Оқу мақсаты |
7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау 7.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу |
||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Білім алушы
|
||||||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Жоғары деңгей дағдылары |
||||||||||||||||||||||
Орындау уақыты |
15-20 минут |
||||||||||||||||||||||
Тапсырма 1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ереркшелігі тұрғысынан салыстырыңыз. 1-мәтін Кешкі сағат он шамасында рейхстагқа 756-шы атқыштар полкінің командирі полковник Зинченко келді. Жанында бейтаныс подполковник бар. Ол бәрімізді жақындап келе жатқан жеңіспен құттықтады. Осынау «Жеңіс!» деген қуанышты сөзді біз 30 апрельдің кешінде, соғыстың 1410-шы күнінде, рейхстагтың алдында естідік. Сонан соң полковник Зинченко өз полкінің батальон командирі Неустроевтың қасына келіп: – Ту қайда? – деп сұрады. – Батальон Туы екінші қабатта. Ал, шабуыл жалаушыларының бірнешеуін мына лейтенанттың қадаған жалауының жанына тіктік, – деп Неустроев мені нұсқады. – Жоқ, мен оны айтып тұрғаным жоқ, – деді полковник. – Менің сұрап тұрғаным – Армияның әскери Советі берген бесінші номерлі Ту. – Ол полк штабында. Зинченко қолма-қол полк штабының бастығы майор Казановқа телефон соғып: – Армияның әскери Советі бізге тапсырған Туды қазір рейхстагқа жеткізуді ұйымдастырыңыз. Ту әкелуге сенімді адамдарды бөліңіз. Тездетіңіздер! – деп бұйырды. Осы кезде рейхстаг ішінен тасыр-тұсыр атыс естілді. Шамасы, жер астына жасырынған фашистер қайыра шықса керек. Үстіңгі қабатта тығыла қалған гитлершілер де терезе тесіктерінен атқылай бастады. Біздің сыртта тұрған жауынгерлер рейхстаг ішіне лап қойды. Гранаттардың жарылғаны естілді. Бірақ, бұл атыс онша ұзаққа созылған жоқ. Он-он бес минутте-ақ тыныштық қайта орнады. Гитлершілер жер астындағы көрлеріне қайра кіріп кетті. Түнгі сағат он бірге таялған кезде рейхстагтың іші-сыртын уралаған дауыстар жаңғыртып жіберді. Ақсаңдай басып, жұртпен бірге мен де далаға шықтым. Солдаттар бас киімдерін аспанға лақтырып, қуанып жүр екен. Екі көздері рейхстаг үстінде. – Ура! Жеңіс Туы, Жеңіс Туы!! – деді жігіттер. Мен де рейхстагтың жетпіс бес метрлік күмбезіне мойын соза қарадым. Гитлершілердің сұрғылт ордасының ар жақ бұрышы жанып жатыр еді. Соның сәулесінен болар, сонау күмбез үстінде ал қызыл Ту желбіреп анық көрініп тұр. Иә, бұл Жеңіс Туы еді! Әлдеқайдан менің жаныма Григорий Булатов келіп дәл құлағымның түбінен айқайлап: – Ура, жолдас лейтенант! Жеңіс Туы! Ал бұл Тудың кіші інісі – жеңіс жалауын рейхстагқа екеуміз қададық қой. Бұл зор бақыт! – деді. Мен үн-түнсіз Гришаны құшақтап, бетінен сүйе бердім. 2-мәтін «Рақымжан аға мен Григорий Булатов екеуі Рейхстагқа бірінші болып ту тіккенін білесіздер. Бірақ оларға Батыр атағы бұйырмады. Содан соғыстан кейінгі уақыт. Рақымжан аға осы Алматыда моншада жұмыс істеп жүрген екен. Әбден ішқұса болып, қаны қайнап, ширығып жүрген кезі болса керек. Бір күні сәлем беруге Бауыржан Момышұлына келеді. Сонда да ашыла алмай, тұйықталып отырыпты. Енді атаның өзі майдангер болған соң, қалай сөйлетуді біледі ғой. Содан не керек, екеуі ұзақ әңгімелесіпті. Рақымжан аға бүкіл өмірін, соғыс жылдарындағы басынан кешкендерін, Берлинді алу ұрысын баяндап береді. Кейін аға кеткен соң, ата тез арада «Лениншіл жас» газетінде жауапты хатшы болып істеп жүрген Кәкімжан Қазыбаев дейтін інісіне телефон шалып, «Жет тез» деп үйге шақырады. Кәкімжан ағаны ата «Қара бала» дейтін. Келген соң, ата оны жер-жебіріне жетіп ұрсады. «Журналиспін деп мақтанасыңдар. Қызметім бар, дипломым бар деп көкисіңдер. Соғыс біткелі 14 жыл болды! Ал мына жерде көз алдарыңда мынадай адам жүр. Күні бүгінге дейін ешкім білмейді. Тірі адам білмейді! Ал сен білесің бе, мен 4 жыл соғыста болдым. Бірақ, сол соғыстың ең сұмдығы - Берлинді алу ұрыстары! Қаншама жауынгер опат болды. Сұмдық қырылды. Сонда бұл жігіт өліктердің үстімен барып, Рейхстагқа ту тіккен. Сендерге бұдан артық қандай ерлік керек?», - деп ұрысады, жерден алып жерге салады. Кейін Кәкімжан аға іле-шала Рақымжан ағамен кездесіп, әңгімелесіп, деректер жинап, ол туралы тамаша кітап жазды. Бұл Рақымжан аға туралы тұңғыш жарияланым болатын. Осының барлығына түрткі болған ата еді. Кейін атаның өзі де Мәскеу архивтерінде іздеу жұмыстарын жүргізіп, Рақымжан аға туралы деректер жинайды.
2. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазыңыз. |
Бағалау критерийі |
№ тапсырма |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстырады |
1 |
Мәтіндердің тақырыбын анықтайды; Мәтіндердің мақсатты аудиториясын анықтайды; Мәтіндердің стильдерін анықтайды; Стильге тән тілдік құрылымдардан мысалдар кетіреді; |
1
1 1
1 |
Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу
|
2 |
Тірек сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды; Синонимдік қатармен ауыстырады; Жинақы мәтін (аннотация) жазады; Тілдің эстетикалық көркемдігін сақтайды. Сауатты , қатесіз жазады. |
1 1 1 1
1 |
Барлығы |
9 |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі