Өлең, жыр, ақындар

Отырарлық ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби. Жалғаулардың орналасу тәртібі

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Әділбекова Жанар

Қазақ тілінен ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Отырарлық ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби. Жалғаулардың орналасу тәртібі

Сабақтың мақсаты: Әбу Насыр Әл-Фараби туралы ой пікірлерін қалыптастыру, грамматика бойынша білімдерін пысықтау.

Білімділік міндеті: Әбу Насыр Әл -Фарабидің білімдар, ақылгөй, данышпан, ойшыл, зиялы ірі тұлға екенін студенттерге жеткізу, зат есімнің жалғаулары бойынша білімдерін толықтыру.

Дамытушылық міндеті: студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту, грамматикалық ерекшеліктерін қалыптастыру, ойларын еркін жеткізуге және сауатты болуға дағдыландыру.

Тәрбиелік міндеті: студенттерді адамгершілікке, ізгілікке баулу. Өнер адамын, елін, тарихын, тілін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО (сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары)

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, география, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

Көрнекілік: Ғалымның суреті, еңбектер жиынтығы, слайдтар

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Студенттермен амандасу.

Ә) Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру.

Б) Студенттердің зейіндерін  сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Зат есімнің жалғаулары. Түркістан қаласы

М. Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңін жаттау

1.«Жедел жауап» Сұрақтар беру.

1. Зат есім дегеніміз не?
2. Зат есім қалай түрленеді?
3. Қазақ тілінде қанша түрлі жалғау бар?
4. Көптік жалғауларды ата?
5. Септіктердің сұрақтарын ата.
6. Жіктік жалғаулар қандай зат есімдерге жалғанады?

2. «Адасқан жалғаулар» ойыны

«Туған жер... жуас.. да тәтті.                   -ы,  -дің,

Туған жер...  ауас... да шипа,                   - дің,- ы,  -ын,- ы, -тың,- ын,- ін,- ы, -ын, -ы,- тің,-                                                                   
Жеті атас... білген ұл                                  

Жеті жұрт... қам жер.                                -пен,-ға,-дан,-на

Өз... ғана білген ұл

Құлағ... мен жағ... жер.

Намыс... жоқ жігіт... намыс... не ісі бар?
Жақсы  жақын көп

Жақсы…   үйрен, жаман… жирен»

ІІІ. Жаңа сабақ. Отырарлық ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби. Жалғаулардың орналасу тәртібі                   

Слайд арқылы Әбу Насыр Әл -Фараби өмірі шығармашылығынан ақпараттар беру.

Кіріспе.

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер,

Батырлар дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер,

Ғашықтар бір- бірін өпкен жер.

Сарылып сал- сері кеткен жер

Бас иіп, иіспен топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер!

1. Мәтінмен танысу:  Әл-Фараби 870 ж. Арыс өзенінің жағасында орналасқан Фараб шаһарында дүниеге келген. Оның туған жері – ежелгі қазақ қаласы Отырарды Арабтар (Фараб) деп атаған, Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы.

Ғалым білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазды. Исламмен, араб халифатымен байланысты барлық қалаларда болған. Ол сарайлық әбігершіліктен алыс өмір сүруді жөн көріп, ғұмырының соңғы жылдарын мен Шамда (Дамаскіде) өткізеді.

Әл Фарабиді неміс шығыстанушылары ұлы, бірегей тұлға деп атап көрсетеді. Ғалым-энциклопедист, ғұлама көзі тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған. Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқық қызықтырды.

 2. Сөздікпен жұмыс

Әбігершілік — бір нәрсеге мазасыздану, әбігерге түсу (беспокойство)

Тұжырым — белгілі бір ойды қорытындылау(вывод)

Шығыстанушы — шығыс халқын зерттеуші (востоковед)

Бірегей — ерекше, айрықша (уникальный)

Шаһар — қала (город)

Аристотель — грек елінің ұлы ғалымы

Шам — қазіргі Сирия мемлекетінің астанасы Дамаск қаласының көне атауы.

3. Мәтіннен жалғауларды тауып, түрлеріне ажырату.

4.Тақтамен, дәптермен  жұмыс: Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазу.

Ұлы данышпан   ….. туған.

… Арыс өзенінің бойында орналасқан.

Арабтар Отырарды  …. атаған.

Отырар,… ең ірі қалалардың бірі.

 

Семантикалық карта

 

Мысалдары 

жұрнақ 

көптік 

септік 

тәуелдік 

жіктік 

1

Балам 

 

 

 

      

 

2

Кітаптың 

 

 

 

 

 

3

Оқушы 

 

 

 

 

 

4

Мұғалімнің 

 

 

 

 

 

5

Қалада 

 

 

 

 

 

6

Доссыңдар 

 

 

 

 

 

7

Құстар 

 

 

 

 

 

8

Ағалар 

 

 

 

 

 

9

Терезесі 

 

 

 

 

 

10

Сыныбымыз 

 

 

 

 

 

11

Атпен 

 

 

 

 

 

12

Үлкенсің 

 

 

 

 

 

13

Егеулер 

 

 

 

 

 

14

Тәлімгер 

 

 

 

 

 

15

Гүлдер

 

 

 

 

 

16

Әкем 

 

 

 

 

 

17

Қыздар 

 

 

 

 

 

18

Есігіміз 

 

 

 

 

 

19

Ақылды 

 

 

 

 

 

20

Емхана 

 

 

 

 

 

21

Ауылым 

 

 

 

 

 

22

Үйшік 

 

 

 

 

 

23

Кілемдер 

 

 

 

 

 

24

Қаламмен

 

 

 

 

 

25

Дәрігермін 

 

 

 

 

 

 

5. Сабақты бекіту:

6. «Бабадан қалған асыл сөз». Слайд арқылы Әл Фарабидің нақыл сөздерін оқып, мағынасын түсіну. Ұнағанын жазып алу.

— Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.

— Білімді болу деген — жаңалық ашуға қабілетті болу.

— Мінез — жанның айнасы.

— Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. 

2) «Әл- Фараби» сөзіне топтастыру стратегиясы.

Аристотельден кейінгі  екінші ұстаз

Ұлы ойшыл                                       

Ғалым

Энциклопедист  

Музыка зерттеуші     

Бірегей тұлға

Ұлы философ

Ұстаз

Шығыстанушы

Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс.

«Ұлы ойшылға хат»  «Аңыз адам»

Қажетті сөздер: Ұлы ғалым, білім мен өнер, философиялық тұжырым, өнегелі өмір, жастайынан, мәңгілік мұра.

Сабақты қорытындылау:
Көптеген ақын жазушыларымыз Әл - Фараби туралы көптеген өлеңдер жазған.
Солардың бірі М. Шахановтың «Арман» өлеңін студенттерге тыңдату.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз