Өлең, жыр, ақындар

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу тақырыбына есептер шығару

Күні:    13. 02. 18 ж.                                          Мектеп: №13 МГ.

                                                                           Мұғалімнің аты–жөні: Рахманбердиева Кулсин Сабденовна

Сынып: 5 «А».                                                   

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу тақырыбына есептер шығару.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме).

5.1.2. 30.  Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау.

С

Сабақтың мақсаты :

Барлық оқушылар білуге тиісті:

 Ондық бөлшекті натурал санға бөле алады.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу ережесін айта  алады.

 Қай жағдайда бөліндінің бүтін бөлігі 0-ге тең болатынын, ондық бөлшекті натурал санға бөлу барысында қалдық қалса, не істеу керектігін  мысалдар арқылы  көрсете біледі.

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Егер ондық бөлшекті бөлгенде қалдық жалғаса берсе, онда ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырып алып, есептей  біледі.

Бағалау критерийі :

Оқушылар:

1. Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді  біледі.

2. Берілген мәліметтерді есептер шығаруда  қолдана  алады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар ондық бөлшекті натурал санға бөлу ережесін айтып, мысал  жазып, бөле  алады, өз ойларын басқаларға жеткізеді, қорытынды  жасайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: бөлінгіш, бөлгіш, бөлінді, ондық бөлшек, натурал сан, үлестер, жай бөлшек.

Құндылықтарға баулу:

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы , зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылықтарын қалыптастыру.

Пәнаралық  байланыс:

геометрия, сызу.

Алдыңғы білімдер

 

Оқушылар  бастауыш сыныптағы бөлу амалының компоненттері бойынша білетіндерін пайдаланып, өз іс-әрекетіне рефлексия жасай алады. 

Сабақтың барысы

Сабақтың  жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

Ресурстар

 

 

 

Сабақтың басы

       3  минут

 

 

 

 

    

 

 

 

       5 минут

 

 

      7 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

ә)Сабаққа дайындығын тексеру.

Топқа бөлу.

бөлінді жазылған кеспе қағаздарды тарату.

Оқушыларға алдыңғы тақырыптар бойынша  жазылған кеспе қағаздар таратылып, өз жұптарын табу арқылы қажетті   топқа орналастыру.

І - жай бөлшектер тобы ;      ІІ -натурал сандар тобы;       ІІІ –аралас сандар тобы; ІҮ – ондық бөлшектер тобы.

Топ басшысы сайланып, бағалау парағы беріледі, топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалау парағына толтырады.

 

2. « Кім жылдам» әдісі бойынша ой қозғау мақсатында интербелсенді тақтадағы мысалдар арқылы диалогқа түсіру .

3. Үй жұмысы тақта арқылы тексеріледі.( әрбір мысалға 2 балл есептеледі).

 

 

 

 

АКТ.

 

 

 

 

 

Бағалау парағы.

 

 

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы.

 

         7  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         5  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

       

  « Постер» қорғау тәсілін пайдаланып, өткен тақырып бойынша әрбір топқа тапсырмалар беру. 

Әрбір топқа беретін тапсырмасы:

І топ:    Қай кезде бөліндінің бүтін бөлігі нөлге тең болады? Мысал келтіріңдер.(1 балл).

ІІ топ:   Ондық бөлшекті натурал санға  бөлу барысында қалдық қалса не істеу керек ? Мысал келтіріңдер.(1 балл) .

ІІІ топ:  Егер ондық бөлшекті натурал санға бөлгенде үнемі қалдық қалатын болса, не істеу керек ?  Мысал келтіріңдер. (1балл)

ІҮ топ: Егер бөлінгіштің бүтін бөлігі бөлгіштен артық болса, қалай бөледі? Мысал келтіріңдер.(1 балл) .

(Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады.

Тапсырмаларды орындап дәптерлеріне жазады және  тақтаға әр топтың оқушысы шығып, түсіндіреді) .

Оқулықпен  жұмыс.

Жұппен жұмыс. №  879; 880; 881.  Формативтік ( қалыптастырушы) бағалау.

          Дескриптор:

Бөлу амалын орындайды.

1

Жауабын жазады.

1

Оқулықпен жұмыс барысында оқушылардың қажеттілігіне қарай саралау жұмысының « тапсырма» тәсілі бойынша алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар  кеспе қағаздар пайдалану.

Топтық жұмыс.Әр топқа тапсырмалар беріліп, 2 балл есебінде бағаланады.

 

І .Жай бөлшектер тобына берілетін тапсырма:

 квадрат пен тіктөртбұрыштың периметрлерін тауып, фигуралардың периметрлері бір-бірінен неше есе артық  екендігін табу.

ІІ. Натурал сандар тобына берілетін тапсырма:

квадрат пен тіктөртбұрыштың аудандарын тауып, фигуралардың аудандары  бір-бірінен неше есе артық екендігін табу.

ІІІ. Аралас сандар тобына берілетін тапсырма: Екі шыбықтың ұзындығын өлшеп, бір-бірінен неше есе артық  екендігін табу.

ІҮ. Ондық бөлшектер тобына берілетін тапсырма: Таразыға заттарды өлшеп, бір-бірінен неше есе артық екендігін табу.

 

 

Постер, маркер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеспе қағаздар.

 

 

 

 

Сабақтың соңы.

         4 минут

Бағалау.

Үйге тапсырма: 4.7.  №878, № 884.

 

Бағалау шкаласы.

Рефлексия

 

        2  минут

 Рефлексия .           Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну.

«ББҮ» кестесімен жұмыс. 

Кестенің алғашқы екі бөлігін сыныпта талқылап, мұғалімнің көмегімен толықтыру.

Оқушылардың сабақ соңында сағат тілі бойынша қасында отырған топтағы оқушылардың сабақтағы белсенділігіне, тапсырмаларды орындауына байланысты «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі бойынша кері байланыс жасайтынын ескерту, мағынасын  түсіндіру.

 

 

Стикер.

 

 

 

«ББҮ» кестесі.

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз ?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз ?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Кері байланыс және қалыптастырушы бағалау тапсырмалары кезінде оқушылардың бүгінгі сабақтан түсінген, түсінбеген тұстарын саралап, қабілеттеріне қарай қосымша тапсырма дайындаймын. Қабілеті жоғары балаларға ізденушілік, шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды дайындаймын.

Өз ойларын ашық айтып, критерийлерді басшылыққа алады. Критерийлер арқылы бағалауды жоспарладым.

АКТ-ны қолданған кезде оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертілді.

 

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз