Өлең, жыр, ақындар

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер

Ақтөбе қаласы
№44 ауысымдық (кешкі) жалпы білім беретін мектеп
Математика пәнінің мұғалімі
Ахметова Гульжан Закулгадиновна

Қысқа мерзімді жоспар

5 класс

Тақырыбы:

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер

Күні, айы:  19.01.2018

Мұғалімнің аты-жөні:  Ахметова Г.З.

 

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.5.1.3 жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару (мысалы, бірлесіп жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа);

Сабақ мақсаты

1. Оқушыларға бөлігі бойынша санды табу ережесін, бөлігі бойынша санды таба білуді үйрету. 

2. Есеп шығару арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту

3. Жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

1.Ұйымдастыру

 

2. Үй  тапсырмасы тексеру

 

 

 

3.Өткен материалды қайталау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Бекіту

 

 

5. Рефлексия

 

 

8. Сабақты қорытындылау

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару

Оқушылар «Аспаздар», «Фермерлер», «Токарьлар», «Құрылысшылар» топтарына бөлініп, өздеріне алдын-ала берілген есептерді қорғайды.

 «Математикалық диктант»

     1)  түріндегі санды (мұндағы m – натурал сан немесе нөл, n-натурал сан) жай        бөлшек деп аталады.

2) m саны  бөлшегінің алымы, ал n бөлімі деп аталады.

3) алымы мен бөлімі өзара жай сандар болатын бөлшекті қысқартылмайтын бөлшек деп атайды.

4) Алымы бөлімінен кіші жай бөлшекті дұрыс жай бөлшек деп атайды.

5) Алымы бөлімінен үлкен немесе оған тең жай бөлшекті бұрыс жай бөлшек деп атайды.

6) Жазылуында бүтін немесе бөлшек бөлігі бар сан аралас сан деп аталады.

7) Көбейтіндісінің мәні 1-ге тең екі сан қзара кері сандар деп аталады.

8) Жай бөлшектің жазылуындағы бөлшек сызығын бөлу белгісі деп түсіну керек.

9) Жай бөлшектің алымы мен бөліміне көбейтілетін сан толықтауыш көбейткіші деп аталады.

10) Жай бөлшектің алымы мен бөлімін олардың бірден өзгеше ортақ бөліміне бөлу бөлшекті қысқарту деп аталады.

11) Бұрыс жай бөлшекті аралас санға айналдыруды бұрыс жай бөлшектің бүтін бөлігін айыру деп атайды.

12)  жай бөлшегі үшін  жай бөлшегі кері бөлшек.

Сәйкестікті тап. Жай бөлшектерге амалдар қолдану есептері шығарылады.

Қызықты сұрыптау. Оқушылар дұрыс жай бөлшектер мен бұрыс жай бөлшектерді екі топқа сұрыптайды.

Кахут тесті. Әр топ бір-бір ұялы телефонды пайдаланып, тест сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау.  

Дескриптор: Білім алушы

-жұмыс өнімділігін анықтайды;

-арифметикалық амалдар қолданады;

-жауабын жазады.

І нұсқа

1. Бассейн бір құбыр арқылы 12 сағатта, ал екінші құбыр арқылы 24 сағатта толады. Егер бассейн екі құбырдан қатар толтырылса, неше сағатта толады?

2. Шебер барлық жұмысты 4 сағатта жасайды, ал оқушысымен бірге 3 сағатта жасайды. Егер оқушысы өз бетімен жұмыс жасаса, осы жұмысты қанша уақытта жасайды?

ІІ нұсқа

1. Бір шебер барлық тапсырысты 30 сағатта, ал екінші шебер 15 сағатта жасайды. Шеберлер бірігіп тапсырысты неше сағатта жасайды?

2. Бір бригада жолды 30 күнде жөндейді, ал екі бригада бірігіп 20 күнде жөндей алады. Екінші бригаданың өзі жолды қанша күнде жөндейді?

Бүгінгі сабақ бойынша өзіңді бағалау ағашының қай жерінде тұрмын деп ойлайсың? (қорша) Неге?

Үйге тапсырма: № 590, 591, 592

Бағалау. Оқушылардың белсенділігіне байланысты бағаланады.

 

                                                                Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз