Өлең, жыр, ақындар

Есептер шығару

Атырау қаласы
№9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Калиева Айнаш Хайроллиевна   

Қызықты математика. 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару

Сабақтың мақсаты: оқушылардың өздігінен жұмыс істей отырып, өткенді қайталау, білімін тиянақтау, көбейту мен бөлу амалдары туралы білімі мен білігін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; өздігінен жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау.

Көрнекіліктер: слайдтар, дидактикалық үлестірмелер,логикалық тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылардыңназарын сабаққа аудару.

ә) П с и х о л о г и я л ы қ     д а й ы н д ы қ .

Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым,сіздерге сәлем!

II. Кім жылдам? ойыны.

Кім көп кәмпит жинайды? Берілген кәмпиттердің сыртындағы есептерді шығарып жинау.

6*5              6*8                6*3           6*2        6*6

6*9              6*10              6*1          6*4          6*7

ІІІ. Жаңа сабақ. Есептер шығару

Дәптермен  жұмыс

23-тапсырма.

Пішіндердің периметрін есептеп шығар.

Р=5,5см+5,5см+5см=16 см (үшбұрыш)

Р=5см+5см+5см+5см=20см (шаршы)

Р=3см+2,5см+3см+3см+2,5см+3см=17см (алтыбұрыш)

24-тапсырма .Есепті шығар.

Бояу кітапшасының 1 парағына 6 суреттен салынған.Осындай 7 параққа неше сурет салынған?

Шешу:6*7=42 (сурет)

Жауабы:7  параққа  42  сурет  салынған.

Логикалық тапсырмалар. Ауызша

Сергіту сәті

Қостық біз, көбейттік біз,

Қатты шаршап кеттік біз.

Кәне, тұра қалайық,

Қимылдасын қол-аяқ.

Кірпікті де қағайық,терең демді алайық,

Орнымызға отырып,

Сабаққа назар салайық.

Деңгейлік тапсырма

1-тапсырма  Адильхан

3*2         5*3       0*2           4*4

4*3         2*7       4*6           6*0

1*6         3*9       8*3           9*4

2-тапсырма        Мариям

4:2                  12:3           21:7

24:8                8:4             6:2

15:5                16:4            9:3

18:6                6:0              32:4

3-тапсырма     Кестені толтыр.Ануар

Көбейткіш

4

20

 

5

30

 

2

5

Көбейткіш

3

4

2

 

6

5

 

0

Көбейтіндінің

мәні

 

 

300

45

 

30

800

 

 

4-тапсырма. Алихан

12-4*2                      6+18:3                  2*(4+3)

15-3*5                       4+15:5                   36:(2+7)

2*3+7                         8:2+9                    (5+4)*3

 

Логикалық есептер.

1. 3 қоянда қанша құлақ?

2. 2 тауықта неше аяқ,ал 2 қойда ше?

3. 20 саусақ көрінсе неше қол болғаны?

4. Қазда бар екі аяқ,

Тауықта бар екі аяқ.

Екеуін қосып санасақ,

Болады сонда неше аяқ?

5. Бір-бірімен жарысқан,

2 аю,1 арыстан,

4 қоян, 3 түлкі,

Бәрі нешеу ойлан сен?

Мадақтау.

Қорытынды.


Пікірлер (4)

Асқарбек Ақнұр

123-бет 8жаттығу

Талшын

4сынып 17 бет 10 есеп

Көркем

Маған матиматиикадан көмектесіңіші

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз