Өлең, жыр, ақындар

Еліктеу сөздердің түрлері

ОҚО Шардара ауданы Ұзын Ата ауылы
Ұзын Ата жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Абдакимова Асемгуль Рашитовна

Қысқа мерзімді жоспар.

САБАҚ: Еліктеу сөздердің түрлері.

Мектеп: «Ұзын-Ата» жалпы орта мектеп

Күні:12.02.2018жыл

Мұғалімнің есімі: Абдакимова Асемгуль

СЫНЫП: 6 ә

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар: 0

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Еліктеу сөздердің түрлерімен танысады, ажырата алады. Еліктеу сөздерді қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыпты толық ашады, мәтінді сауатты жаза біледі, құрастыруға дағдыланады. Сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Сөйлеу дағдыларын қалыптасады.

Кейбір оқушылар:

Тақырып бойынша тест құрастырады, эссе жазады, ашық сұрақтар дайындай алады.

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

 Еліктеу сөздердің түрлері.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған түрлі-түсті лента кеудешелері және әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Ынтымақтастық ахуал, «Конверттегі сұрақ» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Топтас, ойлас, бөліс» әдісі, жаттығу орындау, сергіту сәті, «Ойлан,тап!» әдісі, кері байланыс.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет.

Алдыңғы тақырып

Үстеуді қайталау.

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы  10 минут

 

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Ынтымақтастық ахуал орнату «Егін егу» әдісі. 3 топқа «Лента түстері» арқылы бірігу. Үй тапсырмасы 299- жаттығуды оқытып, «конверттегі сұрақ» әдісі арқылы сабақты бекітемін.

1-топ «Тәуелсіздік»

2-топ «Бейбітшілік»

3-топ «Рухани жаңғыру»

Ортасы   25 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жаттығу-ой сергітер» кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық  жұмыс

 

 

 

 

Сабақты бекіту

«Миға шабуыл» әдісі арқылы видеоролик көрсетіп, оқушы ойын сұрау арқылы жаңа тақырыпты ашамын. Балалар, өмір-күрделі құбылыс. Оның күрделілігі сол-таңымыз атқаннан  күніміз батқанға дейін қаншама іс-әрекеттердің куәсі боламыз, өзіміз сол іс-әрекеттерді орындаушымыз.

 Жаңа сабақ «Топтас, ойлас, бөліс» әдісі арқылы топтарға тапсырмалар бөліп беріледі.

І топ: Еліктеу сөздер дегеніміз не? Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? ІІ топ: Бейнелеуіш сөздер дегеніміз не? Мысал келтір? ІІІ топ: Венн диаграмма арқылы еліктеуіш пен бейнелеуішті мысалдарымен салыстыр?

  Жаттығу орындау, талқылау.

І топ: 309-жаттығу. ІІ топ: 311-жаттығу. ІІІ топ: 313-жаттығу.

  Сергіту сәті «Ойлы болсаң, озып көр» жұмбақтардағы еліктеу сөздерді атап, жауабын үш тілде табу.

1.Қалқиған ұзын құлағы,

   Елеңдеп қорқып тұрады.   (қоян, заяц, rabbit)

2.Тарпаң-тарпаң тарбиған,

   Түрі жаман жарбиған.       (тасбақа, черепаха, tortoise)

3.Көк көйлекті жеңешем,

   Көлбең-көлбең етеді.

   Желмен ұшып кетеді,

   Жер түбіне жетеді.            (түтін, дым, smoke)

4.Жылт-жылт еткен,

   Жылғадан өткен.               (су, вода, water)

5.Аяғы біреу, қолы жоқ,

   Шиыр-шиыр жолы көп.    (қаламсап, ручка, pen)

6.Балпаң-балпаң басады,

   Қыр жотадан асады.

   Паналайды үңгірді,

   Іздемейді тасаны.               (аю, медведь, bear)

   «Рухани жаңғыру»  тақырыбы аясында 3 топқа тапсырма беріледі. І топ: «Туған жер-алтын бесігім» тақырыбына байланысты тақпақ айту.

ІІ топ: «Рухани жаңғыру-болашаққа ашар жол» деген сөзді латынша жаздыру.

ІІІ топ: «Туған жерге тағзым» шағын мәтін құру.

  «Ойлан, тап!» айдарымен оқушылар әдебиет пәнінен өткендерін еске түсіре отырып, сабақты бекітемін.

1)Жүрегім лүп-лүп етіп, алқымыма тығылады.

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

2)Өзі құп-қу болып сылқ етіп құлап бара жатыр.

Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

3)Кісендер даусы гүрс-гүрс етеді.

Ш. Мұртаза «Тұтқын бала»

4)Ақша маңдайлы, кең сұлу жүзді Үмітей ашық үнмен сыңқ-сыңқ етіп, үй ішіне естірте күледі.

М. Әуезов «Біржан сал Абай аулында»

 

Түрлі-түсті конверттер,  стикер, таратпа қағаздар, флипчарт, маркер

Аяқталуы  5 минут

Кері байланыс «Желкенді қайық» әдісі. Суретті  бояу арқылы оқушылардың сабақты түсінгенін байқау.

  Бағалау парақшасы арқылы оқушылардың білімдерін бағалау.

  Үйге тапсырма  314-жаттығу.

Үш топқа арналған  маркерлер, оқулық, қаламсап, парақшалар

 

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз