Өлең, жыр, ақындар

Сызықтық теңдеуді табуды үйрену

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Абай а\ә
№25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
математика пәні мұғалімі Темірбекова Гулжан Нақыпбековна

5-6 сыныптарды қайталау

№25 Г.Титов атындағы жом кмм

Күні: 

Мұғалімнің аты-жөні: Темірбекова Гулжан Нақыпбековна

Сынып: 7

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.2.2.1 сызықтық теңдеуді табуды үйрену (түбірлердің санын анықтайды);

Сабақтың мақсаты

Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдану

Жетістік критерийлері

Оқушылар осы тақырып бойынша білу, түсіну, қолдану дағдыларын қалыптастыруы тиіс.

Тілдік мақсат

Осы тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әдебиеттердегі материалдарды меңгере алады. Ол үшін мынадай сөздіктер қолданамын.

Қазақша

Русский

English

Қосынды

Сумма

The sum

Сан және бөлшектерге есептер

Задачи на дробь и числа

Number and  fraction problems

Мәтін есептер

Текстовые задачи

Written problems

Жұп

Четный

Even

Тақ

Нечетный

Odd

Тізбектес бүтін сандар

Последовательные целые числа

Consecutive integer

Шешімі

Решение

Solution

Сияқты Үлкенірек

Больше

As large as

Құндылықтарды дамыту

Әділдікке, патриоттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту

Пәнаралық байланыс

Геометрия, тұрмыста қолдана алу

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақста, интернет ресурстары (сайттар, видеолар, есептер), таратпа материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар, фигуралар

Бастапқы  білім

 

   Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы

5  минут

Ұйымдастыру сәті

Үй жұмысын тексеру

Математикалық логикалық есептер беру арқылы «Миға шабуыл»

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім Практикалық жұмыс.

Тақырыпты ашу

10 минут

 

 

http://interneturok.ru/ru/school/algebra/7-klass

 

Топпен жұмыс

25  минут

 

 

 

 

1. Бірінші бассейнге 100 л су құйылған, ал екіншісіне 150л. Әрбір сағат сайын бірінші бассейнге 15л, ал екіншісіне 5л су құйылады. Қай уақытта бірінші бассейндегі су екіншісіне қарағанда артық болады?

   А) x≥5   В) x>5   С) x≤5   D) x<5   E) x=5

2. Ара қашықтығы900 кмболатын Aқтөбеқаласынан Орынборқаласына автомобиль шықты. Егер автомобиль жарты жолды 90 км/сағ,ал қалған жолды 75 км/сағ жылдамдықпенжүріп өтсе, ол барлық жолға қанша уақыт жұмсады?

   А) 7   В) 8    С) 9    D) 10   E) 11

3. Төртбұрыштың ұзындығы 11 см. Қабырғасы 8 см шаршының периметрінен осы төртбұрыштың периметрі кем болу үшін, ені қандай болу керек?

   А) 1    В) 2    С) 3     D) 4   E) 5

4. Бірінші бассейнде 1600м3 , екінші бассейнде 1215 м3  су бар. Бірінші бассейнді тазарту үшін одан сағатына 65 м су насоспен сыртқа ағызылды. Екінші бассейнге сағатына 45 м3 су насоспен құйылды. Екі насос жұмыстарын бір уақытта бастаса, неше сағаттан соң екі бассейндегі су көлемі теңеседі?

  А) 2,5   В) 3   С) 3,5    D) 4     E) 4,5

5. Екі санның қосындысы 348- ге тең. Бірінші санның  80%-і екінші саннан 6-ға кем. Бірінші санды табыңыз.

   А) 168   В) 170   С) 180   D) 188   E) 190

6. Екі қаланың арақашықтығы 300 км денкем болатын. Пойыз бір қаладан шығып, екінші қалаға3 сағат жүргенде екінші қалаға дейін 45 км қашықтық қалды.Пойыздың жылдамдығын бағалаңыз.

   А) V< 65   В) V< 75    С) V< 85     D) V>75       E) V> 85

7. Маторлы қайық сағат 9-да 9,6 км/сағ жылдамдықпен айлақтан жүзіп шықты. 1 сағаттан соң сол айлақтан оны қуып жету үшін 14,4 км/сағ жылдамдықпен катер шықты. Катер маторлы қайықты сағат нешеде қуып жетеді?

    А) 2   В) 2,5   С) 3   D) 3,5   E) 4

8. Автобус42 км /сағ жылдамдықпен, тролейбус 36 км/сағ жылдамдықпен светафордан бір уақытта өтті. Автобус келесі светафорға 1,5 минутта барды. Ол кезде тролейбус автобустан неше метр қашықтықта болды?

   А) 100 м   В) 120 м   С) 130 м    D) 140 м   E) 150 м

9. Заттың бағасы 10 %-ке өсірілді, соннан соң 10%-ке кемітілді. Нәтижесінде заттың алғашқы бағасы неше процентке өзгерді?

   А) 1%   В) 9%   С) 10%   D) 11%   E) 20%

10. Асхат ойлаған санын-7-ге көбейтіп, нәтижесіне 16,4 санын қосқанда қосынды - 11,6-ға тең болды. Асхат қандай сан ойлады?

   А) -33,6   В) -4   С) -0,69    D) 0,69    E) 4                                                       

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

В

Е

А

C

Е

C

А

E

А

Е

Егер жинаған ұпай саны:

8-10 болса, мақсатқа жеттіңіз;

5-8 болса, сізге тақырыпты қайталап, қосымша есептер шығаруыңыз қажет;

1-5 болса, сіз төменде көрсетілген есептердің шешу жолын қарастырып, берілген тестті қайта өтуіңізге болады.

 

Соңы

5  минут

Сабақты бекіту

Рефлексия

Қызыл - өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін жандар
Жасыл – ақ көңіл, табиғатты сүйетін жандар\
Сары – ниеті таза, пейілі кең жомарт жандар
Көк – мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін жандар

Үйге тапсырма:    

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз