Кішкентай кезімде көрші үйде бір мұғалім тұратын. Сол мұғалім бірде қызы мен шешесін алып, Қарағанды қаласына көшіп кетті. Бірде жазғы демалыс кезінде көшіп кеткен мұғалім біздің үйге қонаққа келді. Келе сала Қарағанды қаласының өте әдемі және болашағы зор қала деп мақтап, ата- анамды көшуге үгіттеді. Сонда анамның айтқаны: «осы ауылда тудым, осы ауылда тұрмыс құрдым, балаларым бар, біз ешқайда да көшпейміз». Біз жазғы демалыста қалаға демалуға барамыз. Ал қалалықтар керсінше жаз бойы ауылда жүреді. Кезінде көшіп кеткен адамдар қазір ауылымызға жиі келіп тұрады. Біздің үйге келіп, ата-анмызбен жас кездеріндегі оқиғаларды еске түсіріп, біраз мауқын басады.
Туған жердің ыстығы ешқашан өн- бойыңнан кетпейді. Әсіресе басқа жақта жерлесінді кездестірсең, ауылдағы болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды сұрай бастайды. Себебі, қай жақта жүрсе де адам өз туған жерін ұмытпайды, әрдайым сағынып жүреді. Менің студент ағам апта сайын үйге келіп тұрады. «Қала жақсы, бірақ туған ауылыңа не жетсін!» дейді. Әр мереке-мейрамдарда ауылдың бетке ұстар азаматтары қарт әжелер мен ақсақалдарға мерекелік дастархан әзірлеп, іс шара өткізеді. Ауылдың шаруашылық қожалықтары көпбалалы отбасыларға әр мереке сайын сыйлық жасап, көңілдерін көтереді. Осылай ауылымыз күн сайын өз шапағатын өз тұрғындарына беруде. Біз мектеп атынан концертін беріп тұрамыз. Күн сайын ата-анамыз ауылдың амандығын, Отанның тыныштығын тілейді. Қызықты балалалық шағым өтіп жатқан ауылым көркейе берсе гой! Ауылым Астананың жанында орналасқандықтан, кешкі уақытта Елорданың шамы жарқырайды. Туған жерім Қазақстанның қақ ортасында деуге де болады. Бұрын Қарағанды қаласына жиі қыдырып баратынбыз, ал енді әр мереке сайын Елордамыз Астанаға жиі барамыз. Ауылымда тек мен ғана туған жоқпын, ата-анам, әжем мен атам, аға-әпкелерім де туып өскен. Сондықтан мен өскенде осы туған жерімді көркейтуге барынша ат салысамын, күш-жүгерімді аямаймын. Осы ауылдан кезінде диқандар миллиондап астық алған. Осы астық алған жылдары жайлы мақала «Қарағанды облысы» атты энциклопедияға да шыққан.
Менің ауылымның суы жан-жақтағы ауылдарға арағанда ең тұщы, жері құнарлы. Ауылымнан биік мәртебеге ие болған азаматтар да аз емес. Мәселен, биыл жерлесіміз, Абайтанушы, доцент, филология ғылымдарының кандидаты Темірбеков Омар Жәлелұлы ауылымыздың мектебіне келіп, кітабын презентациялады. Ең бірінші шыққан кітаптарын алғашқы ұстазына және мектепке сыйлады. Бізге, болашақ ұрпаққа үлгі болатындай қаншама нақыл сөздер айтты. Үлгі боларлық азаматтың кітабының алғашқы бетінде туған ауылы мен ата-анасы жайлы жазылыпты. Бетке ұстар саналы азамат кітабын туған ауылының төріне келіп ашқанына мен риза болдым. Міне осындай азаматтар тұрғанда ауылымыз әрдайым жақсы жақтан көрініп, алты алашқа аты шығады. Әр азамат туған жерінің, елінің өткені мен бүгінін, ертеңі мен болашағына көз жүгіртіп, тарихын ұмытпауы керек. туған жеріміз қай-қайсымызға болсын ыстық.
Өз елін, жерін қастерлемеген адам Отанының патриоты бола алмайды. Әр азаматқа тән қасиет – Отаншыл болу. Сондықтан, кішкентай ғана ауылымызды көркейту біздің, яғни, болашақ ұрпақтың қолында. Қазір мектепте оқып жатсақ та рухани жағынан қол ұшын берудеміз. Отанға деген көмегіміз ата-ананы құрметтеу, сабақты жақсы оқып, болашақта ел үмітін ақтау. Мен бүгін армандап отырсам да, ол ертеңгі болашағым болады. Біз туған жердің қадірін қазір түсінбесек, ертең кеш болуы мүмкін. Тай-құлындай тебіскен, құрбылармен бірге кештерді өткізіп жүрген ауылымызға не жетсін!
Тіліміз, дініміз бір Қазақстан дейтін Отанымыздың ішіндегі ауылды көркейту басты арманым. Арманым орындалғанша күш-жігерімді аямай, сабақты жақсы оқып, ата-ана үмітін ақтап, білімге ұмтыламын. Себебі, қазір жаңа технологиялар дәуірінде білім мен ғылымның қосар үлесі адамзатқа мол. Туған өлкесін сүйетін кім? Туған жерін, елін сүйетін азаматтар – біздер. Әрбір азамат асқақ сезіммен, мақтанышпен айталады, өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен, ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, береке-бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз.
Біз Тәуелсіздікке қол жеткізіп, ешкімге тәуелді болмай, еркін өмір сүріп келеміз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі