Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың дәстүрлі әндері

Қысқа мерзімді жоспар

                                              

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Музыка  өнері және қазақтың киелі домбырасы

Мектеп

Күні: 10.12.18

Мұғалімнің аты жөні: Міркемел Айнұр Мұратқызы

Сынып: 7

Қатысушылар саны:  13 (12)

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Қазақтың дәстүрлі әндері

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме) 

7.Т/А2.Әлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына байланысты  диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан  үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау

7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды  қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу.

Сараланған сабақ мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Әлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына байланысты  диалог, монолог, полилогтердегі автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдай алады;

Көптеген оқушылар істей алады: Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды  қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жаза алады;

Кейбір оқушылар істей алады: Тыңдалым мәтініндегі фактіге өзіндік көзқарас білдіре алады 

Бағалау критериі

Әлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына байланысты  диалог, монолог, полилогтердегі автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдай алады;

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды  қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жаза алады;

Тыңдалым мәтініндегі фактіге өзіндік көзқарас білдіре алады 

Тілдік мақсаттар

 

Пәндік сипаттағы лексикалық терминдер: музыка, ырғақ, мақала, көзқарас, интервью

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер: қобыз, әуен, сазды, Біржан сал, Арқа мектебі, ырғақты, дәстүрлі, диапазон

Құндылықтарды дарыту

 

 

Ынтымақтастық – жұптық, топтық жұмыс, ұйымдастыру барысында жүзеге асады; Ашықтық, құрмет – пікірталас барысында жүзеге асады;

Еңбек пен шығармашылық – мақала жазу барысында жүзеге асады;

Пән аралық байланыс

Музыка – музыка аспаптары мен музыка түрлерін ажыратады

Қазақ әдебиеті – мақала жазу барысында ой қорытындылайды

АКТ-ны қолдану дағдылары

Көрсетілім  - бейнебаянды көріп, талқылайды.

Модельдеу -  оқушылар сұхбат құрастырып, дәстүрлі әндерді жаңғыртудың жолын ұсынады

Ұсыну, қайталай ұсыну және қарым-қатынас – пікірталас барысында өз ойларын дәлелдейді, бір – бірінің пікіріне баға береді.

Қосымша білім

 

 Қазақ дәстүрлі әндері

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Бөлінген уақыт

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)

 

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

  1. Үй тапсырмасын тексеру; Бір әннің шығу тарихын айтады.   Өзара бағалау әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды.  

2. «Аударма». Оқушыларға үш тілдегі сөздері бар парақшалар таратылады.

   Критерий: Сөздерді сәйкестендіріп, тақырыпты болжайды.

   Дескриптор: 1. Қазақ сөзінің орысша аудармасын табады

2. Сәйкестендіреді

3. Орыс сөзінің ағылшынша аудармасын табады

4.  Сәйкестендіреді

5.Тақырыпты анықтайды

ЫРҒАҚ

ИСТОРИЯ РАЗВИТИЯ

TRADITIONAL

ДАМУ ТАРИХЫ

ПРЕДСТАВИТЕЛЬ    

REPRESENTATIVE

ДӘСТҮРЛІ

РИТМ

rhythm

ӨКІЛ

ТРАДИЦИОННЫЕ 

 

THE HISTORY OF DEVELOPMENT

ЫРҒАҚ РИТМ       RHYTHM

ДӘСТҮРЛІ    ТРАДИЦИОННЫЕ  TRADITIONAL

ДАМУ ТАРИХЫ ИСТОРИЯ РАЗВИТИЯ THE HISTORY OF DEVELOPMENT

ӨКІЛ ПРЕДСТАВИТЕЛЬ     REPRESENTATIVE

Бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Қазақтың дәстүрлі әндері»

 

3. «ББҮ» кестесі.Не білетінін, не білгісі келетінін  толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

 

Топқа бөлу. Оқушыларға қима қағаздар ұсынылады. Сол парақшалар негізінде топқа бөлінеді.

1-топ. «Арқа мектебі»: Біржан сал, Әсет Найманбайұлы, Ақан сері, Бекболат Тілеухан, Қайрат Байбосынұлы

2-топ. «Жетісу мектебі»: Кенен Әзірбайұлы, Бейсебай Қаратайұлы, Тәбия Қаражанқызы, Дәурен сал Құдабайұлы

3-топ: «Батыс Қазақстан мектебі»: Мұхит Мералыұлы, Кенже Әділұлы, Жеткізген Сейітұлы, Айгүл Қосанова

 

ББҮ кестесі

Сабақтың ортасы

 27 минут

Білу, түсіну

Оқылым. Мәтінді оқып, талқылаңдар.

Критерий: Мәтіннің жанрын анықтап, ойларын ортаға салады.

Дескрипторлар: 1. Мәтінді тыңдайды

2. Мәтіннің жанрын анықтайды

3. Мәтіннің тақырыбын анықтайды

4. Мәтінге өз көзқарасын білдіреді.         

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӘН ӨНЕРІ

Қазақ халқының рухани жәдігерліктерінің ішінде мақтаныш етер бай мұрасының бірі – дәстүрлі әндер. Киелі қара домбыра мен қарт қобыз сүйемелдеуімен айтылатын дәстүрлі ән өнері кемел құрылымымен, кең диапазон, күрделі ырғақ- иірімдерімен ерекшеленеді.

       Арқа өңірінде 19 ғасырдың екінші жартысында қазақтың халықтық кәсіби әншілерінің мектебі қалыптасты. Оның негізін қалаушы әнші – Біржан сал Қожағұлұлы (1831-1894). Арқа ән дәстүрінде салған әні сахараға жайылған сондай әншілер Ыбырай Сандыбаев пен Әміре Қашаубаев. Бұл мектептің әндеріне «Ләйлім Шырақ», «Сұрша қыз», «Ғалия», «Балқадиша» және т.б. жатқызамыз.

       Батыс аймағының ауызша кәсіби әншілік мектебін. Мұхит Мералыұлы (1841-1918) қалады. Оның халық арасына кең тараған «Айнамкөз», «Үлкен Айдай» , «Кіші Айдай» , «Зәуреш», «Паңкөйлек», «Дүние», «Ақ иіс» әндері қазақ музыка мәдениетінің алтын қорындағы арналы үлгілер.

      Жетісу әншілік музыка мектебінің бастауы Дәурен сал Құдабайұлы шығармашылығынан бастау алады. Ол дәстүрді жалғастырушы әнші-композиторлар - Бейсебай Қаратаев, Иса Тергеусізұлы, Қаражанова, Омарқұл Итаяқов.  «Ғайша», «Дүние шіркін», «Ай-хой» және т.б. осы мектептің даңқын шығарған.

      Қорытындылай келе, Александр Затаевичтің сөздерін атап өткен жөн: «Қазақтар қуатты, алысқа жететін, кеңістікті кернейтін дауыстарды аса жоғары бағалайды, шырқаған дауысы қас қарайғанда 7-8 шақырымға жететін әншіге жететін адам жоқ».

     Қолдану, талдау.

«3W». Қазақтың дәстүрлі әндерін талдаңдар.

Критерий: Қазақтың дәстүрлі әндерін талдайды

Дескрипторлар:

1. Не? деген бөліміне өздерінің дәстүрлі ән мектебінің түрін жазады

2. Дәстүрлі ән мектебінің өкілдері мен орындайтын әндерін көрсетеді.

3. Дәстүрлі әннің қандай екенін талдайды.

4. Мәтіннен фактілерді анықтайды

5. Кестеден жинақы мәтін құрастырады

 

«3W» кестесі

Не?

Кім?

Қандай?

1-топ. Арқа мектебі

2-топ. Жетісу мектебі

3-топ. Батыс Қазақстан мектебі

 

 

«ҚБ». «+/-/қызықты». Топтар бір-бірінің еңбегін бағалағанда, тапсырманың орындалуының тиімді тұсын, қызықты жағын, жетілдіретін жағын атап өтеді.

«Интерпретациялау».

Критерий: Мәтінді тыңдап, мұқият оқып, интерпретациялайды

Дескрипторлар: 1. Мәтіннен фактілерді анықтайды

2. Мәтінге байланысты бірнеше проблемалық сұрақ ойластырады

3. Мәтінге байланысты өз көзқарасын білдіреді

4. Өз ойын білдіру барысында орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды сақтайды

1-топ: «Интервью». Сұхбат беруші, сұхбат алушы.

2-топ. «Постер».     

3-топ.  «Жарнама».

«ҚБ». «+/-/қызықты». Топтар бір-бірінің еңбегін бағалағанда, тапсырманың орындалуының тиімді тұсын, қызықты жағын, жетілдіретін жағын атап өтеді.

Сергіту сәті. Ән тыңдау.

Жазылым. Кітаптың 73 бетіндегі 3-тапсырманы орындаңдар. Жұпта сөйлем құрастырыңдар.

Критерий: Кестедегі мәліметтерден сөйлем құрастырыңдар.

Дескрипторлар: 1. Мәліметпен танысады

2. Екі сөйлем құрастырады

3. Орфографиялық норманы сақтайды

4. Құрастырған сөйлемді бағалайды

Мысалы: Қазақтың романс тектес әндері мыналар: «Ақбақай», «Жиырма бес», «Япурай», «Ғайни» және т.б.

1-топ жұптары: Сатиралық-юморлық әндер, Қара өлеңге құралған әндер.

2-топ жұптары: Қыз-келіншек әндері, Желдірме әндер

3-топ жұптары: Эпостық мазмұндағы әндер, Авторлық арнау әндер

Жинақтау, бағалау

 «МАҚАЛА». Сіздің француз досыңыз қазақтың дәстүрлі әндеріне қызығушылық білдіріп жүр. Сізден қазақтың дәстүрлі әндері туралы әңгіме не мақала құрастыруыңызды өтінді. Басты талабы мақала не әңгімеде қазақтың дәстүрлі әндерін қайта жаңғыртудың бір-екі жолы ұсынылуы тиіс.

Критерий: Қазақтың дәстүрлі әндері туралы мақала не шағын әңгіме құрастырады. Әрбір оқушы жеке.

Дескриптор: 1. Қазақ дәстүрлі әндеріне сипаттама береді;

2. Оның түрлері мен өкілдеріне  тоқталады;

3. Қазіргі белгілі орындаушылар мен әндерді атап өтеді;

4. Өзіндік көзқарасын білдіреді;

5. Қайта жаңғыртудың жолын ұсынады;

6.  Орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды сақтайды;

1,3-топтар: мақала, 2-топ:әңгіме

ҚБ. «+/-/қызықты». Топтап үздігін таңдайды. Өзін-өзі бағалау. Тиімді тұсын атап өтеді. Жетілдіретін тұсын айтады.

 

Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://infourok.ru/debisaz-keshi-aza-halini-dstrli-n-neri-1582140.html

  

Аудиотаспа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың аяғы

8 минут

Рефлексия: «ББҮ» кестесі. «Үйрендім» дегенді толтырады

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы: Сұхбат: Өз достарыңыздан немесе жақындарыңыздан қазақтың дәстүрлі әндеріне қатысты 3 сұрақтан тұратын 3 сұхбат алыңыз.  Нәтижелерін саралаңыз.

 

«ББҮ» кестесі

Дифференциация – Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз?  Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? 

Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз? 

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорау

Барлық оқушылар істей алады: Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды  қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жаза алады

Көптеген оқушылар істей алады: етістіктің шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдана алады

Кейбір оқушылар істей алады:  фактілер мен көзқарасты ажырата алады

 

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек».  Оқушылар бір-бірінің жауабының тиімді тұсы мен жетілдіретін тұсын атап, ұсыныс жасайды

 

 

ҚБ. «+/-/қызықты». Әрбір топ бірі-бірінің орыдһндалған тапсырмаларын  бағалауда тиімді тұсы мен жетілдіретін тұсын айтып, қызықтысын талқылайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ басталар алдында, кабинеттің ауасын тазартып аламын. Сыныптың тазалығын қадағалаймын. Парталардың дұрыс тұруына назар аударамын. АКТ-ны тек 15-20 минут қолданамын. Компьютер мен интербелсенді тақтаның сымдарының байланып қалмауын бақылаймын.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме?  Егер жетпесе неге?

 Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма?  Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?

Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз.  Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.   

 

Жалпы бағалау

 

Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)? 

1:

 

2:

 

Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?  

1:

 

2:

 

Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек? 

 

               


                  


Пікірлер (3)

Тоқтархан Жандос

Жұмысыңыз жақсы екен. Еңбегіңіз жана берсін!

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз