Өлең, жыр, ақындар

Дара және күрделі сан есім

Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі
Сынып: 4 «Ә» сынып
Мұғалім: Исина Тазагуль Бакытовна
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есім
Сабақтың мақсаты: дара және күрделі сан есім туралы алған білімдерін бекіту; сөйлем ішінен сан есімдерді ажырата білу.
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: тәсілдері: талдау, практикалық, көрнекілік.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, карточкалар
Сабақтың барысы  І. Ұйымдастыру.
А) Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Ә) Психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
- Балалар мына тақтадағы суретте не бейнеленген.
Бұл – күн.
Бұл суретте не жетіспейді?  (Күн шуақтары)
Сұрақтар:
1.    Сан есім құрамына қарай нешег бөлінеді? Атап айт.
2.    Дара сан есім дегеніміз не?
3.    Күрделі сан есім дегеніміз не?
4.    Күрделі сан есімдер қалай жазылады?
5.    Дара сан есімге бірнеше мысал келтір.
6.    Күрделі сан есімге бірнеше мысал келтір.
-  Күннің қандай қасиеті бар?
- Жер бетіне жылуын таратады.
- Күн көзінен тараған жылуды бойымызға таратайық және бір - бірімізге жылылықпен, мейірімділікпен күлімдеп қарайық.
ІІ. Үй тапсырмасы    Оқулықтың 48 беттегі 4 жаттығу
Төмендегі сан есімдерді дара, күрделі түрлеріне топтап, сөзбен жаз.
9, 588, 45, 797, 25, 10, 888, 5.
Дара сан есім                            Күрделі сан есім
Тоғыз                                         бес жүз сексен сегіз
Он                                              қырық бес
Бес                                              жеті жүз тоқсан жеті
                                                    Жиырма бес
                                                    Сегіз жүз сексен сегіз

ІІІ. Жаңа сабақ    Көркем жазу минуты
Пп
Пиала,  пойыз, планета
1 – жаттығу.
Берілген суреттер таңдау арқылы жаттығуды орындау.
Балмұздақ, торт, жемістер, сникерс, баунти, киндер, m & m пирожный.
Дара сан есімдерді күрделіге айналдырып жаз.
Жеті, он, отыз, сегіз, тоғыз, елу, қырық, бір, бес.

Үлгі: жеті – жетпіс жеті,..
Ауызша  3 сөйлем құрастыру.

2 –жаттығу  Карточка арқылы орындау.
(берілген карточкаға мәтіндегі сандарды жазбаша жазу)
Жер шарында 4 мұхит бар. Тынық мұхитының ең терең жері 11 километрдей болады. Ал теңіздің саны - 30. Жан - жағын құрлық қоршап жатқан теңіз 2 ғана. Олар: Каcпий және Арал теңіздері.

3 - жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқы. Дара, күрделі сан есімдерді теріп жаз.
Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар,
Жеті күннен құралады әр апта:
- Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, - деп,
Ойланбастан шыға аламын санап та!...
Ал отыз күн бір айыңды құраса,
Он екі ай - жыл, көп емес қой бұл аса.
- Үш жүз алпыс бес күн бар, - деп, - бір жылда!-
Жауап берем, егер біреу сұраса.
Қалай менің уақытым бос өтпек,
Кержалқау боп жатып алман төсекте!
Үш жүз алпыс бес күн деген, шынында,
Аз ба, көп пе... Көрші өзің есептеп!...


ІV.Сергіту сәті    Қимылды жаттығулар


    Семантикалық картамен жұмыс

5-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сандарды қойып, жұмбақтарды көшіріп жазу.

Аласа ған бойы бар,
....... қабат тоны бар

..... көрші қатар тұрса да,
Бірін-бірі көрмейді

Бірнеше сандар мен суреттер беріледі.. Конфеертте
Сол кеспе сандардың және суреттердің ішінен жұмбақтың шешімін табу. Оқушылар тақтаға шығып, қорғайды.

V. Сабақты қорыту    Тест алу
«Иә, жоқ» ойыны
Мұғалім тапсырманы түсіндіреді. Әр тапсырмаға иә немесе жоқ деп жауап бересіңдер.
1. Сан есім заттың санын білдіреді. Иә жоқ
2. «30»- дара сан есім. Иә, жоқ
3. «Төртінші» - есептік сан есім. Иә, жоқ
4. Күрделі сан есім бір сөзден жасалады. иә, жоқ
5. Күрделі сан есімнің құрамындағы сөздер бөлек жазылады. Иә, жоқ
6. Дара сан есім бір сөзден құралады. Иә, жоқ
7. «264»- күрделі сан есім. Иә, жоқ
8. «600» - дара сан есім. Иә, жоқ
9. Реттік сан есім есептік сан есімге – нші, ншы, - інші, - ыншы жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.Иә, жоқ
10. «Бесінші» - реттік сан есім. Иә, жоқ
VІ. Үйге тапсырма    Оқулықтың 49 беті
4-жаттығу
Бағалау
Рефлексия    Кері байланыс
Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, зымыранды жасыл түске боя.
Егер сен сабаққта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, зымыранды сары түске боя.
Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қииын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, зымыранды қызыл түске боя.
 


Шығармашылық тапсырма

1. Піл к3ті, піл к9ті емес, тіл к3ті.

2. 6н балдақ қол сәні, әшекей кесте т10 сәні.

3. 1еу білмегенді, 1еу біледі.

4. Әкесіз 7м – жарты 7м
Шешесіз 7м – анық 7м.

5. Өм’1р мен еңб2‘ ’8.

6. Өм’1р адам б6асын еңб2‘ке үйр‘7’ еді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз