Өлең, жыр, ақындар

Қара шаңырақ

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
№69 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Алипбаева Акнур Тилеубековна

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ Сабақ жоспары

САБАҚ: қазақ тілі

МЕКТЕП: №69 жалпы орта мектебі      Шымкент қаласы

ТАҚЫРЫБЫ:

Қара шаңырақ

КҮНІ: 16.10.17ж

МҰҒАЛІМНІҢ ЕСІМІ: АлипбаеваА

СЫНЫП: 5 В

ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ:

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:

САБАҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚУ МАҚСАТЫ (МАҚСАТТАРЫ)

Т/А1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.

САБАҚ МАҚСАТТАРЫ

Барлық оқушылар: мәтінді түсінеді, тірек сөздерді табады

Оқушылардың басым бөлігі: қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, емлелік ерекшеліктерін түсінеді

Кейбір оқушылар: Дыбыстық жүйесін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай мәтін жазады

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

1. Мәтінді түсінеді, идеясын анықтайды.

2. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, емлелік ерекшеліктерін түсінеді.

3. Орфографиялық нормаға сай мәтін құрай алады.

ТІЛДІК МАҚСАТ

Оқушылар: оқылған мәтіннің мазмұнына байланысты отбасы тақырыбында қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер айта алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: қара шаңырақ, мұра, киелі, тірек.

әке шаңырағы, мұрагерлік

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Отбасы мен үшін  қасиетті ұғым болып табылады

Неліктен отбасы адам өмірінде ең маңызды орын алады?

Қара шаңырақтың әке шаңырағы болып аталуында үлкен мән бар.

Ұл бала-ұрпақ жалғастырушы және шаңырақтың иесі.

Жазылым бойынша ұсыныстар: «Қасиетті Қара шаңырақ» тақырыбында сұхбат жазу үшін көркемдеуіш мақал-мәтелдерді пайдалану.

ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАУЛУ

Ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталған салт-дәстүрімізді дәріптеу, алған білімін өмірдің кез келген саласында тиімді қолдана білуіне ықпал ету.

АЛДЫҢҒЫ ОҚУ

Сән, киім, талғам

ЖОСПАР

ЖОСПАРЛАНҒАН УАҚЫТ

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыздар)

РЕСУРСТАР

Басы

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 1. Ұйымдастыру кезеңі  
Сәлемдесу. Ынтымақтастық ахуалды қалыптастыру
«Шаттық шеңберінде» тұрып, комплимент тренигі бойынша оқушылар 6 топқа бөлінеді.
   1-топ «Сен ақылдысың»
   2-топ «Сен көріктісің»
   3-топ «Сен дарындысың»
   4-топ «Сен алғырсың»
   5-топ «Сен жарайсың»
   6-топ  «Сен таланттысың»

Үй тапсырмасын сұрау.
«Қар кесегі» әдісі бойынша үй тапсырмасын пысықтау.
«Ой шақыру» сратегиясы
Тақырыпқа байланысты суреттерден құралған суреттер топтамас ұсынылады. Суреттер топтамасы бойынша болжам жасау тапсырылады.Суреттерге ортақ тақырып қойыңыз.

 

 

 

http://zoozel.ru/gallery/images/371820_kiiz-i-shanyrak.jpg

Ортақ тақырып

 

1.«Отбасы» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
2. Отбасылық  әдет-ғұрып туралы не білесің?
(Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.)
4. Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
5. Неге отбасы адам өмірінде ең маңызды орын алады

 

Түрлі түсті қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

Суреттер топтамасы

 

 

 

 

 

 

Ортасы

 

25 минут

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі»
ТЖ

1-тапсырма Мәтін мазмұны бойынша тапсырмалар беріледі.
Мәтінмен танысқан соң, тірек сөздерді табыңдар.
«Қара шаңырақ» сөзінің маңызын айтыңдар
Тақырыптың мазмұнын ашатын мақал-мәтелдер  жазыңдар
Дескрипторлар:
• Мәтінмен танысып, тірек сөздерді теріп жазады
• «Қара шаңырақ» сөзінің маңызына тұжырым жасайды
• Тақырыптың мазмұнын ашатын мақал-мәтелдер жазады.

Қазақ тілінде тыңдалым/ айтылым дағдысы қатар жүретіндіктен, тыңдалымнан кейінгі айтылым тапсырмаларын дискуссия, дебат, сұхбат және т.б. белсенді жұмыс түрлері арқылы ұйымдастыру тиімді болып табылады. Айтылым барысында сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында мынадай саралау тапсырмалары беріледі.

2-тапсырма
 «Сұхбат» әдісі
Оқушылар өз білімдері мен түсініктерін арттыру үшін нақты, түсіндірушілік және бағамдаушы сұрақ құрастырады. Бұл кезеңде балалар сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктерді пайдаланып, талқылауға арналған сұрақтарына жауап алады. Кемінде үш балаға сұрақ қояды. Ақырында, оқушылар өз нәтижелерін жазып, оны өз серігімен бөліседі.«Қасиетті Қара шаңырақ» тақырыбында сұхбат жазады. Талқылауға арналған сұрақтар құрастырып, сыныптастарына сұрақ қойып шығады. Кемінде үш баладан жауабын алып, өзі жазып жүреді.

Дескрипторлар:
•  Талқылауға арналған сұрақтар құрастырады
•  Кемінде үш баладан жауап алады
•  Нәтижесінде сұхбат жазып, өз серігімен бөліседі.

Мұғалім сөзі: Орфографиялық нормалар оқу мақсатын басшылыққа ала отырып,қазақ тілінің дыбыстар жүйесі туралы теориялық білімдерін қайталап, оқушылар еске түсіреді.
3-тапсырма.
ЖЖ ( жұптық жұмыс)
Оқушылар отбасы ,отау,отағасы,отау иесі,қара шаңырақ ,отбасы берекесі деген сөздер жазылған  кесте беріледі. Оның мағынасын түсіндіруі тиіс.

Отбасы

жанұя                                                           

Отау

 

Отау иесі

 

Қара шаңырақ

 

Отбасы берекесі

 

 

Жауап үлгісі: (ықтимал жауаптар)

Отбасы

жанұя                                                           

Отау

жаңадан тұрмыс құрып, енші алып бөлінген ұлдың үйі, отау үй

Отау иесі

жеке шаңырақ иесі, кіші үйдің иесі

Қара шаңырақ

ата-баба тұрған үлкен үй

Отбасы берекесі

молшылық, ырыс

Осы берілген сөздердің екеуіне дыбыстық таладау жасау.

Дескрипторлар: Берілген сөздердің мағынасын түсіндідіреді.

Екі сөзге дыбыстық талдау жасайды.

Сабақты қорытындылау. «Бес жолды өлең» әдісі

   1. Зат есім
   2. Сын есім
   3. Етістік
   4. Тақырыпты ашатын сөйлем немесе сөз тіркесі.
   5. Синоним

 

Мәтін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

Кесте

Аяқталуы

           5 минут

 

 

 

Кері байланыс

Картинки по запросу кері байланыс түрлері

Үй тапсырмасы

«Менің отбасым» тақырыбында эссе жазу.

Кері байланыс қағазы.

Қосымша ақпарат

 

 

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Топтар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз

Смайликтер арқылы

Өзара кері байланыс, топтар бір-бірінің жауабын дескрипторлар арқылы бағалайды.

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және нелікен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 


Пікірлер (2)

Зарина омарова

Менің айтарым жоқ.Классно супер !

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз