Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы, «Балдырған» бөбекжай балабақша тәрбиешісі Әбдіғалиева Ғ.М
“Наурыз келді,алақай!” атты ертегі-ертеңгіліктің сценарийі
Мақсаты:балалардың Наурыз мерекесі туралы білімдерін нығайту,ұлттық мерекелеріне сүйіспеншіліктерін,қызығушылықтарын арттыру.Бойындағы қабілеттерін еркін шығара білуге ықпал ету.
Наурыз мерекесіне орай зал іші көңілді.
Тәрбиеші:Қадірлі қонақтар !
Наурыз той – көңіл тойы ,көктем тойы
Жақсылық болсын дейтін өмір бойы
Биылда былтырғыдай ақ көбейсін
Елдегі бақыт , байлық, бақ көбейсін.
Құттықтау сөзі балабақша менгерушісі Алма апайға беріледі
Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын ағаларға,
Наурыз құтты болсын аналарға,
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи
Наурыз құтты болсын баршамызға!
Ақмерей: Ұлыс оң болсын!
Жұлдыз: Ақ мол болсын!
Ақнұр:Қайда барсаң жол болсын!
Қыздар шашу шашады.
Тәрбиеші: Ақмерей, Әліби, Ақниет және Бақдәулет деген балаларымыз Наурыз тойы сәнін тақпақтарымен айқындап айтып бергісі келіп отыр.
Ақмерей: Наурыз келді , наурыз келді ағайын!
Құшарлана құшағымды жазайын
Көктем шыға күлімсіреп көк аспан
Әнге толды күйге толды маңайым.
Әліби: Көптен күткен наурыз тойы арайлы
Нұрға бөлеп жатыр міне маңайды
Мал біткеннің бал татыған уызы
Қкат болып қанымызға тарайды.
Ақниет: Шаттығымыз жырымыз
Жаңа наурыз жылымыз
Ақ тілеумен осындай
Бақ боп үйге кіріңіз.
Бақдәулет: Думандасын дарқан жерім
Күмбірлесін күй төгіліп
Наурыз тойы құтты болсын
Қонақ жайлы жомарт елім!
Тәрбиеші: Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін
Аямас өнерпаздар ән мен жырын
Келіңдер наурызда той тойлайық
Билейік, жыр жырлайық,ән салайық.
Ән орындалады «Наурыз біздің жаңа жыл»
Көктеді қыр жағалар
Наурыз тойын тойлайық
Жаңа жылда балалар
Наурыз наурыз
2 рет
Келді біздің жаңа жыл
Жасарды жер, алақай
Наурыз тойын тойлайық
Әсем әнге салайық
Наурыз наурыз
2 рет
Келді біздің жаңа жыл
Залға Наурыз (Гүлсезім) кіріп келеді.
Сәлем ата – аналар
Айналайын балалар
Уақыт үдеп кедім мен
Бақыт тілеп адамға
Тіршіліктің бастауы
Күннің көзін ашушы
Наурыз деген мен болам.
Тәрбиеші: Төрлет жоғары шық әз наурыз
Қараймын, Наурыз келді бүгін көңілсіз!
Тәрбиеші: Балалар Наурызға көмектесеміз бе көп теңге оған жинап береміз бе?
Балалар: Көмектесеміз!
Тәрбиеші: ендеше келіңдер «Ткңге алу» ойынын ойнап ұтқан теңгені Наурызға жинап берейік.
Ойын «Теңге алу» ұйымдастырылады .
Ойнап болғаннан кейін . Бізда қарап тұрмайық! Наурызға көп теңге жинап берейік!
Нұрбек бас киіммен балаларды аралап алдын ала таратылған «теңгелерді» жинап береді.
Тәрбиеші: Көктемді алып келсін деп бәріміз теңгемізді аямаймыз – алыңыз! (жиналған теңгелерді Наурызға ұсынады).
Наурыз: Көп рахмет сендерге .
Бірақ бұл аздық етеді! Мына жиналған алтынға бермейдімаған Жарықхан қызын (күрсінеді басын шайқайды)
Жүргізуші: Наурыз жәгәт налыма
Құдаларды дайында
Ұлан асыр той болады бұл маңда!
Наурыз құдаларды алып келкуге кетеді.
Жүргізуші: Наурыз келгенше біз тақпақ айтып, әрі қарай жалғастырайық . Ортаға Ерасыл, Еркебұлан Нұрбек деген балаларымыз шығып өз тақпақтарын айтып берсін!
Еркебұлан: Бәйшешек гүл ашады
мұздар сайға қашады
суға толып өзен көл кемерінен асады.
Ерасыл: Наурыз келді құт болып
Мыеа бізге сүт болып
Аққа ауызымыз толады
Бар жақсылық болады
Нұрбек:шуақ болып төгілер
Жерге дән болып егілер
Наурыз айын күтуде
Кіп-кішкентай сәбилер
Ән «Көктем келді орындалады»
Залға Жарықханқызы көктеммен кіріп келеді! Олар амандасады. Жайғасып отыра қалады.Жарықханның қабағы ашылсын депкәне қыздар бипыл биімен көңілін көтеіп жіберейікші.Ақмерей Жұлдыз Ақнұр «Бипыл» биін билейді.
Құдалар кіріп келеді. Баршамен амандасады
Құдалар: Амансыңба Жарықхан! Біз сенің қызың Көктемді Наурыз – жігітке сұрағалы келдік .
Жарықхан: Жоқ! Бермеймін деген соң бермеймін! Міне қараңдар қандай жігіттерге қызымды бермедім ал сендер Наурыз дейсіңдер! Жігіттер биі орындалады.
Жарықхан :Күшті де епті батырларғада бермедім! (арқан тартыс ойыны ұйымдастырылады Азамат-Ерасыл
Жарыхан:(ойланып) жарайды алтында керек емес маған,теңгеде. Бірақ сендер шарттарымды орындайсыңдар. Наурыз туралы және оның жақсылығы туралы айтыа беріңдер. (Мақал-мәтелдер айтылады) ән айтып тақпақ айтып тағыда өнер көрсетіңдер.
Жүргізуші: Қане балалар Жарық ханғаөнерімізді көрсетейік, көрсін біздің қандай екенімізді.
Азамат: Әнім де саған биімде
Күт қонақөзің үйімде
Қуаныш әкеліп еліме
Күлімде Наурыз күлімде!
Жұлдыз:Осыншама жақсылық
Алып келген наурызым
Төрлет бізге нұр беріп
Шуақ шашып ақ жүзің
Елібай: Ал балалар ойнайық
Ойнайықта ойлайық
Күні түні он үш күн
Наурыз тойын тойлайық.
Әзілді би-Попурри «Таң ертеңмен бір сұлу қыз...» (Нұрбекпен Ақмерей)
Жарқхан: Енді менің үүшінші шартымды орындаңдар. Менің сиқырлы қылышымды Зымыстаннан алып келіңдер. Сонда ғана қыс қахары қайтып Көктем құлпырып шыға келеді.Көктем Наурызға. Мен саған сиқырлы сыбызғымды берейін. Соның көмегімен шыққан әуенінен қорқады зымыстан!
Наурыз сыбызғыны алып ойнай бастайды. Сыбызғының дуысын естіген зымыстан кіріп келеді.
Зымыстан:О наурыз! Өтінем сенен тоқташы! Саз сырнайдың дауысынан бүкіл денем еріп мазамды қашырып жатыр!
Наурыз: Сен маған сиқырлы қылышты бер, мен сыбызғы ойнаудыда тоқтатамын !Зымыстан қылышын қайтіп береді! Жарайды сендердікі-ақ болсын! Енді мен солт-к мұзды еліме қайтайын! Сау болыңдар! (шығып кетеді) наурыз қылышты алып Жарқханға береді: Міне мен сиқырлы қылышыңызды алып келдім!
Жарықхан: жарайсың Наурыз көктемді жіберем өзіңмен! Ұлан асыр той болсын елімізде! Қане қолдарыңды жайыңдар, батамды берейін.
Тәрбиеші: Бақытты Наурыз бен Көктемнің тойын бүкіл адамдар тойлайды. Сол тойға арамызда келген айтыскер-ақындар келіп отыр.Ақнұр мен Ақниеттің айтысы.
Ұлттық аспаптар оркестры орындауында «Шашу» күйі.
Жүргізуші: Атыңнан айналайын қазақ әні
Көрінген көмейіңнен таза жаны
Көтерген көңілімді көкке тіреп
Әні мен биі – халқымның аманаты.
Би «Қара жорға»
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі