Өлең, жыр, ақындар

Қайталау

№195 жалпы білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Олжаева Мадина Максутовна

Математика
Уақыты: 10.10.2017
Сабақтың тақырыбы: Қайталау.
Сілтеме: Математика оқулығының әдістемесі, ғаламтор
Сабақтың жабдығы: суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Жалпы мақсаттар:
Оқыту нәтижесі
білімділік: оқушыларға есептер шығаруда өрнектерді ықшамдап, формулаға келтіруді меңгерту.
дамытушылық: оқушылардың логикалық жылдам ойлау қабілеттерін арттыру.
тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылықа, жауапкершілікке, есеп шығаруда шыдамдылық пен төзімділікке баулу.
Оқыту құрал-жабдықтары: оқулық
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті

Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу
Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.
Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы
Балалар, бір – біріңе қарап  жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау
Көбейту кестесін еске түсіру
Өтілген материалдарды қайталау сұрақтары:
1.    Математикалық өрнектерді атаңдар?
2.    Әріпті өрнектерге қандай өрнектер жатады?
3.    Қосудың ауытырымдылық қаситінің тұжырымдамасын айтыңдар?
4.    Периметр дегеніміз не?
5.    Көлем қандай формуламен есептеледі?
Оқушылар ауызша орындайды
Жаңа сабақ
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындауту.
Дәптермен жұмыс.
Шығармашылық тапсырма:
№1 тапсырма

1. Бөртегүл ағашының бұтағында 4 күлтеден тұратын 35 гүл бар. Барлық күлтелердің саны 153. Сонда 5 күлтелі гүлдер нешеу екенін тап.
2. Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, менде 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған?
3. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш - үштен, ұлдарына екі - екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап.
4. Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?
5. Бал салынған қалбырдың салмағы 500 грамм. Жермай құйылған дәл сондай қалбырдың салмағы 350 грамм. Жермай балдан екі есе жеңіл, сонда қалбырдың салмағы қанша?
6. Үш сөмкеде екі ондық дәптер бар. Бірақ біреуіндегі дәптерлер басқа сөмкелерден екі есе аз. Әр сөмкеде қанша дәптер бар екенін тап.
7. Егер әмияндағы бар ақшаға сол ақшаның үшінші бөлігіндей тағы сан қосса, 680 тенге болар еді. әмиянда қанша ақша болған?
8. Бір санды 6 - ға көбейтудің орнына 6 - ға бөліп қойды. Сонда 15 шықты. Дұрыс жауап қалай болу керек еді?
9. Қағазға 12 санын бір таңбалармен жауабы 7 шығатындай етіп бөл.
10. Туристер жолдың төрттен бір бөлігін және 8 км жолды жүріп өткенде, әлі жолдың екі бөлігі мен 2 км жол жүру керек еді. Барлық жолдың ұзындығы қанша?
Сергіту сәті
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Ой толғаныс
Сабақты бекіту

Бүгінгі сабақта біз не істедік?
Саған қайсы тапсырма қиын болды?
Үй тапсырмасы
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау
Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау.


Пікірлер (2)

Еламан

Қағазға 12 санын бір таңбалармен жауабы 7 шығатындай етіп бөл. Осы сурактын жауабы калай? Мүмкін мен берілгенін дұрыс түсінбей турган шыгармын

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз