Шығыс Қазақстан облысы
Көкпекті ауданы Көкжайық ауылы.
Г. С. Доспанова Көкжайық орта мектебінің
бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация жасау
Мақсаты:
Тәрбиелігі: табиғат сұлулығын көре және сезіне білуге тәрбиелеу арқылы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
Дамытушылығы: есте сақтау, бейнелі ойлау, көз алдына елестете білу, қиялдау, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру арқылы шығармашылық ізденістерін дамыту;
Білімділігі: Абай шығармаларына иллюстрация жасау арқылы сурет салу дағдыларын арттыру, акварель техникасын меңгеруді жалғастыру.
Түрі: жаңа тақырыпты меңгеру.
Көрнекілігі: суреттер, репродукциялар, иллюстрациялар, слайд.
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ әдебиеті.
Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, үнтаспа.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: сурет альбомы, қарындаш, өшіргіш, акварель, қылқалам, палитра, бейнелеу өнері оқулығы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оқу-құралдарын тексеру.
2. Психологиялық тренинг. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтып жүрек жылуын сыйлайды.
3. Үй жұмысы. Көрме ұйымдастыру. Оқушылар суреттерін қорғайды.
4. Өткенді қайталау.
1. Табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма?
2. Суға езілетін қою бояу?
3. Суретшінің құралы?
4. Бейнелеу өнерінің бір түрі?
5. Заттар мен бұйымдар бейнеленген көркем шығарма?
6. Адамның келбеттік тұлғасы бейнеленген көркем шығарма?
7. Қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі?
5. Жаңа тақырып. Живопись — өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Живопись дегеніміз — әр түрлі бояу түрлерімен жазықтык бетінде орындалатын көркем шығарма. Живопись атауы орыстың «живой писать» деген сөзінен алынған, яғни көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу деген мағынаны білдіреді. Живопись бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып табылады. Живопись қағазға, картонға, тақтайға, кенепке, т. б. орындалады. Негізінен қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуашь, темпера, майлы бояу, пастель, сангина және т. б. Живопись ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы, түрлі сулы бояулармен — темперамен, гуашьпен, акварельмен орындалған живопись болады.
Бүгін біз сендермен Абайдың шығармаларына иллюстрация жасап үйренеміз. Ұлы ақын, суреткер – Абай Кұнанбаевтың (1845-1904) сегіз мыңдай өлең жолы, 45 қара сөзі, дастандары, аудармалары, лирикалық өлеңдері бар. Соның ішінде табиғат лирикасына тоқталайық. (Мұғалім «Жаз», «Жазғытұрым», «Қыс», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдерін оқиды, оқушылар слайд арқылы суреттерді тамашалайды).
6. Сарамандық жұмыс.
«Желсіз түнде жарық ай»
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқығанда жазғы тамаша табиғатты көз алдымызға елестетеміз. Бұл өлеңде Абай нені айқын өрнектеп бейнелеген? Әрине, құпия мен жұмбақ сырға толы тамаша табиғат! Желсіз тынық жылы түн. Айнала жым-жырт. Аспанда толықсыған ай сәулесін шашып, бүкіл далаға нұрын төгіп тұр. Су бетіндегі айдың сәулесі өзен бетін көгілдір-сары алтын түске бөлеп, діріл қағады. Ағаш жапырағы өздерімен-өздері сыбдырласып, түннің тыныштығына құлақ салғандай. Жер беті ерекше сұлулыққа бөленгендей. Ақынның «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ғажайып сырлы үн ғана емес, түрлі-түсті бояулардан жасалған келісті бір дүниені жанымызбен сезіп, көзімізбен көргендей боламыз. Ал енді осы көріністі қағаз бетіне салып көрейік. Өзен, су, жер, қалың ағаш - бұның барлығы бір бүтін көріністі құрайды. Жұмысты акварельмен орындаймыз. (Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі ойнап тұрады). Сурет салу барысын мұғалім мұқият қадағалап әр оқушыға жекелей көмек көрсетіп бағыт береді.
Бекіту. Сұрақ-жауап арқылы білімді бекіту.
1. Иллюстрация дегеніміз не?
(кітап безендіруде қолданылатын көркемсурет)
2. Абай кім?
(ұлы ақын, суреткер)
3.Өлеңдерде табиғаттың қай мезгілдері суреттелген?
7. Қорытынды. Көрме ұйымдастыру, суреттерді талдау, бағалау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі