Жеке түзету сабақ жоспары
Нурмаханова Ақмарал Ғабитқызы
Тақырыбы |
Мақсаты |
Түзету жұмысының барысы |
Сабақ саны |
[Л] дыбысы |
- этикалық әдепті қалыптастыру; - еріннің қозғалу қабілетін дамыту;
-[Л] дыбысының артикуляциялық қалпын үйрету; -[Л] дыбысын буын-дардың ішінде айтылуын машықтандыру
-[Л] дыбысын сөздер арқылы машықтандыру; -ұсақ қол моторикасын дамыту; - танымдық қабілетін дамыту;
|
Сабақтың түрі: жеке сабақ Әдіс-тәсіл: ойын, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап І. Ұйымдастыру барысы: Баламен сәлемдесу. ІІ. Негізгі бөлім 1–ойын: «Кубикті лақтыру арқылы артикуляциялық жаттығуларды жасату » «Түтікше» – ерінді алға қарай созу. 1-5, 1-10 секунд ұстап тұру. «Қақпаға допты кіргіз» - ерінді алға «түтікше» тәрізді қылып созу. (мақтадан жасалған допты ұзақ үрлеп екі кубиктің арасына кіргізу. «Тәтті тосап» - ауыз сәл ашық, тілді бос қылып астыңғы ерінге салып «пя-пя-пя» дыбыстарын айтып тілді соғу. «Сағат тілі» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек. «Әткеншек» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек. 2. «Л» дыбысының артикуляциялық қалпымен таныстыру. 3. «Л» әріпін дыбыстап сұқ саусақпен оқу. 4. «Л» әріпін ауада және құмда сызу. Шарты:Баланың алдына «л» әріпі бар үлгі сурет және құм беріледі.Осы үлгіге қарай отырып, құмға салғызады. Және құмға салып болғасын ауада сұқ саусақпен салғызу. 5. «Л» дыбысын нүктелі суретте сызып жалғастыру Шарты: Баланың алдына «л» әріпінің графикалық сызбасын береміз. Бала нүктелерді қосып, сызу арқылы «л» әріпін жазуы тиіс. 6.«Л» әріпін ізде ойыны Мақсаты: Сипау арқылы құмның ішінен «л» әріпін дұрыс табу. Ойын барысы: Алдын ала маман құмның ішіне бірнеше әріптерді салып қоюы керек. Баланың алдына әріптер салынған құм беріледі. Бала сипау арқылы құмның ішінен «л» әріпін табуы тиіс. 7. «Пекс карточкасы арқылы буындарды қайталау» Ашық буындардың ішінде: ла-ла-ла ло-ло-ло лу-лу-лу ли-ли-ли Жабық буындардың ішінде: ал-ал-ал ол-ол-ол ул-ул-ул ил-ил-ил 8. «4-артық» әдістемесі Шарты: Баланың алдына 3 - л әріпі, 1 - р әріпі беріледі. Бала осы әріптердің ішінен артығын табуы тиіс. Яғни, артығы р әріпі. Соны бала көрсетуі тиіс. 10. Таяқшадан «л» әріпін салу Шарты: Балаға бірнеше таяқшалар беріледі. Және үлгі ретінде «л» әріпінің бейнесі беріледі. Сол бейнеге қарай отырып бала «л» әріпін таяқшалар арқылы салуы керек. 11. Тыныс алу жаттығулары - «Дэльфа» тренажеры
ІІІ. Қоштасу. Мақтау. Мадақтау. Бағалау. |
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі