Өлең, жыр, ақындар

Байбөрі баласы Бамсы Байрақ жырдың сюжеттік желісі. Дананың сөзі – ақылдың көзі Қорқыт

Сабақ:  №1

Мектеп:  №49 Ш.Уалиханов

Күні: 4.09.18

Мұғалім:  А.Айнабекова

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны: 19

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Байбөрі баласы Бамсы Байрақ жырдың сюжеттік желісі. Дананың сөзі – ақылдың  көзі Қорқыт

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Т\Ж1-әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін анықтау.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Қорқыт ата кітабында неше жыр бар екенін, ол жырлардың тақырыбы не туралы екенін анықтай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Қорқыт ата туралы монолог айта алады алады, мұғалімнің көмегімен ғалымға баға бере алады, шығармаларының мазмұнын салыстыра алады және атап өтеді.

Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы бойынша дәйексөз келтіреді, өз ойын пайымдай отырып, сын айта алады.

Бағалау  критерийі

Қорқыт ата тақырыбын жан-жақты зерделей алады;

Жырдың сюжеттік желісіне талдау жасайды.

Эпизодтарды салыстыра талдайды, бейнелерді жинақтап баға бере алады. Сыни пікір айтып, редакция жасай алады.

1. Нені білуі керек? 
Оқушыларға VIII ғасырда өмір сүрген түркі халқының атақты ақыны туралы мәлімет беру, жаңа сөздермен таныстыру, ой өрістерін кеңейту. 
2. Нені үйренуі керек? 
Сөздерді қолдана отырып, мәтінмен жұмыс түрлерін орындап үйрену, Қорқыт туралы аңыздар мен деректерді өз беттерінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық, ауызекі сөйлеу дағдыларын арттыру.. 

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, сын тұрғысынан ойлай білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады. Топтық және жұптық жұмыс жасау.

Тілдік мақсаттар

Ұлы ойшыл, жырау, қобызшы, күйші, эпос.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Электрондық оқулық

Дефференциация

Оқушылардың барлығы жырдың мазмұнын игереді.

Оқушылардың көбісі жырдың жанрлық ерекшелігіне ,сюжеттік желісіне талдау жасайды.

Оқушылардың кейбірі сюжеттік желіні талдап,шағын эссе жазады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Қорқыт туралы осыған дейінгі білетіндерін ортаға салады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

 Сабақ басы

5 мин

 

Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Тақырыпқа ену үшін уақыт өлшемдері туралы сұрақтарға жауап береді.

 «Миға шабуыл» Ой қозғау.

Өткен сабақты пысықтау:

1. Орхон ескерткіштері қай жерден табылды?

2. Түрік қағанатының негізін құраған кім?

 3. Орхон жырларының қазақ эпостарымен ұқсастығы неде?

Тақтадан қобыздың суретін көрсету.Сұрақтар қою. 
 • Тақтада не көріп тұрсыздар? 
 • Бұл қандай аспап? 
 • Қобыз туралы не білесіңдер? 
 • Бұл аспапты көргенде біз кімді есімізге аламыз? 
 • Қобыз үнін естідіңіздер ме? 
Балалар қобыз туралы білетін аңыздарын айтып береді, күй тыңдалады. 
Иә, дұрыс, жарайсыңдар. 
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: “Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт” Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.

Үлестірме қағаз;

Слайд 1-4

 

 

 

Сабақ ортасы

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   1. Ой қозғау. Оқушылардың қызығушылығын ояту.

Қорқыт ата кім болған? Қай ғасырда өмір сүрген? Шыққан тегі. Интерактивті тақтадан Қорқыт атаның суретін көрсету (1-слайд).

   1. Қорқыт ата VIIІ ғасырда қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын баят руынан шыққан, анасы – қыпшақ қызы.

   2. Қорқыттың өмірге келуі туралы аңыз. Қорқыт туыларда анасы тоғыз күнбойы қатты қиналады, алай-түлей боран соғады, нөсерлі жауын құяды, айналаны қара түнек басып, күн күркіреп, жұрттың құтын қашырып, зәресін үшырады. Халық жаңа туылған балаға «Қорқыт» деп ат қояды.

   3. «Қорқыт» сөзінің этимологиясы. 1) «Қорқ» сөзі – «ақыл айтушы» деген мағынада қолданылады. 2) «Қорқыт» сөзі «құт әкелуші адам» деген мағынада қолданылады.

   4. Қорқыт атанға 1980 жылы Қызылорда облысының Жосалы стансасынан 18 шақырым жерде ескерткіш –кешен тұрғызылды.

   2. «Болжам кестесі» әдісі

   1-қадам. Мұғалім жырды бөліп оқиды.

   2-қадам. Үзінді оқылып болған соң, мұғалім оқушылардан әрі қарай не болатынын сұрайды және жорамалын кестенің 1-бағанына жаздырады.

   3-қадам. Оқушылар өз болжамдарын 1-үзіндінің мазмұнын сүйене отырып, кестенің екінші бағанын толтырады.

   4-қадам. Жырдың жанрын анықтау. Жұмыс осы сызба арқылы жалғасады.

   Қалыптастырушы бағалау: өзара бағалау.

     Кері байланыс

    Жағымды пікір: (Не ұнады?)

    Сындарлы сын: (Не нәрсені жақсарту керек?)

    Келешекке арналған пікір: (Маған не ұнады, бірақ....)

     Үй тапсырмасын беру

Мәтін жазылған үлестірме қағаз

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (4)

aknursembi

Рақмет көп көп

Жадра

Керемет

черный

куштии

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз