Өлең, жыр, ақындар

Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас

№142 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Надирбекова Күлайхан Алтынбекқызы

 

Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін – білім
Мұхтар Әуезов


Біздің елімізде әрқашан білімге құрмет көрсетілген. Білгісі келетін адам білімді өмір бойы іздейді. Білім ғана адамды адам етеді, жетілдіреді, сақтайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстандағы дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үдерісін технологияландыру мәселесін басты орынға қойып отыр.

Мұғалім еңбегі – қиын, әрі жауапты іс. Мұғалімнің де, мектептің де міндеті – оқушыларға білім беру, ойлау қабілеттерін арттыру.

Жаңа білім бағдарламасы жақсы нәтижелер көрсетуде. Мұнда оқушы өзі ізденеді, бір-біріне үйретеді, ал мұғалім – бағыт беруші.

Сыни ойлау – баланы ойлауға үйрету. Ойлау арқылы бала көп нәрсеге қол жеткізеді. Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалады. Ал, өзім істесем, үйреніп аламын». Яғни, баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз.

Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерімен қатар сөздік қорлары да артады. Ынтымақтастық атмосферасы орнап, оқушылар бір-бірімен сыйластықта болады. Жұмыс жасау кезінде топ мүшелері бір-біріне дұрыс көзқараспен қарап, бір-біріне көмектеседі.

Жаңартылған білім бағдарламасының тиімді жақтары:
- Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдаланады;
- Оқушылардың жеке қабілеті айқындалады;
- Іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
- Әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;
- Сынып оқушылары толық бағаланады. Әр оқушы өзінің алатын бағасын біліп отырады.

Демек, бұл әдіс-тәсілдердің оқыту барысында оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге септігі тиетіні сөзсіз.

Менің білім берудегі алға қойған мақсатым – әр күнгі сабағымның құрылымын шебер құрып, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, өз мақсатымды айқындап, нәтижесінде  шәкірттеріме терең білім беру, шәкірт жүрегінен жол тауып, еңбегімнің жемісін көру.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар