Өлең, жыр, ақындар

Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу

Қ.Сағырбаев атындағы ЖОББ мектеп-балабақшасының
Математика пәнінің мұғалімі
Неткалиева Назерке Ертайқызы

Сынып: 5 «б»

Пән: Математика                                                                                                                                 

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:  

1) Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлуді есептер шығаруда қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттері мен математикалық сөйлеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, бір-бірінің жауабына сыйластықпен қарауға, өз-өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Көрнекілік: карточкалар, түрлі тапсырмалар, стикерлер.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздерме оқушылар. Кім кезекші? Бүгін сабақта кім жоқ?

Тренинг.

Оқушылардың сабаққа деген көңіл–күйін, ынта–жігерін білу мақсатында барлығын ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.

2. «Қар кесегі» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

1. Жай бөлшек дегеніміз не?
2. Дұрыс жай бөлшек дегеніміз не?
3. Бұрыс жай бөлшек дегеніміз не?
4. Аралас сан дегеніміз не?
5. Аралас жай бөлшектерді  бөлу үшін?
6. Кері сандар дегеніміз не?

«Кері байланыс: «Бағдаршам»

3. «Таза кітап» әдісін қолдану.

Бұл бөлімде 3 топқа А4 форматында кітаптар үйлестіріледі. Әр кітапта стикерлерге есептер жазылған. Сол кітапты есептерін шығару арқылы тазарту керек.

«Кері байланыс: «Мадақтау»

4.  «Білім жәрмеңкесі» әдісін қолдану.

Бұл әдісте (АВС) деңгейлік тапсырмалары оқу-құралдарының артында жасырылған. Сол тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар  өздеріне қажетті оқу-құралдарына қол жеткізеді.

5. Логикалық тапсырмалар.

1. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50 кг, ал бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)
2. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сандар? (1, 2, 3)
3. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (4)
4. Шахмат турниріне 7 адам қатынасқан әрбіреуі әрқайсысымен бір партиядан ойнайды. Барлық ойналған партиялардың саны қандай? (21)
5. Анасы 16 мандарин сатып алған. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, қалғанын Дина жеді. Дина неше мандарин жеді? (6)
6. Екі санның қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең. Ол қандай сандар. (3 және 5)
7. Үлкен ағасында 2 кәмпит, ал інісінде 12 кәмпит бар. Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнаполардың кәмпиттерінің саны теңеледі. (5)
8. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда отырған. Поезда неше вагон болған? (13)

6.  Үй тапсырмасы № 536 есеп

7. Рефлексия.

«Еттартқыш және сандықша»

(Сабақтың соңында оқушылар бүгінгі сабақтан түйген ойларын, алған білімін, сабақтың тиімді тұстарын дәлелдеп сандықшаға салады. Ал әлі толықтыруым керек, дағдылануым керек деп тапқан тұстарын жазыпеттартқышқа салады.)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз