Жамбыл облысы Меркі ауданы
«№34 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Өзін–өзі тану пәні мұғалімі Исраилова Тахмина
Құндылық: адамгершілік қасиеттер: шындық, сүйіспеншілік, мейрімділік.
Пән аралық байланыс: әдебиет
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, түсіндірмелі, әңгіме, ой қозғау, топтастыру, аудио-видео әдістері.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтіп, адам бойында кездесетін рухани адамгершілік қасиетті аша білу. - Оқушылардың адамгершілік туралы білімдерін кеңейту. - Бала бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту. - Жалпы адамгершілік құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту. |
Ресурстар: интерактивті тақта, нақыл сөздер, үлестірмелі парақшалар, түсті қарындаштар, стикерлер. |
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. (2 мин) Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 2. Тыныштық сәтi. 3 мин «Нұрға бөлену» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі. Мұғалім: Рахмет. Балалар міне біз жағымды көңіл- күйге ендік,енді 5Т ұстанымын еске сақтай отырып, сабағымызды жалғастырайық 1. Тәртіп 3. Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин. Алдында оқушылар топқа бөлінген , үй тапсырмасын екі топ жеке –жеке айтып шығады: (сахналандыру мүмкін) 1 топ – «Іс сапарда немесе ұшақта »қалай ұстау керек. 2 топ - «Театрда» қалай ұстау керек |
Сабақ барысын талқылау: |
4. Дәйек сөз. 3 мин.
1. Дәйексөзді оқыту. |
|
5. Әңгiмелеу (сұхбат). 4 мин. І. Қызығушылығын ояту. Ой шақыру.(Сөйлемді аяқтау) «Ауруханадағы жағдай» — Алдар Көсенің мультфильмінен не көрдіңдер? — Бай қандай адам екен? — Ал Алдар Косе қандай адам? — Байдың орнында болсаңдар не істер едіңдер? (Оқушылар өз ойларын айтады.) — Сонымен адамның қандай жақсы қасиеттерін білеміз? — Қандай жаман қасиеттерін кездестірдіңдер? Адамгершілік — адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы, адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. |
|
Шығармашылық жұмыс 20 мин. Күн адамның рухы болса, күн сәулесі – ақыл дейік. Себебі ақыл – рухтың құрамдас бөлігі. — Ия , себебі ана бізге өзінің бар жылуын, сезімін, махаббатын береді. Біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық. Топқа бөлініп постер жасау. ( Топпен жұмыс) Оқушылар екі топқа бөлініп отырғызылады Адамгершіліктің 7 қағидаларын атаңдаршы 1-ші бұлт ашылды – адамгершілік қағидаларын білдік . 2-топтың тапсырмасы 2. Екінші бұлтты сейілтейік: Адам бойындағы 7 қасиет Екінші бұлтты да аша білдік. Жалпылама жұмыс 3.Үшінші бұлтты ашу үшін • Дененің 3 жауы: сатқындық, ашкөздік, ауырту. Аталған жаулармен қалай күресуге болады? Не істеу керек? 4. Төртінші бұлтты ашу үшін адамгершіліктің бес құндылығын атайық. 4. Жан тыныштығы 2-топ:адалдық Қорытындылау. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде, оның жан дүниесінде ішкі тыныштық орнап,біреуге қиянат жасамаса іс-әрекеті өз жемісін береді. |
|
6. Топпен ән айту. 3 мин. «Армансыз күнім болмайды» әнін бірге орындайық. |
|
7. Үй тапсырмасы. 2 мин. Бақыт деген мен үшін.... (ойтолғау) жазып келу. |
|
8. Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин. - Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын! |
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі