Өлең, жыр, ақындар

М.Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы

Жамбыл облысы Тараз қаласы
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Сейдуалиева Асель Мейрамбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Мұзафар Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мұзафар Әлімбаев туралы білімгерлердің білімдерін кеңейту, балаларға арналған шығармалары, олардың жазылу тарихымен таныстыру. М.Әлімбаевтың «балалар ақыны» екенін таныту. Ақынның өлеңдерін жатқа айтқыза отырып, мәнерлеп оқу машықтарын жетілдіру, мәнерлеп оқу үлгілерін меңгерту.

Дамытушылық: Білімгерлердің өзіндік пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқырман дайындау. Білімгерлерді көркем, шешен сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Білімгерлерді ақынның шығармаларын оқыту арқылы, өнеге алуға тәрбиелеу. Білімгерлердің туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білімді бекіту

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, СТО стратегиялары, өлең мәтінімен жұмыс,  талдау, ой  тұжырымдау, баяндау, топтастыру,  конверт әдісі, айналмалы бекет т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, тарих, әдебиет теориясы, бүгінгі өмір

Қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта, портрет, газет-журнал материалдары, көркем әдеби кітаптар, оқулықтар, слайд. т.б.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

а) білімгерлермен амандасу;            

ә) білімгерлердің сабаққа қатысуын тексеру;

б) білімгерлердің назарын сабаққа аудару.

Сабақтың жоспары:  

1. Абыз аға, аңыз аға, Мұзаға! (Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы)

2. Бала деп соққан бауырмал жүрек (М.Әлімбаев өлеңдеріндегі тәрбие мәселесі)

3. Ойдың озарманы, сөздің салкүреңі

4. Қорытынды      

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Біз жадырап қалайық - деп оқытушы мен білімгерлер арасындағы жылы лебіздер арқылы псиохологиялық дайындық.

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық

Уықтар болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық

Міне, сіздермен біз үлкен киіз үй құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің білім ордамыздың қабырғалары мықты, шаңырағы биік болсын дегім келеді. Бір шаңырақ иесі ретінде бір бірімізге жақын болайық. Геометриялық фигуралар арқылы топты бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау.

«Даналық ағашы» әдісі арқылы Сапарғали Бегалиннің балалар әдебиетіне енгізген еңбегі туралы сұрақтар арқылы үй тапсырмасы сұралады.

І. Абыз аға, аңыз аға, Мұзаға! (Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы)

Интерактивті тақтадан Мұзафар Әлімбаев туралы бейнефильмнен үзінді көрсетіледі.

«Ескерткіш тозса да-естелік тозбайды»

Жақсы тілек, жылы жүрек

(Ақын жайлы ыстық лебіздер слайдтан көрсетіліп, мәнерлеп оқылады)

«Мұзафар - ойдың ақыны. Шығыршықтың ішін шыр айналған тұтқындағы ақ тиін іспеттес ойнақы сөздің емес, сезгені, түйгені мол ойдың ақыны... Ізденгіш те тапқыш, көп оқитын,көп үйіп, көп ойланатын бейнетқор да еңбекқор ақын...»  Мұқағали Мақатаев

«Мұзафар Әлімбаев- шынтуайтқа келсек, нағыз ғылымның адамы. Оның ғылымға тән таланты, миының зеректігі, асқан төзімділігі мен мүде ерінбейтін еңбекқолығы, уақытының көбін қағаз арсында, кітап ішінде өткізуі- бәрі де оның ғалымдық қасиетін айтып тұрған жоқ па?»  Ғафу Қайырбеков.

« Нақтылық, ойлылық, жинақылық- Мұзафар өлеңдерінің ең басты қасиеттерінің бірі. Мұзафар біздің із-өкшемізді басып келе жатқандардың ішіндегі ең бір ірі ақын. Оның өзіндік беті бар, қолтаңбасы бар. Әрбір өлеңін жарыққа шығарарда әрбір сөзі үшін күресетін, өзіне-өзі сыншылық жасайтын сарабдал ақын» Сырбай Мәуленов.

І. Абыз аға, аңыз аға, Мұзаға!

(Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы)

Жоспардың бірінші сұрағы, ақынның өір сүрген дәуірі, балалық шағы, өскен ортасы, алған тәрбиесі туралы баяндайды.

«Өмір сатысы»

 

                                                                                      

Дегенмен, өмірдің аты-өмір, несімен болса да өмір. Қуаныш-қайғысымен де, керемет құдіретімен де, тіптен күйкі тірлігімен де – Өмір.

«Ой тұжырымдау» әдісі. Қазіргі қоғамда болып жатқан жағдайларды еске түсіріп, салыстырмалы жұмыстар жүргізу.

«Ақынды ақын ететін жетімдік пен жоқшылық» Қадыр Мырза Әлі
Өкінемін ерте өмірдің өткеніне,
Көре алмай қызығымды кеткеніңе.
Өзгелер өз баласын еркелетсе,
Жетімдік сүйегіме жетпеді ме?!

 

Шежіре шерткен шер мен сыр

 

Білімгерлер «Ана», «Қараймын балалық шақ сәттеріме», «Бауырмал батырлық» өлеңдерін жатқа, мәнерлеп айтады.

«Айналмалы бекет» (Білімгерлер бір-бірлерімен пікір алмасады) Үш түрлі қаламсаппен пікір жазады.

ІІ. Бала деп соққан бауырмал жүрек

(М.Әлімбаев өлеңдеріндегі тәрбие мәселесі)

Бала жанын сүйеді жыр-жүрегім

Мұзафар Әлімбаев

«Балдәурен, шіркін, балалық» өлеңі мәнерлеп оқылады. Топтастыру әдісі.
    

Мұзағаң өзінің мәнді ғұмырының жыл, ай, күнін «Балдырған» журналына арнаған. (слайдтан балдырған журналы көрсетіледі) «Ақындық бақыты» жайлы баяндалады.

Сыр естелікпен сырласу.

Естеліктер жыртылмайтын кітаптай,

Сынбайтұғын бұтақтай

Естеліктің гүлі қурап солмайды,

Бояуы да оңбайды

Білімгерлер ақынның өзі жайлы жазған естеліктерінен сыр шерту.

М.Әлімбаевтың шығармалары

Өлеңдері

поэмалары

 Аудармалары

Ән-өлеңдері

«Құрбыма»

«Биікке»

«Менің ойыншығым»

«Санамақ»

«Ана жұбанышы»

«Аңыз»

«Ақсақалдар»

«Өскен елім-Қазағым» т.б.

«Жолдар-жырлар»

«Жүрек лүпілі»

«Өшпес от»

«Көк кілем»

«Алатаудың баурайында»

«Құрыш қазақ»

«Естай-Хорлан»

«Менің Қазақстаным» т.б.

«Серуен»

«Біздер үшін бәрі де»

«Арман»

«Аймалап күннің шуағы» т.б.

 

«Ақмаңдайлым»

«Маралдым»

«Жаңа жыл әні»

«Бір жас қазақ»

«Мұғалім ол біздің»

«Мектеп ана»

«Біздің класс» т.б.

М.Әлімбаевтың өлеңдері 38 тілге аударылды. Ақынның 300-өлеңіне ән жазылған, бірнеше ән кітаптары шықты.

Балаларға арналған өлеңдері мәнерлеп оқылады. «Алатаудың баурайында» поэмасы оқып, талдау.

«Кім зерек?»  шығармашылық  жұмыс. Әр тоқа бейіміне байланысты тапсырма беріледі. «Ана тілім ғажап деп айта аламын» өлеңі слайдтан көрсетіледі.  

1. Өлеңді қара сөзге айналдыру.

2. «Қазақ тілі» туралы өлең шығару

3. «Ана тілі» туралы эссе жазу

Тапқыр болсаң, құрап көр. «Адасқан шумақтар» - конверт әдісі. Топ басшылары конверт таңдап алады, сол конверттің ішіндегі  өлең шумақтарды реттеп, постер құрау арқылы, өлеңнің мазмұнын, тәрбиелік мәнін ашып айтып береді.

 «Ән көңілдің-ажары» ән-жырға көңіл аударамыз. Ақынның ән мәтіндері халық арасына кең тараған, әр қазақтың сүйікті әніне, көңіл күйіне, жан сырына айналып кеткен.Ақынның әндерін тамсана шырқай білуіміз керек. Білімгер ән айтады.                        

ІІІ. Ойдың озарманы, сөздің салкүреңі

Ойдың озарманы, сөздің салкүреңі, әмбебап әдебиетшінің «Бісмілла» деп кітабын қолға алғанда-ақ бірден байқалар ерен ерекшілік-топтама туындыларының тұғыр тақырыптарының өзі ұтырлы ұйқаспен ұйысып, өнжорға өлеңмен өрнектеледі. Мұзағаң әмбебап әдебиетші. М.Әлімбаев сонау қырқыншы жылдардан, өмірінің соңғы күніне дейін дамыл таппай, құмырсқадай тынымсыз еңбек етіп, бал татығаншырын шығармаларымен бүлдіршіндерді сусындатып келген ақын. Өздерің сияқты талай жас ұрпақты өз өлеңдерімен, ертегілерімен сусындатқан сарқылмайтын бастау. Ендеше бүгінгі сабақта біз де осы бастаудан мейіріміз қанғанша сусындайық. Қазақ  халқы үлгі –өнегеге бай, салт-дәстүрі өте көп. Олар халқымыздың ғасырлар бойғы тұрмыс-тіршілігін бойында сақтап, оны ұрпақтан –ұрпаққа мұра етіп келеді. М.Әлімбаевтың халық аузынан жинаған және тәрбие туралы ой елегінен өткізіп түйіндеген төл мәтелдері дерлік туындылары мақал-мәтелдері өте көп.

«Тапқырлар мен көңілдер» ойыны.

Тапқырлық таныт.  Жұмбақтарды шешу.

Жатарда ұнатады ұйықтағанды,
Кәрілер сол жұмсаққа сонша құмар.  (Жастық)
Таяқ жеген сайын ойнақтаған. (Доп)
Басы жоқ, екі беті, жүз тісі бар,
Қақ бөлер бөренені өз күші бар. ( Ара темір)
Көріп тұрып, құшақтай алмайсың,
Балталасаң да, ұсақтай алмайсың.   (Көлеңке)
Өзі бір тіл білмейді,
Барлық тілде сөйлейді,
Сен «Бар» десең, «Бар» дейді,
Сен «Қой» десең, «Қой!» дейді.  (Жаңғырық)

Логогриф                                                                                                                                         

1.Қуанғанда қиқулайсың мені айтып,
Қуанышты қостаушыны молайтып.
«Б» әрпін қос әлгі сөздің басына,
Балдырған боп жетіп келем қасыңа.   (Алақай-Балақай)
2.Құясың оған әрқашан
Қымызды мейір қанатын...
Дауыссыз дыбыс жалғасаң,
Класта оқу сағаты. (Саба-Сабақ)
3. Өнеге жайын толғасаң,
Сол сөзді еске аласың.
Бір әріп қосып, ойласаң,
Сүртінер затты табасың. (Үлгі-сүлгі)
4. Құрлық айналасын су қоршаған,
Қызық көп кезігетін содан саған.
Алдына «М»-ны қоссаң, табылады,
Тайганың бұғы тектес жануары.  (Арал-Марал)

Метаграммалар мен шарадалар

1.«К»- ден бастасаң -қалаңмын,
«Ж»- дан бастасаң -тағаммын.     (Кент- Жент)
2.«Т»- дан егер бастасаң,
Ағаштардың түрімін.
«З» -дан егер бастасаң,
Ұғымталдың бірімін.     (Терек -зерек)
3. Алғашқым- жер өлшемі,
Екіншім- жауар аспаннан.
Қой тектес аңды сен шолып,
Табасың биік асқардан.             (Ар- қар)
4.Бастапқым- тәтті шырын де,
Екіншім- қатқан суым де.
Үшіншім- белгі, таңба де.
Үшеуін қосып оқысаң,
Осыдан тәтті бар ма?- де           (Бал- мұз- дақ)

Білгіш болсаң, саралап көр

1. Он күндік істі бір күнге сыйғызу-зорлық,
.................................................................... (Бір күндік істі он күнге созу-қорлық)
2. Мықтының мұңы да-.............(Мылқау)
3. Шәкіртке ұстазболу- ірілік,
...............................................(Ұстазға ұстаз болу-ұлылық)
4. Ескерткіш тозса да,...............................(Естелік тозбайды)
5. Үйлену оңай,...................(Үй болу қиын)
6. Түйірдей болса да, ..........................(Түйінді ойың болсын)
7. Масқарадан ажал да............................(ақтап ала алмайды)
8. Жүзіктің өзінен де-көзі қымбат,
.................................................... (Ақынның сыйлығынан-сөзі қымбат)
9. Ерден ердің артықтығы-білігі,
................................................. (Елден елдің артықтығы-бірлігі)
10. Кішілікке жараған-......................... (кісілікке де жарар)
11. Ынтымақ елдікке жеткізер,..............................(Елдік ерлікке жеткізер)
12. Мақал-мәтел маржан сөз,
.................................................. (Қоса көрме арзан сөз)

ІҮ Қорытынды

Бүгінгі сабағымызды ақиық ақын М.Мақатаевтың мына  пікірімен қорытындылағанды жөн көрдік.  «Поэзияны, жалпы әдебиетті Мұзафардай бағалап, оны құдіретті деп ұғынатын адамды, ақынды қыламдас ағалардың арасынан мен әлі кездестіре қойғаным жоқ. Өз әріптестерінің шығармашылығын Мұзафардай қадағалап, қоймай, қомағайлана зерттеп отыратын ағайынды да әлі кездестірген емен»

Ойтолғаныс. «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы

М-мейірімді
Ұ-ұқыпты
З-зерек
А-ақылды
Ф-философ
А-ақын
Р-рақымды

Кері байланыс. «Жеміс ағашы» арқылы білімгерлер, қызыл және жасыл түсті алма пішінді стикерлерге өздерінің пікірлерін жазып, жабыстырады.

Бағалау: Белсенділік танытқан білімгерлерді бағалау.

Үйге тапсырма:  Мұзафар Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу. « Менің арманым» тақырыбында эссе жазып келу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз