Момынова Бекзат Нурлихановна
«Тұран» Университеті колледжі
Кәсіби қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Жаңа сөздердің мағынасын ашыңыздар.
қабылданған – принято
дәстүрлі – традиционный
әдеп-ғұрып – этика и обычаи
заңдарының жинағы – сборник законов
ыдырау – разложение
қаупі – опасность
ауызбіршілік – единство
нығайту – консолидировать
билік пен бірлік - власть и единство
қамтамасыз ету – обеспечивать
атақты - известный
дау-жанжалдар – конфликты
тиімді – выгодный
өмірлік мәселелер – жизненно важные вопросы
дәуірлеген кезі – период времени
қанағаттандырарлық – удовлетворены
Жеті жарғы
«Жеті жарғы» - Тәуке ханның (1678-1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы.17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді.
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, көшіріп жазыңыздар.
Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен .............................. , ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық .....................................көрініс тапқан.«Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ................................... білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, ................................айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен ................................ халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де ......................... сөйлеген.
Керекті сөздер: әдеп-ғұрып заңдары, әділ, дәл де әділ, құн дауын, ұғымды, билерді
2-жаттығу. Төмендегі мәтін бойынша орысша-қазақша сөздік құрастырыңыздар.
№ |
Қазақша |
Орысша |
1 |
Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қасақана өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін. |
За умышленное убийство народного хана, султана, пира, хазрета налагается кун в размере семи кунов, назначаемых за убиийстао простого человека. |
2 |
Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына (ақсүйектердің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс. |
За умышленное убийство представителей сословия торе и кожа простолюдином налагается кун в размере двух кунов, назначаемых за убиийстао простого человека. |
3 |
Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн» айып тартады. |
Если постороннего человека лягнув, убила лошадь, привязанная у дверей юрты выплачивается «полный кун», если она была привязана сбоку юрты «полкуна». |
4 |
Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады. |
Если дети встанут против родителей и при этом применят еще рукоприкладство, то родители впаве поступать с ними по-своему и могут убить их без чьего-либо позволения. |
5 |
Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – ата-аналары жазалау шараларын өздері белгілейді. |
Если дети, достигшие совершеннолетия будут перечить родителям без рукоприкладства, то родители вправе поступать с ними по-своему. |
6 |
Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін. |
Если засватания по всем обычаям (сваты вкусили куйрык-бауыр, было дано благословение-бата) девушка вдруг осталось вдовою, то калым возвращается полностью, а также отдается дополнительно девушка или размер ее калыма. |
7 |
Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді. |
Воровство – за двугорбого верблюда – отдается одногорбый, за лошадь – одногорбая верблюдица, за верблюжонка – верблюд, за жеребенка – конь, за овцу – телок. Сверх того выплачивается три девятки айыпа, в зависимости от обстоятельство. |
3-жаттығу. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Ертеде қазақ халқында қандай дәстүр болған?
2) Қазақ халқының билері халықты неге шақырды?
3) «Жеті жарғы» қандай заң?
4) «Жеті жарғыны» қабылдауға кімдер қатысты?
5) «Жеті жарғы» қандай заңдардың негізінде жасалды?
6) Тәуке ханның «Жеті жарғыны» жасаудағы қандай маңызы болды?
7) «Жеті жарғыда» қандай мәселелер қарастырылды?
4-жаттығу. Көп нүстенің орнына Тәуке ханның «Жеті жарғысы бойынша» әдет-ғұрып заңдарынан сөйлемді толықтырыңыздар.
1. Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін ...........................
2. Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, ..................
3. Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе ................... үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе......... айып тартады.
4. Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, ..............................................
5. Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, .......................................
6. Ұрыдан айыр түйеге –..............., атқа – .................., тайлаққа – .................., тайға – ............., қойға – .................. төлетеді.
7. Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қасақана өлтірілсе, ..............................................
5-жаттығу. Сөйлемнің дұрыс немесе бұрыстығын табыңыздар.
№ |
Сөйлем |
+/- |
1 |
«Жеті жарғы» әдет-ғұрып заңы 17-ғасырда шыққан. |
|
2 |
«Жеті жарғы» әдет-ғұрып заңын Төле би жазған. |
|
3 |
«Жеті жарғы» әдет-ғұрып заңында азаматтық, әкімшілік, қылмыстық, отбасы істері қарастырылған. |
|
4 |
«Жеті жарғы» әдет-ғұрып заңы бойынша ұры қой ұрласа қозы төлейтін болған. |
|
5 |
«Жеті жарғы» әдет-ғұрып заңы бойынша ұры тай ұрласа ат төлейтін болған. |
|
6-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
На исторической арене в конце семнадцатого столетия был хан Тауке (1680-1718). Тауке хан сын Жангир хана многое сделавший для объединения всех жузов и улусов. В первую очередь он укрепил центральное правительство, создал государственный совет и совет биев. Все важнейшие вопросы страны решались на этих советах. Согласно народным преданиям, Тауке хан собрал на Куль-Тобе известныйших биев трех жузов (Старший жуз), Казыбек би (Средний жуз) и Айтеке би (Младший жуз). Обновив своды законов «Доблестный путь Касым хана», «Древний путь Есим хана», ввел новую правовую систему «Жеты жаргы» («Семь уложений».)
7-жаттығу. Тәуке ханның «Жеті жарғы»-сында көтерілген мәселе туралы кестеге қарап айтыңыздар.
Мысалы:
Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңында салық ережесі қарастырылған.
8-жаттығу. «Жеті жарғы» бойынша хан құқықтары мен міндеттері туралы айту.
9-жаттығу. Кестеге сәйкес бүгінгі сабақты қорыту.
Ассоциограмма
Тәуке хан «Жеті жарғы»
Бекзат
Өте керемет!