Өлең, жыр, ақындар

Қосарлама қос сөз

Сабақтың тақырыбы: Қосарлама қос сөздер
Мақсаты: Қайталама қос сөздерді қайталата отырып, қосарлама қос сөздерді меңгерту, сауатты жазуға, сөйлемді дұрыс құрай білуге, қосарлама қос сөздерді пайдалана отырып, дыбыстық талдау жүргізу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, суретпен жұмыс, салыстыру
Пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет
Көрнекілігі: флипчарт.
Күтілетін нәтиже:
Оқушы қосарлама қос сөздерді меңгереді;
Мысал келтіріп, оның жасалуын ажырата алады;
Қосарлама қос сөздерді пайдалан отырып, фонетикалық талдау жүргізеді

Сабақтың барысы
1 Психологиялық дайындық:

2 Қызығушылықты ояту :  «Кубизм» стратегиясы бойынша  

1- қырының тапсырмасы : Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді?

2- қырының  тапсырмасы : Күрделі сөздердің түрлерін ата

3-қырының тапсырмасы : Қос сөз дегеніміз не?

4-қырының  сұрағы: Қос сөздер нешеге бөлінеді , оларды ата ?

5- қырының сұрағы : Қайталама қос сөз дегеніміз не ?

          6- қырының сұрағы : Қайталама қос сөздер қалай жасалады

3 Мағынаны тану. Оқушылар жаңа тақырыпты оқулықтан оқып өздері бір-біріне түсіндіреді

1-топ.

2-топ

3-топ

4-топ


Экранда жазулы тұрған өлеңді бір оқушыға оқыту. Осы өлеңде кездесіп тұрған қос сөздерді атайық


Арасында құлын - тай
Айнала шауып бұлтылдап
Жоғары - төмен үйрек - қаз
Ұшып тұрса сымпылдап,
Қыз - келіншек үй тігер
Бұрала басып былқылдап
Абай.
Құлын - тай, жоғары - төмен, үйрек - қаз, қыз - келіншек
/Осы жерде қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөзді салыстырмалы түрде жазып ережесін шығару/

Құлын - тай
Жоғары - төмен
Үйрек - қаз
Қыз - келіншек
көре - көре
жарқ - жұрқ
Үйді - үйге
өз - өзіне

- Бұл сөздер қалай жасалып тұр?
- Неше түбірден қосарланған?

Оқулықпен жұмыс
55 - жаттығу. Қосарлама қос сөздерді көшіріп жазып,олардың қалай жасалғанын айт, дефис арқылы жазылатынына көңіл аудар. Тақтамен жұмыс

«Жалғасын тап» ойыны
дос -............
егжей -.........
..........- жарақ
сәлем -........
..........- насихат
..........- сарсаң
..........- келбет
әрі -...............
ығы -........

Фонетикалық талдау
4 топқа тапсырма
1 - топ: қысы-жазы
2 - топ: бала-шаға

3 - топ: Ығы - жығы

4-топ.: оқу-ағарту

 


Суретпен жұмыс
2 сурет беріліп, оқушылар өз таңдауы бойынша қос сөздерді қатыстырып әңгіме құрайды.

Бекіту: Мысалдар                  Қайталама қос сөздер          Қосарлама қос сөздер
1. Әрең-әрең +
2. Жалт-жалт +
3. Кәрі-жас +
4. Құрт-құмырысқа +
5. Орынды-орынсыз +
6. Аяқ-табақ +
7. Әке-шеше +
8. Оқта-текте +
9. Үп-үлкен +
10. Апалы-сіңілі +
11. Мөлт-мөлт +
12. Мая-мая +
13. Ата-ана +
14. Көзбе-көз
15. Оқта-текте +

Ой толғаныс:
1 . Қосарлама қос сөздерінің анықтамасын айту, мысал келтіру.
2 . Қосарлама қос сөздердің жасалу түрін айт
3 . Қосарлама қос сөздердің жасалуына сай мысал келтіру

Үйге тапсырма: №59. Мәтінді көшіріп жазып, қос сөздердің арасына дефис қойыңдар.Еережелерді жаттау
Бағалау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз