Өлең, жыр, ақындар

Туған өлкем тамаша!

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері: Көркем әдебиет

Тақырыбы: № 11 «Туған өлкем тамаша!»

Мақсаты: Балалардың қоғамдық қарым- қатынастар жүйесіне енуге қажетті маңызды адамгершілік қасиеттерін дамыту, еңбек дағдыларын, жалпы адамдық құндылықтардың нормаларын білу, салт- дәстүрлер мен ережелер негізінде әлеуметтік- мәдени тәжірибиесін қалыптастыру.

Білімділік: Туған өлке туралы түсінік беру. Сұрақтарға толық жауап беруге, өз ойларын айта білуге үйрету.

Дамытушылық:Отбасында туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін дамыту.

Тәрбиелік:Туған жерінің табиғатын сүюге, оны қорғауға, потриоттық  сезімге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жаттату.

Қолданылатын көрнекіліктер: Отан, табиғат жайлы суреттер.

Қостілділік: туған өлке- родной край.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

 іс-әрекеті

Мотивациялық-оятушылық

Шаттық шеңбері.

 

Кірпігімізді төмен түсірсек,

          Көзіміз жұмылады.

          Енді еркін демалайық,

          Ғажап қандай ұйықтасақ.

          Көз алдымызға туып-өскен,

          Жерімізді елестетеміз.

          Аула толған гүлдерге.

          Гүлдерді искеп,

          Таза ауамен демаламыз.

          Қолымызды жоғары көтеріп,

          Жұдырығымызды түйеміз,керілеміз.

Мақалды талдау: «Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.»

Өзіңнің туған жерің, елің әрқашан ыстық

болады. Алысқа ұзап шықсаң, сағынасың. Сондықтан да атам қазақ жер қадірін, ел

қадірін осындай мақалдармен жеткізген.

Балалар шаттық

шеңберіне жиналып, жүрек жылуын сыйлайды.

 

 

Өлең жолдарын

қимылмен

орындайды.

 

 

 

 

 

 

Мақалды талдайды.

 

 

 

Тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

-Қане, балалар, өз туған жерлерің жайлы не білесіңдер?

Үлгі жауап:

-Менің туған өлкем-Талдыбұлақ ауылы.

Туған өлкемнің табиғаты тамаша. Біздің ауылымыз

тау баурайында орналасқан. Біз жазға

 демалыста ауылымызға отбасымызбен

барып қайтамыз.

-Біздің туған жерімізге Қазақстанның барлық жері жатады. Туған өлкеміздің табиғаты

тамаша! Орман-тоғайлы, көлі мен өзендері

де қаншама. Туған өлкеміз байлыққа толы. Астық

мол өседі, мұнай, алтын, күміс т.б. пайдалы қазбалар алынады.

-Алмас, сен қайда тудың?

-Айжан, сен қай қалада тұрасың?

-Балалар, сендерге туған өлкелерің несімен ұнайды?

Сергіту сәті өткізіледі:

          Керілеміз, созыламыз,

          Терең алып тынысты.

          Оңға бір, солға бір,

          Терең алып тынысты.

          Жалғаймыз біз жұмысты.

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін орындайды.

Рефлекциялық- түзетушілік

Е. Елубаевтың «Достық» өлеңін жаттату.

-Өлеңнің авторы кім?

-Өлеңде не туралы айтылған?

-«Ортақ мекен-жер шары» дегенді қалай түсінесіңдер?

Жаттайды.

 

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтижелер:

Нені білді: Туған жердің ыстық әрі ерекше болатынын білді.

Нені меңгерді: Жер шарының ортақ мекен екені жайлы.

Нені жасай алады: Отбасына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін көрсете алады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз