Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
№18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы бiлiм беретiн мектеп
Нугманова Бибигуль Багитжановна
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың Ықтималдықтар теориясының элементтері Сынып: 9 |
Мектеп: №18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы білім беретін мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Нугманова Б.Б. Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы: |
Ықтималдықтар теориясының негіздері |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
9.3.2.4 - ықтималдықтың статистикалық анықтамасын білу |
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: статистикалық ықтималдық анықтамасын сипаттай алады және үлкен сандар заңы туралы түсінеді. Көпшілігі: кездейсоқ оқиғаның салыстырмалы жиілігін пайдаланып, статистикалық ықтималдықты таба алады. Кейбіреуі: статистикалық ықтималдықты өмірмен байланыстырып есептер шығара алады. |
Бағалау критерийі |
- статистикалық ықтималдық анықтамасын сипаттайды. - кездейсоқ оқиғаның салыстырмалы жиілігін пайдаланып, статистикалық ықтималдықты табады. - статистикалық ықтималдықты өмірмен байланыстырып есептер шығарады. |
Тілдік мақсаттар: |
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Оқиға түрлері, классикалық, салыстырмалы жиілік, үлкен санының заңы, статистикалық ықтималдығы Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Оқиғаның ықтималдығы дегеніміз... Классикалық ықтималдық дегеніміз.... Статистикалық ықтималдық дегеніміз... |
Құндылықтарға баулу
|
Өмір бойы білім алуға, ынтымақтастыққа, құрмет, азаматтық жауапкершілікке, сыни ойлауға, шығармашылыққа баулу |
Пәнаралық байланыс |
Математика, экономика |
Алдыңғы білім |
Оқиғаның түрлері, элементар және элементар емес оқиғалар, классикалық ықтималдық туралы білімі бар |
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Топқа бөлу. "Бір қадам алға..." әдісі. Өткен материалдарға байланысты сұрақтар: 1) Классикалық ықтималдықтың анықтамасын тұжырымда? 2) Классикалық ықтималдықтың формуласы қандай? 3) Қосу ережесінің жалпылама түрін тұжырымдаңыздар 4) Шартты ықтималдық деген не? (Т) «Ара ұясы» әдісі 1) Ойын сүйегін (кубикті) бір рет тастаған. 4 ұпайдан кем шығу ықтималдығы қандай? 2) Кездейсоқ тәжірибеде екі ойын сүйегі тасталды. Қосындыда 6 ұпай шығу ықтималдығы қандай? Нәтижені жүзге дейін дөңгелектеңдер. 3) Жәшіктегі 125 шамның бесеуі жарамсыз. тексеруге алынған бір шамның жарамсыз болу ықтималдығы қандай? Дескриптор: Білім алушы - Классикалық ықтималдықты анықтайды ҚБ "Топтық" әдісі. Өзара бағалау |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут
10 минут
12 минут
5 минут |
«Көрсетілім» әдісі.(МК) Оқушылардың көмегімен тақырыпты ашу. Bilimland сайтынан видеоролик көрсетіледі. «INSERT» әдісі. Дәптерлеріне керекті формулаларды жазады. (Т) «Еркін талқылау» әдісі Әрбір топ жаңа тақырып бойынша мысалдар арқылы талқылап, қалған топтарға түсіндіреді. 1- топ: 1) Мергеннің нысанаға тигізуге қолайлы атаулар санын алдын ала айтуға бола ма? 2) Оқушының емтиханнан алатын бағалары да теңмүмкіндікті оқиғаларға жатады ма? 3) Ойын сүйегі 50 рет лақтырған. Оның нәтижесі кестеде көрсетілген: мұндағы Х-ұпайлар саны, n-50 тәжірибеде түскен ұпайлардың саны.
Берілген тәжірибе бойынша "5 ұпайдан кем түсетін" оқиғалардың статистикалық ықтималдығын анықтаңыз. Дескриптор Білім алушы: -тәжірибеде түскен ұпайлар санын есептейді; -5 ұпайдан кем түсетін тәжірибелердің санын анықтайды; - статистикалық ықтималдығын есептейді. 2 - топ: Бір аудан тұрғындарының жас шамасы туралы мәліметтер аралық кестеде келтірілген. Кездейсоқ таңдап алынған тұрғынның: а) 15 жастан үлкен емес; ә) 81 жастан кіші емес; б) 31-ден 60 -қа дейінгі жаста болуының ықтималдығы қандай?
Дескриптор Білім алушы: - барлық аудан тұрғындарының санын анықтайды; - кездейсоқ таңдап алынған тұрғының жасын анықтайды; - статистикалық ықтималдықты есептейді. 3 - топ: Кестеде салымшылардың саны мен олардың жылдық салымы туралы мәліметтер келтірілген. Кездейсоқ таңдап алынған салымшының бірінші немесе екінші банктегі салымы 600-ден 650 мың теңгеге дейін болуының ықтималдығы қандай?
Дескриптор Білім алушы: - банк салымшылардың статистикалық ықтималдығын анықтайды; - Статистикалық ықтималдығын салыстырады. ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Бірін-бірі бағалау. (ЖЖ). " Ойлан, бірік, бөліс" әдіс Сараланған тапсырма. 1)Ателье ерлер баскиімінің әртүрлі өлшемдерінің кестеде көрсетілген санын дайындады. Кездейсоқ алынған баскиімнің 56-шы өлшемді болуының ықтималдығы қандай?
Дескриптор Білім алушы: - кездейсоқ алынған баскиімнің өлшемін анықтайды; - статистикалық ықтималдықты есептейді. 2) Кестеде бір мекеме қызметкерлерінің жалақысы туалы мәлімет келтірілген. Кездейсоқ таңдалған қызметкердің жалақысы 250 мың теңгеден артық болып, 300 мың теңгеден кем болмауының ықтималдығы қандай?
Дескриптор Білім алушы: - қызметкерлердің жалақысының статистикалық ықтималдығын анықтайды; - Статистикалық ықтималдығын салыстырады. ҚБ "Кері байланыс бутерброды"әдісі. Бірін-бірі бағалау.
Саралау: "Қарқын " тәсілі 1)Спорт мектебі үшін коньки бәтеңкелеріне тапсырыс берілді. Кестеде бәтеңкелердің әртүрлі өлшемдерінің жиілігі келтірілген. Кездейсоқ алынған бәтеңкелер жұбының 39-шы өлшемді болуының ықтималдығы қандай?
Дескриптор Білім алушы: - кездейсоқ алынған бәтеңкелер жұбының өлшемін анықтайды; - статистикалық ықтималдықты есептейді. (Ж)"Тез ойлан!" әдісі. Kahoot ойыны арқылы оқушылар мобильді құрылғылармен тез жауабын белгілейді. 1) Ықтималдық .... 2) Статистика ...... 3) Кездейсоқ оқиға ...... 4) Классикалық ықтималдық ...... 5) Статистикалық ықтималдық ...... |
http://bilimland.kz
Математикалық статистика мен комбинаторикадан және ықтималдықтар теориясынан есептер шығаруға арналған әдістемелік құрал Әлімбетов Н., Бейсеков Ж., Мирсоатов А., Хамитов А.
Expert okulyk.kz
Expert okulyk.kz
Kahoot.com
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3минут |
Кері байланыс "Тазалық" әдісі Оқушылар алған ақпараттарын қаншалықты түрде түсінгеннін анықтау үшін қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: 1) Чемодан 2) Қоқыс жәшігі 3) Еттартқыш
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Көрсетілім» әдісі бойынша бейнеролик арқылы жаңа мазмұның ашады. «INSERT» әдісі бойынша оқушылар керекті мәліметтерді дәптерге жазады. «Еркін талқылау» әдісінде топтық жұмыс орындалады. " Ойлан, бірік, бөліс" әдісі бойынша сараланған тапсырмалар беріліп, "Қарқын" тәсілі қолданылады. Тапсырма тәсілі бойынша жеңілден күрделіге дейін тапсырмалар беріледі. Жұмыс қарқыны тәсілі бойынша сараланған тапсырма беріледі. "Тез ойлан!" әдісінде Kahoot ойыны арқылы оқушылар мобильді құрылғылармен тез жауабын белгілейді. "Тазалық" әдісінде тақырыпты қортындылайды. |
ҚБ "Топтық" әдісі. Өзара бағалау ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Бірін-бірі бағалау. ҚБ "Кері байланыс бутерброды"әдісі. Бірін-бірі бағалау. ҚБ "Kahoot.com"
|
АКТ құралдарын мұғалімнің бақылауымен қолданылады. Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі