Қызылорда облысының Білім басқармасы
Қызылорда «Қызмет» колледжі
Пән аты: Өсімдік және жануар әлемін қорғау
Пән оқытушысы: Тұрымбетова Жарқынай Тұрымбетқызы
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Өсімдіктердің сыртқы орта жағдайлары, өсімдіктердің экологиялық топтары және тіршілік формалары жайлы айтып беру. Өсімдіктердің ылғалға және жарыққа байланысты экологиялық топтарына толықтыра ақпарат беру. Өсімдіктер экологиясы және тіршілік жағдайлары.
2) Дамытушылық: Презентация арқылы оқушылардың танымдық қабілеті мен біліктілігін дамыту және дүниетанымдық көзқарасын кеңейту. Студенттердің логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілетін, интеллектуалдық белсенділігін дамыту, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік: Студенттерді ізденімпаздыққа, ұстамдылыққа, тапқырлыққа, өз ойын ашық жеткізе білуге тәрбиелеу. Өздігінен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас, құрамдас, жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақтың типі: білімді жинақтау және жүйелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндірме, ізденіс, проблемалық сұрақ, сұрақ-жауап, баяндау әдісі, зерттеу әдісі, сәйкестендіру әдісі,экологиялық диктант,сөзжұмбақ шешу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Оқыту формалары: жеке және ұжымдық, оқытудың интерактивті әдісі
Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру, олардың дайындығына және дәрісхананың тазалығына назар аудару.
II. Үй тапсырмасы бойынша студенттердің білімін тексеру.
Қызығуды ояту. Миға шабуыл.
1. Өсімдіктерді сипаттаған кезде қолданылатын терминдер.
2. Өсімдіктердің қоршаған ортамен байланысы.
3. Өсімдіктерді қорғау және пайдалану жолдары.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Өсімдіктердің экологиялық топтары және тіршілік формалары.
2. Өсімдіктердің ылғалға байланысты экологиялық топтары.
3. Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір экологиялық топтары.
4. Өсімдіктердің жарыққа байланысты экологиялық топтары.
1. Өсімдіктердің экологиялық топтары және тіршілік формалары.
Тіршілік формасы немесе биоморфа (грекше «биос»-өмір, «морфе»-форма)деп, өсімдіктердің онтогенезінде белгілі бір экологиялық жағдайда пайда болатын және негізгі бейімделу белгілері жиынтығын көрсететін өздік сыртқы бейнесін (габитус) айтады.
Тіршілік формалары туралы ғылымның одан ары дамуы А.Н.Краснов, А.Б.Келлер, И.С.Серебряковтың есімімен тығыз байланысты. Белгілі ботаник-эколог А.Б.Келлер(1993) айтуы бойынша, «тіршілік формасы деп өсімдіктердің дене құрылымымен, оның белгілі бір класқа,тұқымдасқа және туысқа жатуымен тығыз байланысты экологиялық бейімделу жүйесін керек». В.Алехин (1944) «тіршілік формасы өсімдіктің сыртқы көрінісінде бейнеленген,оның жергілікті тіршілік жағдайына ұзақ уақыт бейімделудің нәтижесі» деп анықтады.
И.Джефридің,кейінірек Э.Синнота мен И.Бейлидің микроскопиялық салыстырмалы морфологиялық зерттеулері сүректілердің шөптесін өсімдіктерден біршама көне екендігін дәлелдеді. Сол сияқты тіршлік формаларының құрамы климаттық жағдайларының көрсеткіші де бола алады.
К.Раункиер жоғарыдағы көрсеткіштерді қамти отырып, тіршілік формаларының ірі бес тобын ажыратады, олар: фанерофиттер, хамефиттер, гемикриптофиттер, криптофиттер және терофиттер.
1. Фанерофиттер (грекше «фанерос») - бұған ағаштар, бұталар, сүректі лиандар, эпифиттер жатады. Фанерофиттердің жандандыру бүршіктері топырақ бетінен 25 см-ден жоғары орналасады, олар қыстайды немесе құрғақшылық мезгілді басынан өткізе алады. Осыған байланысты бүршіктері бүршік қабығымен жабылады. Бұлай етпейтін фанерофиттер де бар. Олар - ылғалды тропикалық орман өсімдіктері. Өсімдіктер бойының биіктігіне қарай Раункиер бұл топты мегафанерофиттер, мезофанерофиттер, микрофанерофиттер және нанофанерофиттер деп бөледі (грекше «мега» - үлкен, ірі, »мезос» - орташа, »микрос» - кішкентай, нанос - ергежейлі).
К.Раункиер фанрофиттерге эпифиттерді және суккуленттерді жатқызады. Эпифиттер - ылғалды тропикалық орманға тән, бүршіктері ашық, бүршік қабыршақтарымен қапталмайтын өсімдіктердің ереше тіршілік формасы.
2. Хамефиттер - бүршіктері топырақ деңгейінен шамалы ғана жоғары орналасады. Бұларға бұташықтар, жартылай бұталар, жартылай бұташықтар, көптеген төселмелі өсімдіктер, жастықша өсімдіктер жатады. Суық және қоңыржай климатта бұл тіршілік формаларының бүршіктері қар астында қыстап шығады.
3. Гемикриптофиттер (грекше «геми»-жартылай, «крипто»-жабамын) - көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың бүршіктері топырақ деңгейінде немесе онымен шамалы ғана жабылып орналасады. Қыстап шығатын бүршіктерді өсімдіктердің қалдықтары жауып, қосымша қорғайды.
4. Криптофиттер (грекше «гео»-жер) - жандану бүршіктерінің орналасуына қарай геофиттер және гидрофиттер деп бөлінеді. Геофиттердің бүршіктері топырақта бір сантиметрден бірнеше сантиметрге дейінгі тереңдікте орналасады. Бұған тамыр сабақты, түйнекті, жуашықты өсімдіктер жатады. Гидрофиттердің вегатативтік өркені суға батып тұрады, сонддықтан бүршіктері су астында қыстайды.
5. Терофиттер(грекше «терос»-жаз) - біржылдық өсімдіктер. Бұлардың тіршілігі бір вегатациялық кезеңдерде аяқталады. Жылдың қолайсыз мерзімін тұқым түрінде ғана басынан өткізеді.
2. Өсімдіктердің ылғалға байланысты экологиялық топтары
Ылғалға байланысты өсімдіктердің мынадай негізгі топтарын ажыратады:
1. Ксерофиттер (грекше «ксерос» - құрғақ, «фитон» - өсімдік) - топырақтағы және ауадағы ылғалдың тұрақты немесе уақытша жетіспеуіне бейімделген өсімдіктер.
2. Мезофиттер («мезос» - орташа) - орташа ылғалдық жағдайында тіршілік ететін өсімдіктер.
3. Гигрофиттер (грекше «гигра» - ылғал) - көбінесе атмосфералық ылғал мол жерлерде тірішілік ететін өсімдіктер.
4. Гидрофиттер (грекше «гидро» - су - суда өсуге бейімделген өсімдіктер. Гидрофиттер суда жартылай батып тұрады, сондықтан денесінің жартысы су астында,жоғарғы бөлігі су бетінде қалқып өседі.
5. Толығынан суға батып тіршілік ететін өсімдіктерді гидатофиттер («гидатос»-су) деп айтады.
Гидатофиттер - су өсімдіктері. Бұларға балдырлар, сужапырақ, валлиснерия, көптеген шыландар,егеушөп, мүйізжапырақ, тұңғиық, сары тұңғиық, наяда, дүңгіршек,т.б. өсімдіктер жатады. Бұлардың бірсыпырасы су түбіне бекініп, біразы су қабаттарында бос жүреді.
Гидатофиттердің тіршілік ортасына байланысты құрылымында өзіндік ерекшеліктері бар. Жапырақтары жұқа. Мысалы, сужапырақ жасушалардың екі қабатынан ғана тұрады. Су асты жапырақтары көбінесе жіп тәрізді бөлшектеніп кеткен. Дене беткейлері көлемді. Бұл ауа алмасуды жеңілдетеді, суда еріген оттегі өте аз. Су өсімдіктеріне жарық жетіспейді, өйткені жарық сәулелерінің бір бөлігі ғана сіңеді де. біразы су бетінен шағылысып, сіңе алмайды. Сондықтан оларға көлеңке сүйгіш өсімдіктердің ерекшеліктері тән.
Гидрофиттер - әдетте су қоймаларының жағалауында өседі. Су қоймаларының түбіне көптеген қосалқы тамырлары немесе жапырақты өркендері шығып тұрады. Гидрофиттердің барлық мүшелерінде су қоймасы түбіндегі және суға батып тұрған бөліктерін оттегімен қамтамасыз ететін жасушааралық қуыстары жақсы жетілген. Көптеген гидрофиттерде пішіні және құрылымы дамып жетілген орта жағдайына байланысты әртүрлі жапырақтар пайда болған. Мысалы, жебежапырақты алар болсақ, оның су бетінен жоғары көтеріліп тұрған жапырағының сабағы мықты, жапырақ тақтасы тығыз, пішіні жебе тәрізді, мезофилінде бағаналы ұлпа жақсы жетілген, жапырақ сабағында,сол сияқты тақтасында да жасушааралық қуыстары бар.
Гигрофиттер - ылғалды ормандар мен өзен аңғарларының батпақты шалғындардың өсімдіктері. Өсіп тұрған ортасында ауа ылғалы жоғары болғандықтан, бұларда судың булануы баяу жүреді немесе буланбайды, мұның нәтижесінде жоғары ағыс жолымен минералдық заттардың қозғалуы баяулайды. Гидрофиттерге көптеген шаяноттар, көкбұталар, кейбір бегониялар жатады. Қоңыржай аймақтың гидрофиттеріне баймана, шытырлақ, батпақ қызылбояуы, кейбір қырықбуындар жатады. Мәдени өсімдіктерден күрішті атауға болады.
Мезофиттер - орташа ылғалды орташа тіршілік ететін өсімдіктер. Бұған қоңыржай аймақтың жапырағын түсіретін ағаштар мен бұталары: шалғын және орман шөптесін өсімдіктердің басым көпшілігі, егістік дақылдардан - қатты және жұмсақ бидайдың басым көпшілігі, жүгері, сұлы, асбұршақ, қытайбұршақ, қантқызылшасы, кенепшөп, бадам, жүзім, жемістік дақылдарының көпшілігі, сәбіз, қызанақ, керем, т.б.жатады.
Ксерофиттер - ылғал тұрақты немесе уақтылы жетіспейтін ортада өсетін өсімдіктер. Олар су теңдестігін әр түрлі бейімделу арқылы реттейді. Морфологиялық құрылысы жағынан ксерофиттер алуан түрлі. Бұған әр түрлі тіршілік формалары жатады, олардың бірсыпырасы алдыңғы тарауларда берілген. Мысалы, сабақтары мен жапырақтарында су қорын сақтайтын сабақты-жапырақты суккуленттер сол сияқты жапырақтардың әр түрлі дәрежеде редукциялануы.
Ксерофиттердің устьицесі крипта (латынша Crypta-төле) деп аталатын тереңдікте, шұңқырда орналасады және олардың қабырғаларының кескін үйлесімі күрделі болып келеді. Мысалы, алоэда жасуша қабықшасы жасушаларының өскіндері бір-біріне жақындайды, сөйтіп су буының ауаға шығуына кедергі жасайды.
Олеандрада әрбір үлкен төледе бірнеше устьице орналасады да, ал төленің қуысы жұмсақ тығын сияқты жиі орналасқан түктермен толып тұрады.
Ксерофиттердің екі тобын ажыратады: склефориттер (грекше «склерос»-қатты) және суккуленттер (латынша «суккулентус»-шырынды).
Склерофиттер - құрғақ, қатты келеді, олар су мол болатын мезгілде де бойына су қорын жинамайтын, денесіндегі ылғалды 25 ға дейін жоғарылатудан зиян шекпейтін ксероморфты құрылымды өсімдіктер. Склерофиттерге жүзгін, сексеуіл және тағы сол сияқты шөл, шөлейтті, құрғақ дала өсімдіктері жатады.
3. Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір экологиялық топтары
Өсімдіктердің топырақтағы қоректік заттарды қабылдау қабілеті әр түрлі. осыған байланысты өсімдіктерді шартты түрде эвтрофты, мезотрофты және олиготрофты үшке бөледі.
Эвтрофты өсімдіктердің топырақ құнарлылығына талабы өте жоғары (дала,орманды дала, жалпақ жапырақты орман өсімдіктері).
Олиготрофты (грекше «олигос» - аз, «троф» - қорек) өсімдіктер қоректік затқа кедей топырақта өсе алады. Бұған құрғақ аңғарлы шалғын (аққылтан), құмайт топырақ (қарағай), шымтезекті батпақ (шықшөп, мүкжидек, ұлпабас, шымтезек мүктері) жатады.
Б.А Келлер галофиттердің мынадай типтерін ажыратады:
1. Бұзаубас сортаң типі. Жапырақтары қатты өзгерген, шырынды, сабағы бунақталған өсімдіктер.
2. Шведка (Snaeda maritima). Жапырақтары өзгермеген, шырынды етженді өсімдіктер.
3. Көкпек типі. Жапырақтарының беткейінде көпіршік тәрізді түктерге ұқсас су сақтамайтын ұлпалары болады.
4. Етженді және сортаңдар типі. Өсімдіктердің сабақтарында, жапырақтарында тұзды ерітінділер бөлініп тұратын бездері болады, осылар арқылы өсімдік өз денесіндегі артық тұздан арылады.
4. Өсімдіктердің жарыққа байланысты экологиялық топтары
Жарықтың жасыл өсімдіктер үшін физиологиялық мәні зор,олар жарық жеткілікті болған жағдайда ғана қалыпты өсіп дами алады. Жарық өсімдіктердің сыртқы көрінісіне, анатомиялық құрылысына әсер етеді. Жарық жеткіліксіз жерде өскен өсімдіктердің реңі солғын жасыл, буынаралықтары ұзарған жапырақтары майда. Табиғатта белгілі дәрежеде этилонданған өсімдіктер орманның төменгі белдеуінде, шалғында кездеседі.
Жарықтың өсімдіктердің сыртқы пішіні ғана емес, ішкі құрылымына да, әсіресе бәрі бірдей дәрежеде қажет етпейдді. Соған байланысты өсімдіктерді 3 топқа бөледі:
1) жарық сүйгіш өсімдіктер-гелиофиттер (грекще «гелиос»-күн). Бұлар жарық мол жерде ғана өседі. Бұған тундра,шөл дала және ормансыз тау шыңдарының өсімдіктерін жатқызуға болады. Қарағай, балқарағай, шаған, емен, тал жарық сүйгіш өсімдіктерге жатады.
2) Көлеңкеге төзімді өсімдіктер жарық мол жерде тіршілік ете алады және көлеңкеге де төзімді болады. Бұған шалғынның көптеген өсімдіктері, шырша, самырсын, жөке ағашы, үйіңкі, көптеген папоротниктер мен мүктер жатады.
3) Көлеңке сүйгіш өсімдіктер - сциофиттер (грекше «циа»-көлеңке). Бұлар көлеңкелі жерлерде ғана тіршілік ете алады. Бұған Еуропа құсықшөбі, саумалдық және көптегенн орман өсімдіктері жатады.
Жарықтың құндылығы,сол сияқты жарықтың ұзақтығы экватордан полюске қарай,ендіктерге сәйкес жыл бойы өзгеріп отырады. Экваторда күн мен түн тең. Ал қалған аймақтарда экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай күн мен түн жылына екі рет – көктемгі және күзгі күн мен түннің теңесуі күндері ғана тең болады.
IV. Жаңа тақырып бекіту.
1 тапсырма. Сәйкестендіру тесті.
А)
1. Ксерофиттер |
А) орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін өсімдіктер |
2. Гигрофиттер |
Ә) топырақтағы және ауадағы ылғалдың тұрақты немесе уақытша жетіспеуіне бейімделген өсімдіктер |
3. Мезофиттер |
Б) көбінесе атмосфералық ылғал мол жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер |
4. Гидрофиттер |
В)толығымен суға батып, тіршілік ететін өсімдіктер |
5. Гидатофиттер |
Г)суға өсуге бейімделген өсімдіктер |
Жауабы:
1-ә
2-б
3-а
4-г
5-в
Ә)
Жарық сүйгіш өсімдіктер(гелиофиттер) |
А)жарық мол жерде тіршілік ете алады және де көлеңкеге де төзімді болады |
Көлеңкеге төзімді өсімдітер (факультативті гелиофиттер) |
Ә)жарық мол жерде өседі |
Көлеңке сүйгіш өсімдіктер(сциофиттер) |
Б)бұлар тек көлеңкелі жерлерде ғана тіршілк етеді |
Жауабы:
1-ә
2-а
3-б
Б)
Гелиофиттер факультативті гелиофиттер сциофиттер
Шырша,самырсын,мүк орман өсімдіктері Қарағай,шаған,емен,тал
Жауабы:
2-тапсырма. Экологиялық диктант.
1..................... төзімді өсімдіктер жарық мол жерде тіршілік ете алады және көлеңкеге де төзімді болады. (көлеңкеге)
2. ....................өсімдіктердің топырақ құнарлылығына талабы өте жоғары (дала,орманды дала, жалпақ жапырақты орман өсімдіктері.(Эвтрофты
3......................суда жартылай батып тұрады, сондықтан денесінің жартысы су астында, жоғарғы бөлігі су бетінде қалқып өседі. (Гидрофиттер)
4..................- бүршіктері топырақ деңгейінен шамалы ғана жоғары орналасады. (Хамефиттер)
5. Тіршілік формалар туралы білім морфологияның үлкен бөлімін құрайды. Алғашқы рет бұл ұғым ғылыми термин ретінде «Өсімдіктердің экологиялық географиясының негізін салған ..................... .........жұмыстарыңда кездеседі. 1903 ж. Дания ғалымы..............., сол кездегі белгілі ғылыми мөліметтерді қорытындылай отырып, тіршілік формасының классификациясын жасаған.( Е.Вармингтің (1894 ж.), (К.Раункиер)
6.Өсімдіктердің топырақтағы қоректік заттарды қабылдау қабілеті әр түрлі. осыған байланысты өсімдіктерді шартты түрде .................. үшке бөледі. (эвтрофты, мезотрофты және олиготрофты)
3-тапсырма. «Шатасу» жаттығуы
1) сексеуіл және тағы сол сияқты дала өсімдіктері жатады, склерофиттерге жүзгін, шөл, шөлейтті, құрғақ
2) өсімдіктер жарық ете алады, көлеңкеге де төзімді болады, көлеңкеге төзімді, мол жерде тіршілік, және
3) К.Раункиер эпифиттерді және жатқызады, фанрофиттерге, суккуленттерді
4) Тіршілік— өсімдіктің сыртқы түрі, ол жекелеген әртүрлі жағдайына бейімделушілігін көрсетеді, форма дегеніміз, өсімдіктің сыртқы ортаның
5) жапырақтары өзгермеген, шведка (Snaeda maritima), шырынды етженді өсімдіктер
Жауабы:
1) Склерофиттерге жүзгін, сексеуіл және тағы сол сияқты шөл, шөлейтті, құрғақ дала өсімдіктері жатады.
2) Көлеңкеге төзімді өсімдіктер жарық мол жерде тіршілік ете алады және көлеңкеге де төзімді болады.
3) К.Раункиер фанрофиттерге эпифиттерді және суккуленттерді жатқызады.
4) Тіршілік форма дегеніміз — өсімдіктің сыртқы түрі, ол жекелеген өсімдіктің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделушілігін көрсетеді.
5) Шведка (Snaeda maritima). Жапырақтары өзгермеген, шырынды етженді өсімдіктер.
4-тапсырма. «Адасқан әріптер» (экология және ботаника салаларына бойынша)
ө |
б |
і |
д |
ш |
ы |
а |
н |
т |
к |
п |
а |
ж |
м |
с |
з |
р |
к |
и |
у |
о |
г |
д |
о |
я |
қ |
ы |
л |
е |
қ |
Жауабы: өсімдік, жануар, қына, таллом, орман, тіршілік, ботаника, мимикрия, балық, топырақ, қорық, су, микология, бриология, генетика, анатомия, геоботаника, бақтар, жапырақ, арамшөп, спора, минерал, ризоид, шөл, дала, қызыл кітап, ботаникалық бақ, зоология.
5-тапсырма. Экологиялық таза ой
V. Қорытындылау. Жаңа сабақта белсенділік көрсеткен студенттерді бағалау
Ең қызықты болғаны:_________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
Маған ой салғаны: ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
Маған ұнағаны:_______________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
Мені мазалағаны:_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
VI. Үйге тапсырма.
1. Өсімдіктердің тіршілік формаларының жүйесі.
2. Раункиер гемикриптофиттерді протогемикриптофиттер және жертағанды гемикриптофиттер деп жіктеді (толықтыру).
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі