Қысқа мерзімді жоспар
Пән: жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған өлкем 2- тоқсан, 3- бөлім Күні: Сынып: 2 сынып |
Мектеп: КМУ "Саяқ кенті №6 ЖББОМ" Мұғалімнің аты-жөні: Есенбекова Балжан Рыздыкбаевна Қатысқандар саны: 17 Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы |
Су |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.3.3.1. Судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасы болмайды, аққыштығы) 2.1.2.7. Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру |
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: судың қасиеттерін анықтайды және эксперимент жүргізіп, нәтижелерді кестеге түсіреді. Көптеген оқушылар: тәжірибеде анықтағаны бойынша түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: өмірдегі тәжірибесіне сүйене отырып, тәжірибе барысында өз ойын айтады, мысалдар келтіреді. |
Бағалау критерийлері |
Судың физикалық қасиеттерін анықтайды. Эксперимент жүргізеді және оның нәтижелерін кестеге белгілейді. |
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз: оқушылар судың қасиетін ауызша сипаттайды. Пәнге тән лексика мен терминология: қасиеттер, дәм, иіс, мөлдір, тазалық, түсі, пішін, аққыштық Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - Судың мөлдірлігін қалай анықтаймыз? - Неліктен судың тұрақты пішіні жоқ? - Шүмектен аққан су неге мысал бола алады? |
Құндылықтарды дарыту |
Азаматтық жауапкершілік, ынтымақтастық |
Пәнаралық байланыстар |
дүниетану |
АКТ қолдану дағдылары |
https://www.yotube.com/watch?v=PTVH26oMhbs Fixiki.ru.сайтындағы "Опыты с водой" судың мөлдір, таза екендігін анықтайтын тәжірибе ретінде көрсетіледі. Судың аққыштық қасиетіне https://www.youtube.com/watch?v=U4gjiWpR180 "Расслабляющие звуки реки в Осеннем лесу, звуки природы" видеоролигінен үзінді көрсетіледі. |
Бастапқы білім |
Су-өмір, сусыз тіршілік жоқ, су-сұйықтық, - деген сөйлемдер тапсырмаларды талқылау барысында айтылады. |
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||
Сабақтың басы
|
(Ұ) 1. "Доп лақтыру" әдісі бойынша ширату жаттығуы жүргізіледі. Мұнда оқушылар шеңбер жасап тұрады да, мұғалім шеңбер ортасына кіреді. Мұғалім кез келген оқушыға сөзді айтып допты оқушыға лақтырады. Оқушы қандай зат екенін айтып допты кері қайтарады. (Мұз - су, қар - су, көл - су, өзен - су, бұлақ - су) - Көбіне ортақ аталып тұрған зат қайсы болып тұр? - дегенде оқушылар көбіне ортақ зат су болып тұрғандығын айтуы мүмкін. Мұғалім: Аталып отырған зат атауы су болса. Бүгінгі сабақта судың физикалық қасиеттерін анықтауды (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасы болмайды, аққыштығы), эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіруді үйренеміз. |
Доп
|
|||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Мұғалімнің нұсқаулығымен үстел үстінде жатқан суреттерді оқушылар таңдап алып 3 топқа бөлініп отырады.(қар, бұршақ, жаңбыр) (Т) 1- тапсырма. "Миға шабуыл" әдісі арқылы судың мөлдірілігін анықтайды 1. Фиксики мультфильмінің "Сумен тәжірибе" бейнежазбасын мұқият қараңдар. 2. Фиксикилердің жасаған тәжірибесіндегі судың тағы қандай қасиетінің бар екендігін аңғаруға болады? (түссіз, мөлдір, таза). 3. Топта бейнебаянда көргендерін талқылайды да, ол жерден судың қандай қасиетін анықтауға болатынын өзді-өздеріне айтады. (түссіз, мөлдір, таза) 4. Ортада тұрған аквариумге назар аудартады. Не байқап отырсыңдар? Аквариумда неше балық бар екендігін көруге бола ма? Бұдан қандай тұжырым жасауға болады? Екеуінің ұқсастығы неде? Айырмашылығы бар ма? 5. Әр топ жауаптарын постерде "Эйлер Венн шеңберіне" салып қорғайды. Бейнебаян Ортақ Аквариум табиғи байлық мөлдір су үйде балық асырауға өлі табиғат түссіз су арналған құрал далада ғана таза су белгілі пішіні болады болады (Аквариумдағы балықтарды, шөптерді көріп тұрғанын айтады. Бұдан судың мөлдірлігін байқауға болады) Бағалау: Балалар осы тапсырма бойынша қалай жұмыс жасадыңдар, әр топ өздеріңді "қол шапалақтау" вервальды әдісімен (өзін-өзі сынау), қолпаштау арқылы бағалаңдар. 1-мәрте алақан соғу - қанағаттанарлық емес, 2-мәрте алақан соғу - қанағаттанарлық, 3-мәрте алақан соғу - жақсы дегенді білдіреді.
2 - тапсырма. "Ойлан, бірік, бөліс" әдісі арқылы топ оқушылары жұптасып алып, судың аққыштық, еріткіштік қасиеті және белгілі бір формасының жоқтығын анықтайды. Ж Әр топтың алдында парақ қағаз, бояулар, стақанда су және қылқалам бар. 1. Мұғалім стақандағы суға көк бояуды қосып, араластырыңдар деген нұсқау береді. Оқушылар тапсырманы топ ішінде жұптаса орындайды. Кейбір қабылеті жоғары оқушылар тапсырманы жылдам орындаған жағдайда, оларға көлге және көлдің маңына тағы нелерді бейнелер едің деп қосымша тапсырма беріледі. Келесі сұрақтардың жауабын іздестіреді. - Не байқадыңдар? Бояу суда қалай өзгереді? (Еріп кетті. Бұдан судың еріткіштік қасиетін көрдік.) 2. Қылқаламмен алдарыңдағы параққа өзіміздің Балқаш көлінің суретін салыңдар. (Сурет салып жатқан кезде мұғалім өлі табиғатымыздың бір бөлшегі - өзіміздің Балқаш көлімізді ластамау туралы айтып өтеді) 3. (Ұ) АКТ арқылы "Күзгі ормандағы өзеннің сылдыр ағысы" бейнежазбасынан үзінді көрсетіледі. Мұғалім оқушылардан бұл бейнежазбаны көре отырып, судың қандай қасиетін анықтауға болатынына назар аударуларын сұрайды. 4. (Ұ) Бұл бейнежазбадан оқушылар көл суы сияқты емес, өзен суының ағынды су екендігін көреді. Бұдан судың аққыштығын анықтауға болатынын айтады. 5. (ОТ. Т) Судың аққыштық қасиетіне сүйене отырып, әр топ өзі әкелген 3 түрлі пішіндегі (формадағы) пластик ыдысқа құмырадағы суды құю сұралады. Оқушылар суды ыдысқа құяды. 6. Бұл тәжірибеден мұғалім көмегі арқылы су сұйықтық болғандықтан, оның белгілі бір формасы жоқ. Және ол кез келген ыдыстың немесе пішіннің формасын қабылдайды деген тұжырымға келеді. Бағалау: Оқушыларға осы тапсырма бойынша судың қасиеттерін қаншалықты анықтай алғандықтарын "Бас бармақ" әдісімен бағалауларын сұраймын. Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсіндім. Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін. Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім. 3-тапсырма. "Джигсо" әдісі арқылы топта судың келесі қасиеттерін анықтау үшін оқушыларға алдарындағы ыдыста құюлы суды иіскеп және дәмін көруді тапсырылады. 1. Топтағы әр оқушы суды иіскейді, қасықпен алып дәмін татады. 2. Мұғалім әр топ алдына 1 стақан өрік, 1 стақан апельсин шырынын таратады. 3. Оқушылар шырындарды иіскейді, дәмін көреді. 4. Топпен ақылдасып тұжырым жасап, басқа топқа өкілдерді жібереді. 5. Өкілдер өз тобының тұжырымымен "Автобус аялдамасы" әдісі арқылы бөліседі. Ескерту жасалады. Таныс емес нәрсені иіскеуге де, дәмін татуға да болмайды! Өмірге қауіпті нәрсе болуы мүмкін! Бағалау: "Смайликпен"бағалау әдісі. Топтар бір-бірін стикерге смайликтер суретін салып бағалайды, оны бағалаған топ столына жапсырады. 4-тапсырма. (Ө) Тапсырма: Кестені "Броундтық қозғалыс" әдісі арқылы толтыру түсіндіріледі. 1.Кестені толтыруға берілген мұғалімнің түсініктемесі. Сынып бөлмесінің қабырғаларында қимадағы жазулар жапсырылған. Сол жазулардан судың қасиетін сипаттайтын сөздерді теріп алады. (Мөлдір, аққыш, таза, ауыр, жеңіл, дәмсіз, түссіз, иіссіз, жұққыш, шаршы тәрізді, формасы жоқ, еріткіш) 2. Сол сөзді кестеге жазады.
Бұл жерде кестеге керекті сөздерді жинаған кезде оқушы керекті сөздерді толық жинай алмауы мүмкін немесе оған сөз жетпей қалуы мүмкін. Ал кестені толтырған кезде де оқушы өздігінен су қасиеттерін толықтырып жазуы мүмкін. ҚБ: Бағалау. Сағат тілі бағытымен топта әр оқушы "Көршіме айтарым бар" әдісімен көршісінің жұмысын "Қасиеттер толық қамтылған екен немесе қамтылмаған екен. Бәрі жақсы, тек судың осы қасиеті туралы ұмытыпсың " деген сияқты сөйлемдермен бағалайды. |
https://www.yotube.com/watch?v=PTVH26oMhbs Fixiki.ru. "Опыты с водой"
Парақ қағаз, акварельдік бояу, қылқалам, стақанда ортадан төмен құйылған су
АКТ "Расслабляющие звуки реки в Осеннем лесу, звуки природы" https://www.youtube.com/watch?v=U4gjiWpR180
Пластик құмырадағы су, 3 түрлі пішінді пластик ыдыстар
Стақандар-3, иісті шырындар (өрік, апельсин), қасықтар
Қима қағаздардағы сөздер |
|||||||||||||||||||
Сабақтың соңы |
Рефлексия "Жеміс ағашы" Сары алма - Үйрендім, меңгердім Жасыл алма - маған қиындық келтірді Қызыл алма - әлі де білгім келеді |
||||||||||||||||||||
Саралау 1-тапсырмада бейнебаянды көруде "дереккөздер" тәсілі пайдаланылды, тапсырма орындалды, тұжырым жасау кезінде көмек қажет ететін оқушыларға диалогтық қолдау көрсетіледі. - Судың тағы қандай қасиетінің бар екендігін аңғаруға болады? - Не байқап отырсыңдар? Аквариумда неше балық бар екендігін көруге бола ма? Бұдан қандай тұжырым жасауға болады? Екеуінің ұқсастығы неде? Айырмашылығы бар ма? 2-тапсырмада "қарқын", "дереккөздер" тәсілдерін қолдану арқылы қабылеті жоғары оқушылар тапсырманы жылдам орындаған жағдайда қосымша тапсырма (Балқаш көлінде кездесетін балықтарды салу) беріледі. 3-тапсырмадағы судың иісі мен дәмін анықтау әрекетінен соң тұжырымға келерде "қорытынды" саралау тәсілі қолданылды. 4-тапсырмада кесте толтыру үшін сөздер жинауда және кесте толтыруда саралаудың "қарқын", "қорытынды" және "нәтиже арқылы саралау" тәсілі қолданылды.
|
Бағалау: 1. Балалар осы тапсырма бойынша қалай жұмыс жасадыңдар, әр топ өздеріңді "қол шапалақтау" вервальды әдісімен (өзін-өзі сынау), қолпаштау арқылы бағалаңдар. 1-мәрте алақан соғу - қанағаттанарлық емес, 2-мәрте алақан соғу - қанағаттанарлық, 3-мәрте алақан соғу - жақсы дегенді білдіреді. 2. Оқушыларға осы тапсырма бойынша судың қасиеттерін қаншалықты анықтай алғандықтарын "Бас бармақ" әдісімен бағалауларын сұраймын. Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсіндім. Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін. Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім. 3. "Смайликпен"бағалау әдісі. Топтар бір-бірін стикерге смайликтер суретін салып бағалайды, оны бағалаған топ столына жапсырады. 4. Сағат тілі бағытымен топта әр оқушы "Көршіме айтарым бар" әдісімен көршісінің жұмысын "Қасиеттер толық қамтылған екен немесе қамтылмаған екен. Бәрі жақсы, тек судың осы қасиеті туралы ұмытыпсың" деген сияқты сөйлемдермен бағалайды. Дескриптор 1. Бейнежазба, аквариум арқылы судың мөлдірлігін анықтайды, түссіз әрі таза екендігін біледі. 2. Түрлі пішінді ыдыстарға суды құйып, бейнежазба көріп және салған суреттерімен салыстыра келе судың пішіні болмайтындығын, аққыштық және еріткіштік қасиеттерінің болатынын тауып айтады. 3. Су мен шырындарды салыстыра иіскеп және дәмін татып көру арқылы судың иіссіз, дәмсіз екендігін анықтайды. |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Стақандармен, аквариуммен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтауға көңіл аударылады. Таныс емес нәрсені иіскеуге де, дәмін татуға да болмайды! Өмірге қауіпті нәрсе болуы мүмкін! - деген ескертулер жасалынады. |
|||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
|
||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: "Миға шабуыл" әдісі арқылы судың мөлдірілігін, таза, түссіз екендігіне көз жеткізуде бейнежазбаны көріп, аквариумдағы сумен салыстыра алады. Оны Венн шеңберінде оңтайлы орналастыра алады. 2: Кестені "Броундтық қозғалыс" әдісі арқылы толтыру тапсырмасы өз ойымдағыдай орындалады деп күтемін және бұл әдістің оқушының оқуға деген қарқынын арттырады деп ойлаймын. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Тапсырмаларды әдістерге салып, белсенді іс-әрекеттермен сабақ өткізу сабақты жақсартуға жақсы ықпал етеді деген тұжырымға келдім. 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі