Өлең, жыр, ақындар

Метрополитен. Зат есімнің түрлері.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар атауы:

5.7.7. Көлік және жол белгілері

Сабақ: №66

Мектеп:Абай атындағы №138 орта мектеп

Күні: 15.02.2018 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Пірімова Ә.Ә.

Сынып: 5 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы:

Метрополитен. Зат есімнің түрлері

Сабақ негізделген оқу мақсаты

5.О5.Мәтін  мазмұнын түсінуге,  нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

5.ӘТН.4.2.  Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:  Мәтін мазмұнын баяндайды, мәтін бойынша сұрақтар дайындайды, зат есімнің мағыналық түрлерін атайды.

Оқушылардың көпшілігі істей алады: мәтін мазмұнын түсініп, мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтарды құрастырады,  зат есімнің мағыналық түрлерін ажыратып, тұжырымдайды.

Кейбір оқушылар істей алады: Мәтін мазмұнын оңтайлы меңгереді, мәтіндегі негізгі, қосымша ақпаратты анықтауға бағытталған жоғары деңгейлі сұрақтар дайындайды,  оқыту мен оқуда көшбасшылық танытады, зат есімнің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында трүлендіріп қолданады.

Бағалау критерийлері

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

Зат есімнің мағыналық түрлерін ажыратады, тиісті қосымшаны жалғап, түрлендіреді.

Пәнаралық байланыс

География

 

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):  метрополитен, зат есім, зат есімнің мағыналық түрлері, жалпы есім, жалқы есім, деректі зат есім, дерексіз зат есім.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Берілген сөзге ассоциация жасайды.

Мәтіндегі тірек сөздерді жазады.

Қарапайым және проблемалық сұрақтар құрастырады.

3-тапсырманы орындайды.

Зат есімнің мағыналық түрлерін мәнмәтін негізінде түрлендіріп жазады.

Үлгерімі төмен оқушы семантикалық картаны толтырады.

Дарынды және талантты оқушы сөзге сатылай кешенді морфологиялық талдау жасайды.

Рефлексия жазады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қоғамдық көлік түрлеріне нелер жатады?

 Суреттегі көлік қалай аталады?

«Сен-маған, мен-саған» ойыны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Зат есімнің мағыналық түрлерін қалай ажыратуға болады?

Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:

     Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттар бойынша және өмірмен байланыстырып проблемалық сұрақтар дайындайды.

АКТ қолдану дағдылары

Бейнематериал, таратпа ресурстар

Алдыңғы оқу

Автокөліктер тарихы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

         Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен  қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Басы

2мин.

 

Ұйымдастыру кезеңі.

 «Тілектер жауыны» тренигі арқылы жағымды психологиялық ахуал туғызу.

    Оқушыларды «Білім бекетіне» жету үшін билет алу арқылы топтастыру.

1-топ: автобус билеттерін алған жолаушылар

2-топ: пойыз билеттерін алған жолаушылар

3-топ: ұшақ билеттерін алған жолаушылар

 

Қима қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

3мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10м.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10м.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5мин.

 

 

 

 

 

5мин.

Үй тапсырмасын тексеру.

   1-бекет.    Белгілі бір көліктің тарихы туралы дереккөздерден мәлімет жинап, жазу. (оқушы жұмысын жинап алып тексеремін).

 

2-бекет. Ой қозғау.  Ассоциация жасау.

                               Кеме

 

 

Қоғамдық көлік түрлері

Овал: Қоғамдық көлік түрлеріАвтобус                                              Пойыз

 

   

                                                       

 

           
 
   
   
 

 

 

 

Трамвай                                            Ұшақ

 

                             Метро т.б.

3-бекет. Оқылымалды тапсырма. Мозаикадағы суретті құрастыру арқылы оның не екенін табу. Сол арқылы жаңа сабаққа бағыттау.

Мадақтау сөздері арқылы бағалау.

4-бекет. Оқылым тапсырмасы. Топтық жұмыс.  Оқулықтағы 145-беттегі 1-тапсырмадағы берілген мәтінді оқу.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

   А. 1-топ «Кластер» әдісімен мәтіндегі тірек сөздерді ретімен жазады.

2-топ. Алдын ала ұсынылған суреттерді мәтін мазмұны бойынша ретімен орналастырып, баяндайды.

3-топ. Метроның артықшылықтарын дәлелдейді.

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.

  5-бекет.  Ә. Мәтінді оқыған соң оқушылар сұрақтар әзірлейді.

 1 – топ. Мәтін мазмұнын білу, түсіну деңгейіндегі сұрақтарды әзірлейді.

2 – топ. Мәтін мазмұнын қазіргі өмірмен байланыстыра отырып проблемалық сұрақ қояды.

3-топ. Жуан және жіңішке сұрақтар әзірлейді.

«Сен-маған, мен-саған» ойыны.

     Мұғалімнің қолындағы қорапқа әр оқушы өзінің сұрақтарын салады. Кейін мұғалім оқушыларға қорапты қайта ұсынады. Әр оқушы қораптан бір сұрақтан алып жауап беруге дайындалады.

Мадақтау сөздері бағалау.

Тақтамен жұмыс. Берілген сөйлемдерден зат есімдерді тауып, астын сызыңдар.

  Сәуле бүгін бірінші рет метроға мінді. Алматы метросында Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйі орындалып тұрды. Күй жолаушыларды  сырлы сезімге бөледі.

Проблемалық сұрақтар:

< >Аталған зат есімдердің ішінде нақтылыЖолаушылар- Сәуле, қала атауыНеліктен адам, қала, шығарма атауларыТұжырымдау.

 

Бізді қоршаған ортадағы заттар мен

құбылыстардың танылуы, қабылдануы әр түрлі болады. Қазақ тілінде адамға және оның кәсібі мен мамандығына, айналысатын ісіне қатысты зат есім сөздерге ғана кім? деген сұрақ қойылады. Зат атауларын анықтайтын, кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер тілде өте көп. Бұлар жалпылама заттың, құбылыстың, кәсіптің аттары болғанымен, әр заттың ұғымдық, түсініктік, танымдық т.б. жақтарынан ерекшеліктері болады. Қазақ тілінде оларды жалпы және жалқы, деректі және дерексіз деп бөлу қалыптасқан. Зат есім білдіретін мағынасына қарай жалпы есім, жалқы есім және деректі, дерексіз зат есім болып бөлінеді.

     Біртектес заттардың барлығына ортақ атауларды жалпы есімдер деп атайды. Мысалы: көл, бала, қала,  кітап.

    Белгілі бір затқа ғана берілген атауларды жалқы есімдер деп атайды. Мысалы: Балқаш, Асан, Алматы, «Көшпенділер»

Жалқы есімдердің негізгі түрлері:

< >Адамның аты-жөні: Нұрғиса Тілендиев,Географиялық, астрономиялық атаулар: Газет, журнал, кітап, ән, күй аттары:Мекеме, ұйым, қоғам, өндіріс аттары:Мал мен хайуанаттарға қойылған аттар:

    

        Мысалдар

 

 

 

жалпы

жалқы

деректі

дерексіз

 Метрополитен

 

 

 

 

 Жетістік

 

 

 

 

 «Байқоңыр» бекеті

 

 

 

 

 Құрылысшылар

 

 

 

 

Лондон

 

 

 

 

 

Дарынды және талантты оқушымен жұмыс.

< >Әлемдегі ең жас метрополитен қай қалада?Берген жауабыңызға сатылай кешенді морфологиялық талдау жасаңыз.

 

Плакат, маркер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

www.massaget.kz

 

 

 

 

плакат, маркер, суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорап

 

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақта, флипчарт

 

 

Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі оқулығы

 

 

Үлестірмелі қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семантикалық карта

 

 

 

 

 

 

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=38816

Таратпалар

 

 

Соңы

 

 

2мин.

Бекеттердегі тапсырмаларды толық орындаған топ «Білім бекетіне» жетіп, білім кілтін алады.

Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан түйген ойын жазады.

Үй тапсырмасы.

4,5-тапсырма.

 

 

Бағдаршам үлгілері

Қосымша  ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

 Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Тақырып бойынша қосымша ақпараттар жинастыруды тапсырамын.

Топтық, жұптық, жеке тапсырмалар беру арқылы

 

География

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

 

Әлемдегі және Қазақстандағы метрополитен, зат есімнің мағыналық түрлерін білді.

 

Иә.

 

Тапсырмаларды уақытты есепке ала отырып дайындадым.

Проблемалық сұрақ қою арқылы өз бетінше шешім шығаруға байланысты түзетулер енгіздім.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

  1. Лексикалық тақырыптың қызықтығы

 

  1. Проблемалық сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты оқушылардың өздерінің түсінуі

 

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

  1. Оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмаларды бөліп беру

 

  1. Топтық жұмыстарды түрлендіріп ұйымдастыру

Сабақ барысында  сынып немесе жекелеген оқушылар туралы  келесі сабағымды жетілдіруге не  көмектесетін  білдім?

   Оқушылардың өздеріне сұрақ құрастырғызу, мәтінді тұжырымдауына бағыттау келесі сабақты да одан әрі қызықты, нәтижелі өтуіме көмектесетінін білдім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз