Өлең, жыр, ақындар

Логикалық есептер

1 - нұсқа

1. Берілген мәліметтерді қолдана отырып, төмендегі cұраққа жауап беріңіз
Айтолқын жазғы демалысын Оңтүстік Африкада өткізуді шешті. Төменде ақша айырбастау пунктінің кестесі көрсетілген

 

Сату құны

Сатып алу құны

1 ZAR

15,5 KZT

 15,0 KZT


*ZAR - Оңтүстік Африка ренді
KZT - Қазақстан теңгесі

Айтолқынның жазғы демалысына 341 000 теңге алып шықты. Оңтүстік Африкаға жеткенде ақшасын неше рендіге айырбастай алады?
А) 21500
В) 22000
С) 23750
Д) 23700
Е) 22500

2. Төменде берілген сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз
                              16    ?    10    -1    -2   -13
А) 12
В) 5
С) 1
Д) -5
Е) 6

3. Қазір әкесі 54 жаста. Баласы 20-да, қызы 6-да. Неш ежылдан кейін баласы мен қызының жастарының қосындысы әкесінің жасына тең болады?
А) 28
В) 20
С) 26
Д) 24
Е) 30
4.  952* санындағы жұлдызшаның орнына қандай цифрды қойғанда, пайда болған сан 4-ке қалдықсыз бөлінетін болады?
А) 4, 8, 12
В) 0, 10
С) 2, 6
Д) 0, 4, 8
Е) Кез келген цифр

5. Берілген қосындыны анықтап, төмендегі тапсырманы орындаңыз
         ААВ
         ВСА
 +__СВС
        2553
 Өрнектің мәнін табыңыз; А+В+С
А) 27
В) 19
С) 25
Д)  31
Е) 23

6. Көкшетау сөзіне төмендегі жауаптардың қойсысы сәйкес келеді?
А) 28426037
В) 58134629
С) 03736948
Д) 19541376
Е) 37364850

7. 301 дана натурал сандарын өзара қосқанда, қосындысы 302 шығатын болса, олардың көбейтіндісі неге тең?
А) 0
В) 1
С) 2
Д) 301
Е) 302

8. Қоржында 8 көк, 11 қызыл және 4 қара түсті доптар бар. Қоржынға қарамастан ең кемінде неше доп алынса, олардың арасында бірдей түсті екі доп міндетті түрде табылады?
А) 2
В) 3
С) 4
Д) 5
Е) 6

9. Берілген мәліметтерді қолдана отырып, төмендегі сұраққа жауап беріңіз
Саламат көзілдірік сатып алу үшін бес оптикаға барып көрді. Төмендегі кестеде әр оптикадағы бағасы мен жеңілдік түрі көрсетілген

Оптика

Бағасы

Жеңілдік түрі

1

10 000 тг

Әрайдың 21-не дейін - 30

2

13 000 тг

Әр айдың жұп күндері - 50

3

8 000 тг

Әрайдың 23-нен кейін - 20

4

15 000

Әр айдың тақ күндері - 65

5

6 000

Жеңілдік жоқ


Егер Саламат наурыздың 11-і баратын болса, ең арзан көзілдірікті неше теңгеге сатып алады?
А) 5 250 тг
В) 6 000 тг
С) 6 400 тг
Д) 6 500 тг
Е) 7 000 тг

10. Нұрислам кітап дүкенінен 84 кітап сатып алды. Бұл кітаптарды Нұрислам және оның екі досы сәйкесінше 6:1:5 қатынасындай етіп бөліп алды. Нұрислам өзіне неше кітап алған?
 А) 7
В) 21
С) 35
Д) 42
Е) 49

11. Төмендегі сандар тізбегінде неше жай сан бар?
         7,   10,     11,     16,      21,       23,     39,        43
А) 4
В) 5
С) 6
Д) 7
Е) 8

12. Шаңғы жарыс жолында Айнұрдың алдында 25 спортшы тұрды. Айнұрдың артында 19 спортшыдан кейін Елдос кезекте тұр. Елдостан кейін 7 спортшы бар. Айнұрдың нөмірі нешінші?
А) 26
В) 24
С) 27
Д) 28
Е) 30

13.  Ойыншықтар дүкенінде.  
Ойыншықтар дүкеніндегі әр түрлі үстел үстіндегі ойын түрлерінің бағалары келесі 14-кестесінде көрсетілген.  

14-кесте  

Ойыншық түрлері

А

В

С

D

E

F

G

Бағалары (теңге)

1130

1500

1030

920

850

4100

3250

Бағасы 1500 теңгеден аспайтын ойыншық түрлері санын табыңдар.  
А) А, В, С
В) А,С, Д, Е
С) А,С, Д
Д) А,С,
Е) EFG

14. Мына комбинациядағы Х және У мәндерін табыңыз?

http://zkoipk.kz/images/stories/slide17.jpg
 
А) 19, 35
В) 20, 35
С) 18, 43
Д) 18, 45
Е) 20, 40

15. Көпбұрыштар. Геометриялық фигуралардан кескінделген мозаика берілген. Суретті қолданып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер.


 
Суретте қанша тіктөртбұрыш кескінделген?
А) 26
В) 20
С) 22
Д) 28
Е) 30

16. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы сыртқы бұрыштарының қосындысының мәні 318°. Берілген үшбұрыштың бұрыштарының шамалары неге тең?  
А) 28, 28, 124
В) 21, 21, 138
С) 22, 22, 136
Д) 26, 26, 128
Е) 30, 30, 120

17. Бірінші пойыздың жылдамдығы 70 км/сағ, ал екінші пойыздың жылдамдығы біріншінің жылдамдығынан 5км/сағ-қа кем. Егер ұзындығы 270 км жолда пойыздар бір-біріне қарама-қарсы бағытта бір мезетте қозғалатын болса, онда қанша сағаттан кейін кездеседі?  
А) 3 сағ
В) 1,5 саң
С) 2 сағ
Д) 2,5 сағ
Е) 1 сағ

18. Қабырғалары 20 см болатын шаршыға, бір төбесі осы тіктөртбұрыштың төбесімен сәйкес келетін, ал үш төбесі оның үш қабырғасының ортасы болып табылатын төртбұрыш іштей сызылған

Боялған фигураның ауданы неге тең?  
А) 200
В) 300
С) 250
Д) 350
Е) 100

19. 2016 жылы 1 литр бензинніңбағасы 125 тг. Ал 2007 жылы 1 литр бензиннің бағасы 23,2%-ға арзан болған. 1 литр бензиннің 2007 жылғы бағасы қандай?  
А) 95 тг
В) 100 тг
С) 100,625 тг
Д) 95,625 тг
Е) 96 тг

20. Велосипедші 4 сағат бойы 18 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Жолды 1 сағатқа тезірек жүріп өту үшін, ол қозғалыс жылдамдығын қаншаға арттыруы керек?  
А) 8 км/сағ
В) 5 км/сағ
С) 6 км/сағ
Д) 3 км/сағ
Е) 4 км/сағ

1 - нұсқа жауаптары
1. В
2. А
3. А
4. Д
5. Е
6. Е
7. А
8. Д
9. А
10. Д
11. А
12. А
13. В
14. С
15. А
16. В
17. С
18. А
19. Д
20. С

2 - нұсқа
1.  Берілген мәліметтерді қолдана отырып, төмендегі cұраққа жауап беріңіз
Айлин жазғы демалысын Оңтүстік Африкада өткізуді шешті. Төменде ақша айырбастау пунктінің кестесі көрсетілген

 

Сатуқұны

Сатыпалуқұны

1 ZAR

15,5 KZT

 15,0 KZT


KZT - Қазақстан теңгесі
Айлин жазғы демалысында 17 500 рэнд жұмсады. Қазақстанға қайтқанда қалған ақшасын неше теңгеге айырбастай алады?
А) 69750
В) 67500
С) 71500
Д) 65000
Е) 70250

2. Төменде берілген сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз
                              1     8       27    ?       125      216
А) 64
В) 625
С) 100
Д) 25
Е) 36

3.  Қазір шешесі 44 жаста. Баласы 10-да, қызы 6-да. Неше жылдан кейін баласы мен қызының жастарының қосындысы шешесінің жасына тең болады?
А) 28
В) 20
С) 26
Д) 24
Е) 30

4. 952* санындағы жұлдызшаның орнына қандай цифрды қойғанда, пайда болған сан 3-ке қалдықсыз бөлінетін болады?
А) 2, 5, 8
В) 0, 1
С) 2, 6
Д) 0, 4 , 8
Е)  Кез келген цифр

5.  Берілген қосындыны анықтап, төмендегі тапсырманы орындаңыз
         ААВ
         ВСА
 +___ СВС
        2553
 А-ның ең кіші мәнін анықтаңыз
А) 9
В) 6
С) 5
Д) 8
Е) 4

6.  Астана сөзіне төмендегі жауаптардың қойсысы сәйкес келеді?
А) 284252
В) 581346
С) 037369
Д) 195413
Е) 373648

7. 1-ден бастап 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысы неге тең?
А) 2050
В) 3050
С) 4050
Д) 5050
Е) 6050

8. Қоржында 7 көк, 10 қызыл және 4 қара түсті доптар бар. Қоржынға қарамастан ең кемінде неше доп алынса, олардың арасында әртүрлі түсті доп міндетті түрде табылады?
А) 12
В) 19
С) 14
Д) 15
Е) 18

9.  Берілген мәліметтерді қолдана отырып, төмендегі  сұраққа жауап беріңіз
Саламат көзілдірік сатып алу үшін бес оптикаға барып көрді. Төмендегі кестеде әр оптикадағы бағасы мен жеңілдік түрі көрсетілген

Оптика

Бағасы

Жеңілдік түрі

1

10 000 тг

Әр айдың 21-не дейін - 30

2

13 000 тг

Әр айдың жұп күндері - 50

3

8 000 тг

Әр айдың 23-нен кейін - 20

4

15 000

Әр айдың тақ күндері - 65

5

6 000

Жеңілді кжоқ


Егер Саламат қарашаның 28-і баратынболса, қай оптикадан ең арзан көзілдірік сатып алады?
А) 1
В) 2
С) 3
Д) 4
Е) 5

10.  Айболат кітап дүкенінен 84 кітап сатып алды. Бұл кітаптарды Айболат және оның екі досы сәйкесінше 6:1:5 қатынасындай етіп бөліп алды. Айболат өзіне неше кітап алған?
 А) 7
В) 21
С) 35
Д) 42
Е) 49

11.  Төмендегі сандардың өзгеріс ауқымын анықтаңдар
            10,     11,     16,      21,       23,     39,        43
А) 33
В) 23
С) 17
Д) 26
Е) 27

12. Айзат мектептен бір километр қашықтықта тұрады, ал Марат бес километр қашықтықта тұрады. Айзат пен Мараттың үйлерінің ара қашықтығы қандай?
А) 4 км
В) 5 км
С) 3 км
Д) 6 км
Е) мәлімет жеткіліксіз

13. Сыныпта 28 оқушы бар. Қыздардың санының ұлдардың санына қатынасы 4:3 тең.
Сыныпта неше қыз бар?
А) 8
В) 12
С) 14
Д) 15
Е) 16

14.
 
Егер Сиднейде сағат 19:00 болса, Берлинде сағат неше?
А) 11:00
В) 12:00
С) 14:00
Д) 10:00
Е) 13:00

15.
 
2000 жылы Зедландия экспорттаған жеміс шырынының құны қанша?
A. 1,8 миллион зед
B. 2,3 миллион зед
C. 2,4 миллион зед
D. 3,4 миллион зед
E. 3,8 миллион зед

16.  Мамасы Робертке, қораптың ішіне қарамай, қараптан бір кəмпит алуға рұқсат етті. Қораптағы əр түсті кəмпиттің сандарының диаграммасы берілген. Роберттің қызыл кəмпит алатындығының ықтималдығы қандай?
 
A. 10 %
B. 20 %
C. 25 %
D. 50 %
E. 60  %

17. Жерсілкінісі жəне оның болу жиілігі туралы, деректі фильмде айтылады. Фильмде жерсілкінісінің болу мүмкіндігі туралы пікірталас көрсетілген. Геологтың айтуы бойынша: «20 жыл ішіндегі Зеде қаласындағы жер сілкінісінің болу, мүмкіндігі үштен екіге тең»
Төмендегі жауаптардың қайсысы геологтың айтқанына сəйкес келеді?

A. Сол себепті осы кездегі 13 жəне 14 жылдар аралығында Зеде қаласында жерсілкінісі болады.
B. Сондықтан, Зеде қаласында 20 жыл ішінде бір рет жерсілкінісі болуы мүмкін.
C. Алдағы 20 жыл аралығында Зеде қаласында жерсілкінісі болу ықтыймалды, жерсілкінісі болмау ықтыймалдығынан жоғары.
D. Жерсілкінісі болуы, болмауы туралы нақты айту мүмкін емес, себебі жерсілкінісінің
E. Мәлімет жеткіліксіз

18. Танат квадраттарды қосу арқылы, тізбектес баспалдақтар салды. Төменде оны құру жолы көрсетілген. 1- қадамда ол бір квадратты қолданған, 2- қадамда үш квадратты қолданған, 3-қадамда алты квадратты қолданған. Төртінші қадамда ол неше квадратты қолданады?


 
А) 5
В) 6
С) 4
Д) 2
Е) 7

19. Графикте Нидерландыдаға қыздар мен ұлдардың 1998 жылғы бойларының өсуі көрсетілген.


 
Неше жаста ұлдар мен қыздардың бойлары бірдей болған?
А) 11 және 13
В) 15 және 16
С) 12 және 15
Д) 10 және 14
Е) 15 және 16

20. 32 м өткізгіші бар бағбан, жеміс егетін жерді қоршамақшы болды. Жеміс отырғызатын жердің кескінін төмендегі суреттерден таңдау керек.

2 - нұсқа жауаптары
1. В
2. А
3. А
4. А
5  Д
6. А
7. Д
8. Е
9. Е
10. Д
11. А
12. Е
13. Е
14. Д
15. E
16. B
17. A
18. С
19. А
20. Д

3 - нұсқа

1. 1,3,7,15… Тізбектің жетінші мүшесін табыңыз
А) 113
В) 255
С) 127
Д) 32
Е) 63

2. Осыдан үш жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 12 жас болды. Жеті жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше жас болады?
А) 30
В) 22
С) 32
Д) 27
Е) 25

3. 8; 23; 48; 83; 128; ... сан тізбегі берілген. Келесі санды анықтаңыз
А) 153
В) 183
С) 143
Д) 163
Е) 173

4. Екі санның қатынасы 2:3 қатынасына тең. Егер бірінші санға 10 санын қосса, осы екі санның қатынасы 4:5 қатынасына тең болады. Бірінші санды табыңыз.
А) 50
В) 75
С) 125
Д) 25
Е) 100

5. Амина 4 жаста, оның апасы Назеркенің жасы одан 3 есе үлкен. Назеркенің жасы Аминадан 2 есе үлкен болған кезде, Амина қаншажасқа толады.
А) 12
В) 9
С) 10
Д) 8
Е) 2

6. Неше бөренені 18 рет кескенде, олардан 25 бөлік алынатын анықтаңыз
А) 8
В) 6
С) 7
Д) 1
Е) 9

7. Аманкелді 120 беттен тұратын кітапты 15 күн оқыды. Ол бірнеше күн күніне кітаптың 6 бетін, алқалған күндері күніне кітаптың 11 бетін оқыды. Аманкелді неше күн күніне кітаптың 6 бетін оқығанын табыңыз
А) 8
В) 7
С) 6
Д) 9
Е) 10

8. Көк базарда екі қауын үш асқабаққа, ал үш асқабақ бір қарбызға тең болса, онда бір қарбыз неше қауынға тең болады?
А) 1
В) 2
С) 3
Д) 5
Е) 4

9. Гүлдананың осыдан үш жыл бұрын жасы осыдан үш жыл бұрынғы жасынан үш есе артық. Гүлдана қазір неше жаста?
А) 9
В) 6
С) 4
Д) 10
Е) 8

10. Әкем 45 жаста болғанда, мен 11 жаста болдым, ал қазір әкемнің жасы менің жасымнан үш есе үлкен. Қазір мен:
А) 23
В) 15
С) 17
Д) 21
Е) 19

11. Екі таңбалы санның квадратына немесе бір таңбалы санның кубына тең болатын үш таңбалы санды табыңыз.
А) 169
В) 361
С) 625
Д) 729
Е) 512

12. А нүктесінде тұрған ит өзінен 30 м жерде тұрған түлкіні қуды. Ит бір секіргенде 2 м, ал түлкі бір секіргенде 1 м жерге барады. Түлкі үш рет секірген уақытта ит екі рет секіреді. Ит А нүктесінен қандай қашықтықта түлкіні қуып жетеді?
А) 100м
В) 125м
С) 110м
Д) 115м
Е) 120м

13. Екі таңбалы сан ойша жасырылған. Осы жасырылған саннан үш санына еселі болуының ықтималдылығы қандай?
А) 1\9
В) 1\2
С) 2\3
Д) 1\3
Е) 1\6

14.Фудзи тауына шығуға әр жылы шілденің 1-інен тамыздың 27-сіне дейін рұқсат етілген. Егер осы уақытта Фудзи тауына 200 мыңға жуық адам шықса, күн сайын шамамен қанша адам тауға шығады?
А) 2450
В) 4600
С) 3200
Д) 3400
Е) 3300

15. Егер түнгі сағат 12-де ауа райы бұлтты болса, 96 сағаттан кейін міндетті түрде:
А) аспан ашық болады
В) жаңбырлы болады
С) күн көзі болмайды
Д) аспан бұлтты болмайды
Е) қар жауады

16.Сұрақ белгісінің орнына қандай сан жазылуы керек?
1(27)2        2(64)2       2(?)3

А) 101
В) 80
С) 54
Д) 125
Е) 9

17. 9 қабатты үйде лифт бар. 1-қабатта 2 адам тұрады,ал келесі қабаттарда адам саны алдыңғысынан екі есе көп. Бұл үйде қай қабатта лифттің батырмасын көп болады?

А) 5-қабатта
В) 3-қабатта
С) 4-қабатта
Д) 1-қабатта
Е) 2-қабатта

18 .p+g=3 және  p-g=6 берілген. Дұрыс тұжырымды анықтаңыз?
A) g>0
В) g=3 p<0
С) g<0
Д) g=-3 p=6
Е) g=0

19. 600 литр суды 750 миллилитрлік неше ыдысқа құюға болады?
А) 750
В) 800
С) 650
Д) 500
Е) 600

20. Ауылда 1240  үй бар. 80% үйде ит бар, 50% үйде мысық бар. Ең аз дегенде қанша үйде ит те,мысықта бар?
А) 620
В) 372
С) 576
Д) 180
Е) 992

3 - нұсқа жауаптары
1. Е
2. С
3. В
4. А
5. Д
6. С
7  Д
8. С
9  В
10. С
11. Д
12. Е
13. Д
14. Д
15. С
16. Д
17. Д
18. С
19. В
20. В

4 - нұсқа

1. Үш фирманың біреуіне көрмені шынылау үшін 100 бірдей шыныға тапсырыс беруге болады. Әр шынының ауданы 0,5 метр квадрат. Кестеде шыны мен оны кесу бағалары көрсетілген. Ең тиімді тапсырысқа қанша теңге төленетіннін анықтаңыз.

Фирма

Шыны бағасы(1 метр Квадрат үшін тг-мен)

Кесу бағасы (1 шыны тг-мен)

Қосымша шарттар

               1

                70

                    10

 

               2

                80

                     8

Сауда 3000тг-ден

Арттықа жасалса,

Шыны бағасы 10%

Жеңілдік.

               3

                75

                     5

Тапсырыс 4000тг-ден

Артыққа жасалса,

Кесу тегін

А) 4250 тг.
В) 4800тг.
С) 4200 тг.
D) 3750 тг.
Е) 4500 тг.

2. Айгүл сәуір айына автобуста жүру билетін 2800 теңгеге сатып алды. Ол осы айда 52 рет автобуспен жүрді. Автобуста бір рет жүру үшін 60 теңге төлеу керек болса, Айгүл қанша теңге үнемдегеннің анықтаңыз.
А) 300 тг.
В) 260 тг.
С) 320 тг.
D) 280 тг.
Е) 340 тг.

3. Гүл дүкенінде 3 гүлден және 5 гүлден жасалған барлығы 35 гүл шоқтары бар. Дүкенде барлығы 129 гүл бар болса, онда қанша үш гүлден және қанша бес гүлден жасалған гүл шоқтары бар ?
А) 25 үш гүл, 10 бес гүл
В) 15 үш гүл, 20 бес гүл
С) 20 үш гүл, 15 бес гүл
D) 23 үш гүл, 12 бес гүл
Е) 18 үш гүл, 17 бес гүл

4. Суретте Әсеттің қызмет істейтін мекемесінің жұмыс уақыты көрсетілген. Әсет бір аптада неше сағат жұмыс істейтіен анықтаңыз.

                           Жұмыс уақыты

  Дүйсенбі - Бейсенбі

  8:00 – 18:00

  Жұма

  8:00 – 16:30

  Сенбі - Жексенбі

  Демалыс

  Үзіліс

  12:00 – 13:30


А) 41
В) 43
С) 39
D) 40
Е) 42

5. Ауылда 1240 үй бар. 80% үйде ит бар, 50 үйде мысық бар. Ең аз дегенде қанша үйде ит те, мысық та бар?
А) 620 үйде
В) 576 үйде
С) 372 үйде
D) 180 үйде
Е) 992 үйде

6. Дүкендегі 15 кг, 16 кг, 18 кг, 19 кг, 20 кг, 31 кг таурлар алты әр түрлі жәшіктерде болды. Екі сатып алушы 5 жәшік алды. Оның біреуі екіншісіне қарағанда салмағы жағынан екі есе кіші алған болса, дүкенде қай салмақтағы жәшік қалған?
А) 31 кг
В) 20 кг
С) 16 кг
D) 18 кг
Е) 19 кг

7. Егер ойлаған екі таңбалы санның сол жағынан 2 цифрін жазсақ, онда пайда болған сан бастапқы санның 9 есе артық болады. Ол қандай сан?
А) 120
В) 100
С) 60
D) 360
Е) 240

8. Жәшікте 150 бірдей детальдар салынған, алынған кезде кез келген детальдың жарамсыз болуының ықтималдығы 0,02-ге тең. Жәшікте қанша жарамсыз деталь бар?
А) 6
В) 7
С) 3
D) 5
Е) 2

9. Сатының 21 баспалдағы бар. Қанат пен Аслан осы баспалдақтары санайды: біреуі төменнен жоғарыға, біреу жоғарыдан төменге дейін. Олар Қанаттың оныншы деп атаған баспалдағына кездеседі. Бұл баспалдаққа Аслан қандай номер береді?
А) 13
В) 12
С) 11
D) 9
Е) 10

10. 8 санының оң жағына да сол жағына да өзінен басқа бір санды жаздық. Шыққан сан 6-ға бөлінеді. Біз қандай сан жаздық?
А) 2
В) 3
С) 4
D) 5
Е) 1

11. Такси қызметінің алғашқы бір километрі 1,755, одан кейбір әрбір километрге 25 цент. Осы қызметі қолдана отырып, 7 S-ға қандай арақашықтықты жүріп өтуге болады?
А) 21 км
В) 22 км
С) 18 км
D) 15 км
Е) 17 км

12. Үсен мен Майра бір үйдің балалары және үйде олардан басқа да балалар бар.Үсеннің неше ағасы болса, сонша қарындасы бар. Ал Майраның ағаларының саны сіңлілерінің санынан екі есе артық. Отбасыда неше бала бар?
А) 5
В) 6
С) 4
D) 7
Е) 3

13. Апам бір қорап шақпақ қант сатып алды. Балалары оның жоғары қабатын, яғни 77 шақпақ қантты жеп қойды. Бұдан кейін олар енді бүйір қабатын, яғни 55 шақпақты жеп қойды. Соңында олар алдыңғы қабатты да тауысты. Қорапта қалған қантты анықтаныз?
А) 300
В) 350
С) 295
D) 288
Е) 240

14. Әкем 45 жаста болғанда, мен 11 жаста болдым, ал қазір әкемнің жасы менің жасымнан үш есе үлкен. Қазір мен -?
А) 23 жастамын
В) 15 жастамын
С) 17 жастамын
D) 21 жастамын
Е) 19 жастамын

15. Мұғалім жаңадан келген оқушыдан былай сұрады: «сен өз сыныбында неше оқушы болатынын айта аласың ба? Егер оқушылардың санына тағы сондай сай қосып, сол саның екіден бесіндей сан қосып, сол саның жартысын қосып, соның төрттен бірін және сені қосқанда 127 оқушы болатыны белгілі болса» деді. Сыныпта қанша оқушы бар?
А) 21
В) 24
С) 25
D) 27
Е) 32

16. Егер сағат тілі әр күн сайын і минутқа қалып отырса, қанша күннен кейін сағат дұрыс уақытты көрсетеді?
А) 100
В) 120
С) 60
D) 360
Е) 240

17. Торғайлар ұшып келіп ағаш бұтағына қонды. Бұтақ басына 1 торғайдан қонса, 4 торғай орынсыз қалды. Ал бір бұтаққа 2 торғайдан қонса, 4 бұтақ артық қалады. Сонда торғай нешеу, бұтақ нешеу?
А) 16 торғай, 12 бұтақ
В) 14 торғай, 10 бұтақ
С) 12 торғай, 8 бұтақ
D) 16 торғай, 8 бұтақ
Е) 15 торғай, 10 бұтақ

18. Бірінші банкте 1 еуро бағасы 383,4 теңге. Арман екінші банктен 120 еуроны 45768 теңгеге сатып алды, ал Қанат 45 еуро үшін 17262 теңге төледі. Еуроның бағасы ең арзан болатын банктен 10 еуроны қанша теңгеге сатып алуға болады? Банктерден еуроны сатып алу комиссиясыз жүзеге асырылады.
А) 3814
В) 3824
С) 3811
D) 3810
Е) 3800

19. Айлақта екі орындықты және үш орындықты 7 қайық тұрған еді. Осы қайықтарға 17 адамды орналастыруға болады. Айлақта неше екі орындықты қайық тұрғанын анықтандар.
А) 5
В) 2
С) 1
D) 4
Е) 3

20. Кітап беттері 559 цифрмен нөмірленген. Егер кітап беттері оның үшінші бетінен бастап нөмірленсе, кітапта барлығы неше бет болғаны?
А) 221
В) 222
С) 223
D) 224
Е) 225

4 - нұсқа жауаптары
1. С
2. С
3. D
4. А
5. С
6. В
7. Е
8. С
9. В
10. А
11. В
12. D
13. А
14. С
15. В
16. Е
17. А
18. А
19. D
20. С


Пікірлер (2)

Нургул

Керемет логикалык есептерден бирнеше нускада тест курастырылган екен Рахмет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз