Өлеңдер Бөлімі

«Абай – дана, Абай – дара» байқауы

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
Ақсай қаласының №6 мектеп лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі Хамидуллина Айнур Изтургановна

Байқаудың тақырыбы: «Абай – дана, Абай - дара»
Байқаудың мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
Байқаудың әдіс-тәсілдері: іздестіру, салыстыру, мәтін құрастыру.
Байқаудың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка
Байқаудың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, сабаққа алдын - ала дайындық.
Жүргізуші:

Абай – дана, Абай – дара қазақта,
Оқылмаған ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге
Абай теңдес ақын болмас қазақта.

Мектебімізде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» -атты Абай оқулары байқауына қош келдіңіздер! Бұл сайысқа мектебіміздің 4 сынып оқушылары сынасады. Енді ортаға сайысқа қатысушы жас достарымызды шақырайық.

1) Кусмангалиева Камила 4 «а»

Камила біздің ақылды,
Болғын бізге шамшырақ.
Әлемге сен атыңды
Жарқырат, қызым, жарқырат.

2) Хусаинова Алмагүл 4 «б»

Адамдық борыш ар үшін,
Елдің мына қамы үшін.
Алмагүл  үлес қосқайсың
Болашақ елдің таңы үшін.

3) Тулемисова Жангүлім 4 «а»

Әрбір тілде адамдарды таң қылып,
Сөйлей білу ақылдыға заңдылық.
Болсаң дағы Жангүлім біздің еркеміз,
Жұлдызы бол өз халқынның мәңгілік.

4) Хасенова Снежана 4 «б»

Лаула, қызым, Снежана, сен де жарқыра,
Пайдаң тисін қазақ деген халқына.
Ақылды, ару қыз болып өскейсін
Дәріптейтін ата-баба салтын да.

Байқау кезеңдері:

1-кезең:«Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы» 
2-кезең: «Сұрақ - жауап» 
3-кезең: «Жүйріктен жүйрік озар»
4-кезең: «Абай жолы»

Жүргізуші: Сайыскерлерді әділ бағалайтын әділқазылармен танысайық

Жүргізуші: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Абайдың өлеңдерін жатқа айтыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Сайыскерлер аянбай ақ жан салыпты.

1-кезең: «Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы» - атты сайыста Ақынның бір немесе бірнеше өлеңін жатқа мәнерлеп оқу. (3-4 минут)

Жүргізуші: Ал, балалар, сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырма мен қоямын сұрақтар көп
Жауап берсеңдер сұрақтарға, жарайсыңдар!

2-кезең: «Сұрақ - жауап» Оқушылардың ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қаншалықты білетіні тексеріледі.

(3-4 минут)

1. Абайдың үлкен әкесінің аты (атасының) кім?
а) Өскенбай +
ә) Бөкенбай
б) Қарасай
в) Құнанбай

2. Абайдың әке-шешесі?
А) Өскенбай, Зере
ә) Құнанбай, Ұлжан +
б) Құдайберді, Айғыз
в) Ибраһим, Ділдә

3. Жеңгелерінің Абайға қойған аты:
а) Желғара
ә) Селғара
б) Телғара +
в) Белғара

4. Абайдың шын аты
а) Абай
ә) Ибраһим +
б) Құнанбай 
в) Ахмет Риза 

5. Абайдың руы кім?
а) Арғын 
ә) Шекті 
б) Тобықты +
в) Найман 

6) Абайдың неше қара сөзі бар?
а) 44
ә) 46
б) 45
в) 42

7. Абай қай жылы дүниеден өтті?
а) 6 маусым 1904
ә) 16 шілде 1905
б) 6 шілде 1904 +
в) 6 тамыз 1905

8. Абай «адам болам» деген жасөспірімге ашыла сырласқан өлеңі:
а) «Ғылым таппай мақтанба» +
ә) «Өлең-сөздің патшасы»
Б) «Сегіз аяқ»
В) «Жазғытұры»

9. Ауылдың тамаша табиғатын көркемдеген әні:
А) «Көзімнің қарасы»
ә) «Желсіз түнде жарық ай» +
б) «Қараңғы түнде тау қалғып»
в) «Айттым сәлем, қалам қас»

10. Абайдың афоризмін жалғастыр « Пайда ойлама, ….»
А) өзінді ойла
ә) өмірді ойла
б) тамағыңды ойла
в) ар ойла +

Жүргізуші: Асықпаймыз, саспаймыз,
Ұшқыр ойға бастаймыз.
Тақтадағы сөзден,
Қара сөзді  құраймыз.

3-кезең: «Жүйріктен жүйрік озар» Берілген әріптерден Абайдың өлеңін құрастыру. Сол өлеңді жатқа айту (3-4 минут)

сіежлз үнедт ақжры йа

Жүргізуші: Ата дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Шығармашылық қабілетті көрсетуге.

4-кезең: «Абай жолы» Абайдың бір өлеңінің бірінші жолы беріледі. Сол өлеңнің мағынасы бойынша өз ойларынан өлең құрастыру (3-4 минут).
Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән  мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

Ән: «Желсіз түнде жарық ай»

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға сол алда.

Әділқазыларға сөз кезегі беріледі. Сайыскерлерді мараппатау.


Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×