Өлең, жыр, ақындар

Нәтиже сабақ «Мен не үйрендім?»

ШҚО Өскемен қаласы
Өскемен қаласы әкімдігінің «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 гимназиясы» КММ
қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Козыбаева Айнаш Урынбаевна
 

Тақырыбы:

5 сабақ

Нәтиже сабақ

Мен не үйрендім?

 Өскемен қаласы әкімдігінің «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Күні, айы: 21.10.2019ж.

Мұғалімдердін аты-жөні: Козыбаева А.У.,  Гокк Е.В., бастауыш сынып мұғалімі, 3 «А» сыныбының сынып жетекшісі, Канаева К.Б., ағылшын тілі мұғалімі

3 А-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны: 12

Сабаққа қатыспаған окушылар саны: жоқ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу максаты

Білімділік: Модуль бойынша шағын әңгімелер құрау арқылы сыныбы туралы білімін жетілдіру.

Дамытушылық: Сабақ барысында интербелсенді әдістерді қолдану арқылы ақпараттық-таным қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Қарапайым сөйлеу үлгілерінің негізінде достыққа тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы, жазу дәптері.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): өзінің отбасы мүшелерінің не істейтіні жайлы айтады, мамандықтары туралы таныстыра алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қарапайым сөйлемдер арқылы отбасы мүшелерінің қандай мамандық иелері екендігін сипаттай алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы диалог құрады.

Негізгі түсініктер:

Основные понятие:

Сынып, сыныпта, сыныптас, ұл, қыз, нешінші қабат? Бірінші қабат, үшінші қабат, қандай? Кең, жарық, таза, күнде, бес сабақ, таңертең, түсте, екі жарым, сегіз, оқимыз  

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, дөңгелек жасыл, сары, қызыл қағаздар, қима қағаздар

Оқыту әдістері:

 

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, Миға шабуыл, «Тоғыз торкөз», «Бағдаршам» тәсілдері, сергіту жаттығуы, Блум ағашы.

Дереккөздері:

Оқулық, интерактивті тақта, әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік

Сабақ барысындағы мұғалім оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

 2 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Мұғалім «Ыстық алақан» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларды шаттық шеңберіне жинайды.

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Топқа бөлу

1 минут 

Мұғалім оқушылардың дәптерлерін жинап алып, сол дәптерлеріне түрлі-түсті стикерлерді жапсырады.

Жасыл – 1 топ

Қызыл – 2 топ

Сары – 3 топ

Дәптерлеріндегі стикерлер түсіне байланысты оқушылар орындарына отырады. 

Үй жұмысын тексеру

 6 минут

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды (Үйге сурет бойынша 5 сөйлем жазып келу керек, интерактивті тақтада суретке байланысты сұрақтар болады, сол сұрақтарға жауап беру).

1. Әлібек қайда бара жатыр?

2. Ол қашан оқиды?

3. Оның сабағы нешеде басталады?

4. Гульжан қайда бара жатыр?

5. Ол қашан оқиды?

6. Оның сабағы нешеде басталады?

 

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

 

І. Қызығушылықты ояту

2 минут

Интерактивті тақтада сынып, сыныптастар, мектеп туралы суреттер көрсетіледі (өткен сабақтардан не үйрендік деп сұрайды).

Оқушылар сурет арқылы берілген сұрақтарға жауап береді.

 

 

ІІ. Мағынаны тану

 4 минут

 

 

 

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

1. Сөздікпен жұмыс.

А) Мұғалім интерактивті тақтадан өткен тақырып бойынша сөздік сөздерді  көрсетіп сұрайды. 

Сөздік сөздер

сынып – класс

сыныптас - одноклассник

сыныпта – в классе

ұл – мальчик

қыз – девочка

ұқыпты – прилежный, аккуратный

ақылды –умный

әдепті – тактичный

неше? – сколько?

қандай? – какой?

Нешінші? – который?

Қабат – этаж

Түстен кейін – после обеда

Таңертең – утром

Екі жарымда- два тридцать (14.30)

Оқушының іс-әрекеті Тыңдалым. Оқылым. Өткен тақырып бойынша сөздік сөздерді айтады Айтылым. Дұрыс айтылуымен. ауызша жаттығу жүргізеді.

 

 

Ә) «Тоғыз торкөз» стартегиясы арқылы жаңа сөздерді   машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.  

жарық

сынып

ақылды

бірінші

қабат

қыз

сыныпта

сыныптас

бар

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды(сөз+сөзтіркесі+сөйлем). 

III. Мәтінмен жұмыс

Топтық жұмыс

8 минут

2. Айтылым.

Оқушыларға айтылымға  мәтін беріледі. Әр топқа әртүрлі мәтін беріледі.

1 мәтін

Мынау - менің   ..................  Менің сыныбым ............., үлкен, таза. Менің сыныбым ....................қабатта.

Сыныпта 15 ............., 30 орындық бар. .................... үстел, тақта, шкаф, компьютер, сағат, теледидар бар. 

1-ші  сөйлем    сыныбым – 1 ұпай

2-ші сөйлем   жарық – 1 ұпай

3-ші сөйлем   бірінші – 1 ұпай

4-ші сөйлем  парта – 1 ұпай

5-ші сөйлем сыныпта – 1 ұпай

 

Мынау - менің   сыныбым. Менің сыныбым жарық, үлкен, таза. Менің сыныбым бірінші қабатта. Сыныпта 15 парта, 30 орындық бар. Сыныпта үстел, тақта, шкаф, компьютер, сағат, теледидар бар.

Айтылым.    

Мәтіндегі әрбір сөйлемдерде бос орындарға оқушылар керекті сөздерді жазады. Сосын алдарына дұрыс нұсқасын береміз. Оқушылар бос орынға сөздерді дұрыс жазғандарын тексеру үшін мынандай тексеру нұсқасы беріледі.

1-ші сөйлем – 1 ұпай

2 –ші сөйлем – 1 ұпай

3-ші сөйлем – 1 ұпай

4 –ші сөйлем – 1 ұпай

5-ші сөйлем – 1 ұпай

5 ұпай – «5»

4 ұпай – «4»

3 ұпай – «3»

 

2 мәтін

Менің  ............... – Әлібек. Мынау – менің ........................ Мен ...................оқимын.  .............. сегізде басталады.   Гульжан  ............... кейін оқиды. 

1-ші  сөйлем    атым  – 1 ұпай

2-ші сөйлем   мектебім – 1 ұпай

3-ші сөйлем   таңертең  – 1 ұпай

4-ші сөйлем  сабақ – 1 ұпай

5-ші сөйлем түстен  – 1 ұпай

Менің атым – Әлібек. Мынау – менің мектебім. Мен таңертең оқимын. Сабақ сегізде басталады.  Гульжан түстен кейін оқиды. 

1-ші сөйлем – 1 ұпай

2 –ші сөйлем – 1 ұпай

3-ші сөйлем – 1 ұпай

4 –ші сөйлем – 1 ұпай

5-ші сөйлем – 1 ұпай

 

5 ұпай – «5»

4 ұпай – «4»

3 ұпай – «3»

 

3 мәтін

Мынау ........... - сыныптастарым. Менің 36 ..................... бар. Менің 24 .................  сыныптасым, 12 ұл сыныптасым бар. .............  – Султан. Ол  ...............  оқиды.   

1-ші  сөйлем    менің – 1 ұпай

2-ші сөйлем   сыныптасым – 1 ұпай

3-ші сөйлем   қыз – 1 ұпай

4-ші сөйлем  мынау – 1 ұпай

5-ші сөйлем  жақсы  – 1 ұпай

 

Мынау менің - сыныптастарым. Менің 36 сыныптасым бар. Менің 24 қыз сыныптасым, 12 ұл сыныптасым бар. Мынау – Султан. Ол жақсы оқиды.   

1-ші сөйлем – 1 ұпай

2 –ші сөйлем – 1 ұпай

3-ші сөйлем – 1 ұпай

4 –ші сөйлем – 1 ұпай

5-ші сөйлем – 1 ұпай

 

5 ұпай – «5»

4 ұпай – «4»

3 ұпай – «3»

IV. Сергіту сәті

Интерактивті тақтада

Мектеп, сынып, сыныптастар тақырыбына және өткен тақырыптар  байланысты суреттер кезекпен шығып отырады.

 Оқушылар тақырқа байланысты суреттер шықса орындарынан тұрады, ал өткен тақырыптар бойынша суреттер шықса орындарына отырып жаттығады.

2 минут

V.Жұптық жұмыс

5 минут

 

Revision vocabulary on the theme “School” with the help of interactive board

Make up a dialogue

 

Whole class

Work in pairs

Estimating:

Vocabulary and dialogue – excellent

Dialogue – good

Vocabulary – try your best

VI.Дәптермен жұмыс

Жеке жұмыс

7 минут

Ребята, напомните тему урока

(школа, учебные принадлежности)

Я вам показываю предмет, а вы называете его на трех языках: пенал, книга, учитель, ручка, тетрадь, класс, ученик.

Молодцы.

А какую тему мы изучаем на уроке русского языка? (падежи)

Прочитай. Определи падежи выделенных слов.

Моя школа – трехэтажное здание с большим количеством кабинетов. На первом этаже расположены кабинеты начальных классов и библиотека. Библиотекарь всегда поможет ученикам  найти нужную книгу.

На втором этаже нашей школы.  есть спортзал. Мы часто проводим там перемены.

На каникулах я скучаю по школе.

 

Составьте синквейн со словом «школа» на казахском  и руссском языках (в группах)

Проверь друга

Кабинетов  (чего?)  Р.п.

На этаже (на чем?) П.п.

Библиотекарь (кто?)  И.п.

Ученикам  (кому?) Д.п.

Книгу (что?)  В.п.

Школы  (чего?)  Р.п.

Перемены (что?)  В.п.

На каникулах  (на чем?) П.п.

По школе  (по чему?)  Д.п.

 9-8 баллов – «5»

 7-6 баллов  – «4»

 5 баллов – «3

VII.Ойтолғаныс

Сабақтың соңы

3 минут

 

Айтылым. Тілдесім. Жазылым. «Сиқырлы сандық» стратегиясы арқылы  оқушыларға  сұрақтар үлестіріледі.

1. Сенің сыныбың қандай?

2. Сенің сыныбыңда нелер бар

3. Сенің сыныбың нешінші қабатта?

4. Сенің сыныбыңда кімдер бар?

5. Сенің сыныбыңда тақта бар ма? 6.Сенің неше сыныптастарың бар? 7.Сенің неше қыз сыныптасың бар? 8.Сенің неше ұл сыныптасың бар?

9.Сен нешінші сыныпта оқисың?

10.Сен қашан оқисың?

Айтылым. Тілдесім. Жазылым. «Сиқырлы сандықшаның» ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

 

VIII. Бағалау

1 минут

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

  Оқушылар мұғалім таратқан бағаларды күнделіктеріне жапсырады.

IX. Үйге тапсырма

1 минут

Жасыл стикерлер

Өз сыныбың туралы 5 сөйлем жазып келу.

Сары стикерлер

Сыныптастарың туралы 5 сөйлем жазып келу.

Қызыл стикерлер

Өз мектебім туралы 5 сөйлем жазып кел

Оқушылар

күнделіктерін ашып үйге тапсырмаларды жазады.

 

X. Рефлексия

1 минут

Мұғалім оқушыларға түрлі-түсті қима қағаздарды таратады. 

Оқушылар алдарындағы адам үлгісінде қиылған қағаз қиындыларына сабақта не ұнағандары туралы жазады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз