықтау шегі - Көксеректің Құмашты өлтіруі. Шығарманың шешімі: Аққасқаның Көксерекпен айқасы.Көксеректің өлімі. Құрмаштың әкесінің Көксеректі басқа теуіп, Құрмашын жоқтауы Ж:Ж Саралау тапсырмасы «Жуан және жіңішке» әдісін қолдану сұрақ қою мәнерін жетілдіреді. «Жіңішке» сұрақтар – бірсөзді жауап талап ететін сұрақтар. Ал «жуан» сауалдар – ойлауды, қосымша білімді тартатын, талдай білудіталап ететін сұрақтар. - Мұхтар Әуеов әңгімені неге «Көксерек» деп атаған, жазушы ойын қалай түсіндірер едіңіз? (Жазушы шығарманы «Көксерек» деп атағанмен, мұнда қасқыр тағдыры ғана сөз болмайды, адам мен табиғат арасындағы күрделі өзекті мәселе көтеріледі.) - Әңгіме негізіндегі басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсы деп ойлайсыңыз?( Табиғатқа жасалған қиянат) - Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма? (Ақтауға болмайды. Себебі жазушы өз шығармасында табиғатқа қиянат келтіргендерді «екі аяқтылар» деп суреттеген.) Табиғатқа қиянат келтіру, оның тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар? (табиғатқа қиянат жасау, оның тыныштығын бұзу мәселесі-қауіпті мәселе). -Әңгіме қалай аяқталады? Қарғыспен аяқтауына не себеп? Әженің қарғысымен аяқталады. Әженің қарғысы-заңғар жазушының озбырлыққа пен қаталдыққа деген қарғысы). -.Бұдан нені ұғамыз? Жазушы неге үндейді? (Жазушы жер бетіндегі тіршілікті татулыққа -Көксеректі жауыздыққа, соншама өшпенділікке баулыған нәрсе не? Әлде табиғаттың қатан заңы ма, қасқырлар әлемінің тіршілік заңы солай ма? Дескриптор: -Оқушылар диалогқа түсіп, берілген жуан сұрақтарға тура жауап қайтармай, ой елегінен өткізіп, сыни пікір айтады. Қ.Б «Жұдырық-алақан» әдісі арқылы бағаланады. – Мақсатқа толықтай қол жеткізсе ашық алақан. - Жартылай әлі де толықтай жұмыс істеу керек десе, үш саусағын жоғары көтереді. - Елеусіз ғана табысқа жеттім деп есептесе, жұдырығын көрсетеді. |
lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwie-Zjz5dvUAhUtSJoKHZgHDhAQ_AUICig B&biw=1366&bih=662#imgrc=wAWtZH0 |
|||||||
|
«Детальдарын қосу» әдісі. Командада жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда жұлдызша алады Бастапқы сөйлемнің мысалы:Біз бүгін сабақта қаақ халқының заңғар жазушысы М. Әуезовтың «Көксерек» шығармасымен таныстық. Келесі оқушы шығарманың атауы «Көксерек» деп аталғанмен, мұнда қасқыр тағдыры ғана сөз болмайды, адам мен табиғат арасындағы күрделі өзекті мәселе көтерілгеніне көзім жетті. Қ:Б
Кері байланыс Көп нұсқалы жауап талап ететін сұрақтар: 1. Неліктен қиын болды? 2. Сабақтан не алдыңыз, не білдіңіз? 3. Сабақтан күткеніңіз расталды ма? 4. Сабақ ненің төңірегінде ойлануға мәжбүр етеді? Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі бойынша «Маған 3 нәрсені айт» кері байланыс парағы берілді. Оқушылар Сабақта не өттік? Неден табысқа жеттім? Нені терең білгің келеді? деген сауалдарға жауап береді
|
||||||||
|
Қосымша ақпарат: |
||||||||
Саралау оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға |
Бағалау –оқушы білімін Тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||
Жуан және жіңішке» әдісін қолдану сұрақ қою мәнерін жетілдіреді.«Жіңішке» сұрақтар – бірсөзді жауап талап ететін сұрақтар. Ал «жуан» сауалдар – ойлауды, қосымша білімді тартатын, талдай білуді талап ететін сұрақтар.
|
ҚБТабыс критерийлеріне сүйене отыра түрлі фигуралар бойынша өзара бағалау жүргізіледі. Қ.Б «Жұдырық-алақан» әдісі арқылы бағаланады. – Мақсатқа толықтай қол жеткізсе ашық алақан. - Жартылай әлі де толықтай жұмыс істеу керек десе, үш саусағын жоғары көтереді. - Елеусіз ғана табысқа жеттім деп есептесе, жұдырығын көрсетеді. |
|
|||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
Өткізген сабақ туралы ойлану үшін төмендегі орынды пайдаланыңыз. Сол жақтағы сіздің сабағыңызға қатысты сұрақтарға жауап беріңіз. |
Жолдасова Гүлнара
Мусинова Гульназ Бекболатовна !!! Рахмет сізге, өте жақсы жоспарланған сабақ. Бастысы жаңартылған мазмұн бойынша жаңа әдістерді қолданыпсыз. Менің де осы тақырыпта сабақ өтуіме пайдасы тиеді деп үміттенемін.
Гүлназ Сағынайқызы.Қызылорда облысы
Гүлназ Бекболатқызы, жоспарыңызға қарап "шебер мұғалім" деп бағаладым.
Рахмет
Жоспар өте жақсы құрастырылған
Myrza
Өте керемет өлең