Өлең, жыр, ақындар

Кіріктірілген сабақ «Мен не үйрендім?»

ШҚО Өскемен қаласы
Өскемен қаласы әкімдігінің «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 гимназиясы» КММ
қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Козыбаева Айнаш Урынбаевна

Кіріктірілген сабақ «Мен не үйрендім?»

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша

Сыныбы: 3 «А»
Сабаққа қатысқан оқушылар саны: 12
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
2. 1. 3. 1 тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау және қарапайым сұрақтарға жауап беру
2. 3. 4. 1 мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған жауап беру
2. 4. 1. 1 заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөйлем жазу.
Тірек сөздер: сыныптас, сыныбым, таңертең, түстен кейін.
Қажетті ресурстар: презентация, ақпаратты коммуникативті тәсіл, үлестірмелі карточкалар, суреттер.

Сабақ мақсаты.
Барлық оқушылар:
- Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы модуль бойынша алған білімдерін бекіту.

- Модуль бойынша берілген қысқа мәтіндер негізінде жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу.

- Сипаттама мәтіндер арқылы оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету. Кейбір оқушылар:

- Сабақта үйренген сөйлеу/сөйлесу үлгілерін күнделікті өмірде еркін қолдана алады.

Жоспар
Сабақтың кезеңдері. Жоспарланған жұмыс
Сабақтың басы
(2 - 5 минут)
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.
Сабақ мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы
(6 - 40 минут)
(МК, Ұ) Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.
Оқушылар  шаттық шеңберіне  тұрып, амандасады:
Сыныпты жасыл, қызыл, сары түсті стикермен 3 топқа бөлу.
Сабақтың тақырыбын ашу үшін «Достық» туралы интербелсенді тақтанадан бейнефильм көрсету.

Сұрақтар қою арқылы тақырыпты ашу.
1. Не туралы көрдіңдер?
2. Али мен Аяна кімдер?
3. Олардың тағы қандай достары бар?
4. Бүгін не туралы әңгімелейміз?

(МК, Ұ) «Мотор» ойыны арқылы сөздікпен танысу.
дәмхана – столовая
саябақ – парк
қызықты – интересный
салмақты – серьезный
ақылды - умный

(МК, Ұ) Мәтінмен жұмыс. Мәтіндегі кездескен жаңа сөздердің астын сыз.
Мен және досым
Менің атым - Руслан. Менің досым бар. Оның есімі Алихан. Ол өте ақылды, салмақты, көңілді бала. Екеуіміз уақытымызды бірге өткіземіз. Таңертең мектепке бірге барамыз. Мектептен соң дәмханадан тамақ ішеміз. Одан соң саябақта ойын ойнаймыз. Сенбі күні киноға бірге барамыз. Мен досыммен уақытты қызықты өткіземін.

(Т) Мәтін бойынша тапсырмалар орындау.

1.«Оқиға картасы» стратегиясы бойынша мәтінді мазмұндау.
(Әр топқа мәтін бойынша сюжетті суреттер ұсынылады. Сол суреттер арқылы А3 қағазына оқиғаны рет-ретімен баяндап, желімдейді).

2. Сұрақтар құрастыру. Мәтін бойынша Топтар бір - біріне сұрақтар қояды.

3. Мәтінді өз сөзімен айтып беру.
Формативті бағалау. Стикерлер беру.

(ЖЖ) Диалогті оқы, ұқсас диалог құрастыр.
Тақта алдына шығып, айту.
- Сәлем, Нұржан
- Сәлем, Исабек.
- Сенің досың бар ма?
- Иә, бар. Оның есімі - Ануар...
Формативті бағалау. Оқушылар бірін-бірі бағалайды. «Бас бармақ» стратегиясы.

(Ө) Тірек сөздерді қолданып «Менің досым» тақырыбына әңгіме құрастыр.

Тірек сөздер: досым, ақылды, салмақты, көңілді, бірге барамыз, дәмхана, ойын ойнаймыз, сенбі күні.
Менің атым - _____. Менің _____ бар. Оның есімі - _______. Ол - _______, _______, _______.
Біз мектепке _______. _______тамақ ішеміз. Саябақта _______. _______ киноға барамыз.

Үйге тапсырма: Өз досы туралы әңгіме айту.

Сабақтың соңы
41 - 45 минут
Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Сабақты қаншалықты меңгергені тексеріледі. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой - пікірлерлерін білдіре алады.

Қосымша ақпарат
Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?
2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не?
1:
2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1:
2:


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз