«АҚТӨБЕ ТЕХНИКА-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ЖМ |
|||
Пәні: Қазақ тілі |
Оқытушы: Каюпова Назигуль Елубаевна |
||
Күні: .12.2020ж |
|||
Топ: |
Сабақ түрі: практикалық |
||
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, интернет жүйесі арқылы түсіндіру. |
|||
Сабақ тақырыбы |
Әлемді таңдандырған ашылым. 100 жаңа есім – серпілістің кепілі. Тілдік бағдар: Ғылыми стиль |
||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары |
Оқушылардың бойына ұлттық дәстүрлерді насихаттау арқылы ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату және ұлттық рухты сіңіруге тәрбиелеу. |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: |
||
Әлемді таңдандырған дүниелерді біледі. |
|||
Көпшілігі орындай алады: |
|||
Елімізге танымал 100 жаңа есімді біледі. Стильдерді ажырата алады. |
|||
Кейбір оқушылар орындай алады: |
|||
Қосымша дерек көздерінен керек ақпараттармен танысады. Ғылыми стильді ажырата алады. |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Жауапкершілік, құрмет, адалдық, өмір бойы оқу, денсаулық. |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Тақырыпқа сай бейнебаян, аудиожазба, суреттер |
||
Бағалау критериі |
Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекеттер |
Дерек көздер |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
І.Ұйымдас тыру кезеңі.
|
Сәлеметсіздер ме! Оқушылардың көңіл күйлерін көтеру ретінде «Айна» тренингі өткізіледі. Яғни, барлық оқушылар молекулалық қозғалыста болып, екі оқушыдан жұптасады. Жұптасқан оқушыларға көңілді әуен арқылы біреуі айна біреуі адам болып келіседі. Айна адамның іс - әрекеттерін қайталап, орындарымен ауысады. Екі жұпта айна мен адамның қызметін атқарып шығулары керек. Бұл тренинг оқушылардың көңілдерін көтеру мақсатында өткізіледі.
Тілді жаттықтыру
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІІ.Үй тапсырма сын сұрау, тексеру |
«Блиц турнир» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. (Сұрақтарға тез арада, қысқа да нұсқа жауап беру)
Студенттер сұраққа жауап береді. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
IV. Жаңа білімді түсіндіру
|
Сәлеметсіздер ме? Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін бейнебаян көрсетіледі. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады» Н.Ә. Назарбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың сәуір айындағы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады» деген болатын. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында болатын «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы Тұңғыш Президент ұсынысынан кейін оны жүзеге асыру ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Халықтары ассамблеясына жүктелді. Рухани жаңғыруды іске асыру қазіргі таңда басты тапсырма болып отырғаны белгілі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері өткен ғасырлардағыдай ауырпалықтар: соғыс, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін және тағысын тағылар кездескен емес. Оның барлығы да біздің халықтың даналығы, жігерлігі, төзімділігінің арқасы. Қазақстан тарихының парағы тереңнен тамыр тартады. Оның ішінде ата-тегіміздің небір қиын дәуірлерден өткендігі де, керісінше жайлауда жүріп талай-талай қызықты дәуренде өмір кешкендері де жазылған. Сол қалың тарихты білу, ұмытпау, ата рухына әрдайым тағзым етіп жүру, бұрынғылардың кешкен ауыр тағдырын кешпеуге тырысып, тек олардың даналықтарынан үлгі-өнеге алуға талпыну, алға ұмтылу – барша Қазақстан азаматының, әсіресе бүгінгі өскелең ұрпақтың алдында тұрған міндет. Бүгінгі күнде Елбасының ауқымды мақаласын іс жүзінде тындыруға еліміздегі азаматтардың көптеп атсалысып жүргенін көріп жүрміз. Қазіргі жастардың дені білім-ғылымға қызығатыны қоғамымыз үшін де пайдалы екенін ерекше атап өткен жөн. Олардың бірі ғылымда жаңа бір жаңалық ашып, түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы өздерін дамытып жатса, екіншілері жеке бизнес қызметімен әлеуметке танылып, көпшілік үшін тиімді істерді тындырып жүр. Ал келесі біреудің өнерлерімен елімізді жаһанға әйгілі етіп жүргенін де жасыруға болмайды. Қысқасы, мемлекетімізде отанға қызмет етіп жүрген саны күн санап артып келеді. Дүйімге үлгі боларлық жастарымыздың барлығы рухани жаңғыруға өздерінің үлестерін қосып жүргендіктен, олардың әрбірі де ұлтымыздың тарихымен етене таныс десек қателеспегеніміз болар, сірә?.. Себебі, бір халықтың өткенін білмей тұрып, бүгінгісіне қызмет ету мүмкін емес. Қазақтың данышпан, көреген, қайсар ұлт екендігін барша әлем жұрты мойындаған. Оның ішінде өткен ғасырларда дүниеден өткен небір ұлы тұлғалар бары жасырын емес. Ұлтымыздың ерекшелігі – мәдениетінде, тәлім-тәрбиеге баса назар аударатынында, күнделікті өмірде әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді тастамай ұстанатынында болып табылады. XX ғасыр қазақ елі үшін аса қиын заман болды. Соның салдарынан еліміз біраз дәстүрлері мен ғұрыптарынан, ана тілінен, дінінен, өнерінің біршама бөлігінен ажырап қалды. Қысқасы, мәдениетіміз едәуір есеңгіреп қалды. Егемендік алғаннан кейін тарихта болған қаншама жағдайларға қарамастан Қазақстан аяққа тез тұрып кетті. Бүгінде еліміз дамушы мемлекеттер қатарында. Республикамызда дарынды, болашаққа деген ұмтылысы жоғары жастар өте көп. Айналаға терең назар аударсаңыз қазақтың тарихын құштарлана оқып, ата-баба аманаты – киелі жерімізді сақтап тұруға тырысатын, олардың салған жолымен жүруге бағытталған қаншама жасты байқауға болады. Әр ғасырдың өзіндік ерекшеліктері бар. Соның ішінде әр заманның өзінің ұлы тұлғалары болады. Дәл осыған қатысты «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің директоры, бас редакторы Абай Балажан өзінің бір сөзінде: «Мәселен, кешегі соғыс жылдары қазақ жастарына Нұркен Әбдіров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Төлеген Тоқтаровтар идеал ретінде ұсынылды. Мейлі, қай формацияда өмір сүрсе де, идеалдың аты – идеал. Әлия, Мәншүкке ұқсағаннан қазақ жастары жаман болған жоқ. Одан кейін 70-80 жылдары бейбіт заманның батырлары пайда болды. Оларға еліктедік. Ешкім жаман болған жоқ, қайта солардың ерліктерін қайталағысы келген жастардың саны артты. Ал бүгін біз жаңа дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Демек, жаңа заманға жаңа идеалдар керек! «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы ең бірінші кезекте осы үшін керек! Жастарымызды жаңа жеңістерге жігерлендіру үшін керек! Мәселен, Тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде замандастарына үлгі-өнеге болатын қаншама тұлғалар өсіп-жетілді. Мейлі спорт саласы болсын, мейлі ғылым мен өнерде болсын, мейлі өндіріс пен шаруашылықта болсын, осы бір жаңа есімдерді идеал етуге әбден болады. Ал руxани жаңғыруды ең бірінші кезекте жүзеге асыратын кімдер?! Әлбетте, идеалдар! Ендеше, бұл жобаның өзі дер кезінде қолға алынған жоба болды деп есептеймін» деген болатын. Бұдан шығатын түйін: қазіргі жастардың көбі бұрынғылардан үлгі алу арқылы өздерін дамытып келе жатыр. Үлкенге ізет көрсету қазақтың қанында бар қасиет. Ұлтымыз өзге ұлыс өкілдеріне де ерекше ілтипатпен қарап, оларды құрметтейді. Содан болар бүгінде елімізде 120-дан астам ұлт өкілдерінің бейбіт күн кешіп жатқаны. Бірнеше ұлт болып, бөлінбей, әрқашан «өле жегенше, бөле же» деген ұстаныммен Қазақстан халқы әлемдік деңгейде жүріп биік белестерді бағындып жатыр. Оған, әсіресе жастардың қосып жүрген үлесі зор. Жаңа сабақ түсіндіру: Стиль түрлері: Ресми стиль. Публицистикалық стиль. Ғылыми стиль. Тақтадағы класстертер арқылы студенттермен бірлесе отырып, тақырыпты түсіндіру. Жаңа сабақты түсіндіру үшін әдістемелік нұсқаулықты таратамын. Ғылыми-стиль —зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет. Дәлелді, зерттелген. Мысалы: Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 1500 жылға дейін өседі. Ғылыми стиль түрлері: Ғылыми-стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады. Публицистика (латынша: көпшілік, әлеумет)—қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Публицистикалық стиль түрлері: Жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздер публицистикалық стильдің ауызша түріне жатады. Мысалы: 9 мамыр- Жеңіс күніне орай, қаламызда ән кеші болады. Ресми стиль — ресми қатынастар аясында қызмет ететін стильдің бірі. Ресми, нақты, дәл, нақты, анық. Ресми құжаттар мен іс қағаздарының стилі деп те аталады. Мысалы: Өз қалауыммен жұмыстан босатуыңызды сұраймын.
1-тапсырма «Семантикалық карта». Берілген сөйлемдер стильдің қай түріне жататынын анықта.
2-тапсырма «Полиглот» ойынын ойнату: Үш тілде аудармасын айту.
3 – тапсырма ОЙ СЕРГІТУ
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
V.Қорытынды
|
Тест сұрақтары 1. Жазба тілдің стильдік тармақтарын көрсетіңіз. А)Ауызекі сөйлеу стильі В) Ғылыми стиль, сөз мәдениеті С) жүйелі сөйлеу мәдениеті Д) Көркем әдебиет стилі Е) мақала, баяндама
2. Ауызекі сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігін табыңыз. А)үндемей тыңдау В) қарапайым сөздерді қолдану С) тіл тазалығын сақтау Д) қыстырма сөздерді қолдану Е) диалогке құрылмайды
3. Тілдесу үстіндегі қойылатын талаптар қалай аталады? А)коммуникативтік талап В) грамматикалық талап С) лексикалық талап Д) мәнерлеп сөйлеу талабы Е) ғылыми стиль тұрғыда
4. Стильдің қанша түрі бар? А) 4 В) 5 С) 6 Д) 3 Е) 2
5. Бұлт көлеңкесімен түтеген дала үнсіз бағынып, жаңбыр күтуде еді. Жел ұйытқытып қара жолдың күлгін шаңын көкке көтерді. Мәтін қай стиль үлгісінде жазылған? А)Ғылыми стиль В) ресми стиль С) Көркем әдебиет стилі Д) мақала, баяндама Е) ауызекі сөйлеу стилі
6. Стилистика қай тілдің сөзі? А) Араб В) Латын С) Орыс Д) грек Е) француз
7. Бірін-бірі бетпе бет көріп отырған екі не одан да көп адамдардың өзара пікір алысуы, түсінісуінде қай стиль қолданылады? А)Ғылыми стиль В) Көркем әдебиет стилі С) Жазба тіл Д) ауызекі сөйлеу стилі Е) мақала, баяндама |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
VI.Рефлексия
|
4. КЕРІ БАЙЛАНЫС
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
VII. Үй тапсырмасы |
Үйге тапсырма: “Аталы сөзді айта біл!” немесе “Мақал – сөздің мәйегі” тақырыбына өз таңдауларыңмен шығарма жазыңдар. |
|
Сәлеметсіздер ме?
Сабағымыздың мақсаты: Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту
Бүгінгі сабақтың бағалау критерийлері:
СОӨЖ – 2 балл
Үй тапсырмасы – 2 балл
Сабаққа қатысым – 0,5 балл
Бүгінгі сабақта максималды балл – 4,5
Үй тапсырмасын қайталау үшін мен сізге бірнеше сұрақтар қоямын:….
Ой қозғау сұрақтары
1. «Инновация» сөзін қалай түсінесіңдер?
2. Қазіргі таңда қандай салалар инновацияны қажет етеді?
3. Білім, ғылым, инновация тақырыбы қай пәнмен байланысты деп ойлайсыңдар?
Білім туралы мәтіндермен жұмыс
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бір. Ақыл — ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас булақ» деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жылдарында еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуымен қатар білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында кезең-кезеңімен реформалар жүргізіп келеді. Сол білім беру жүйесіндегі реформаларды жүргізу Егемен Қазақстанның алғашқы құқықтық құжаттарының бірі – Тәуелсіздік Декларациясында бекітілген болатын. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей апарар жол – сол елдің білімінің дамуы болып табылады. Яғни, болашақта бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі мемлекет тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші азамат.
1-тапсырма
«МАҚАЛДЫ ҚҰРАСТЫР» ОЙЫНЫ. Әр түрлі қағазға жазылған сөздерді дұрыс орналастырыңыз және. қазақшаға аударыңыз.
ИГРА "СОСТАВЬ ПОСЛОВИЦУ". Правильно расположите слова, написанные на разных листах бумаги и перевод на казахский.
• Спешите делать добро.
• Жизнь дана на добрые дела.
• Лучше потерять глаз, чем доброе имя.
• Людей сближает улыбка.
• Если хочешь иметь друзей, будь другом сам.
• Добро помни, а зло забывай.
• Когда хочешь себе добра, то никому не делай зла.
• Будешь учиться доброму, худое на ум не пойдет.
• Красив тот, кто красиво поступает
• Доброе слово лечит, а злое калечит.
2-тапсырма
2. Кәсіптерді жұптастырыңыз.
Найди правильный вариант профессий
Халық алдына шығып ән салады |
журналист |
Адам өмірінің арашашысы |
мұғалім |
Қызметкерлерге мемлекеттік тілді оқытады |
әнші |
“Орталық Қазақстан” газетіне мақалалар жазады. |
дәрігер |
Ол аспанда ұшып жүреді, адамдарды тасиды. |
маркетолог |
Ол сиыр сауады, сүт, май, ірімшік т.б. дайындайды. |
бухгалтер |
Ол жарнама жасайды. |
сауыншы |
Ол кәсіпорында есеп жүргізеді. |
ұшқыш |
3 – тапсырма
ОЙ СЕРГІТУ
1. Суретке қарап, тұрақты сөз тіркестерінің қазақша баламасын айтып көріңіз. Мағынасын түсіндіріңіз.
ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА ТЕСТ
1. Тілек мәнді сөйлемді табыңыз.
А. Талабыңа нұр жаусын!
Ә. Дені саудың жаны сау.
Б. Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.
В. Бояушы-бояушы дегенге сақалын бояпты. Г. Қыз өссе, елдің көркі.
2. Жиналыс сөзінің орысша баламасы:
А. Собрание
Ә. Конференция
Б. Заседания
В. Диспут
Г. Тренинг
3. Әдептің басы –
А. Байқап сөйлеу.
Ә. Тез сөйлеу
Б. Ашуланып сөйлеу
В. Ренжіп сөйлеу
Г. Мақтанып сөйлеу.
4. Людей сближает улыбка. Мақалдың қазақша баламасын табыңыз.
А. Адамдарды ақша жақындастырады.
Ә. Адамдарды сенім жақындастырады.
Б. Адамдарды өтініш жақындастырады.
В. Адамдарды қулық жақындастырады.
Г. Адамдарды жылы жүз жақындастырады.
5. Доброе слово лечит, а злое....
А. Калечит
Ә. Радует
Б. Уходит
В. Лечит
Г. Кормит
6. Сыртынан мақтаған — сыпайылық,
Көзінше мақтанған —
А.Ақылсыздық
Ә. Ұқыпсыздық
Б. Көргенсіздік.
В. Ерлік
Г. Сыпайылық
8. Сыпайылықты білдіретін сөз:
А. Кешіріңіз, рақмет, төрлетіңіз.
Ә. Көріңіз, айтыңыз.
Б. Сыйлаңыз, оқыңыз.
В. Беріңіз, алыңыз.
Г. Жинаңыз, тараңыз.
9. Тілдің ең басты қызметі –
А. Оқу құралы болу.
Ә. Тіл құралы болу.
Б. Қарым- қатынас құралы болу.
В. Соғыс құралы болу.
Г. Сөйлеу құралы болу.
Студенттер, бос орындарды толтырыңыздар: Бүгінгі сабақта мен__________білдім. Бүгінгі сабақтан___________өте жақсы түсіндім. Бүгінгі сабақта маған___________қиынырақ болды. Бүгінгі сабақтан мен____________түсінбедім.
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі