Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
МКҚК «Балауса» бөбекжайы
Жоба
Дайындаған: Насиева Фая Хисметуллаевна
«Ақбота» ортаңғы топтың ойын-сауық жобасы: «Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері»
Жобаның бағыттауы: «Ақбота» ортаңғы топ балалары.
Жобаның қатысушылары: «Ақбота» ортаңғы топ балалары, тәрбиеші Насиева Ф. Х.
Үйренуші-тәрбиеленушінің жас мөлшері: Жоба ортаңғы топ балаларына есептелген.
Жобаның ерекшелiгi:
Жасалынатын салт-дәстүр: баланы қырқынан шығару, бесікке салу.
Жобаға бала санын қатыстыру: топпен.
Арналған ұзақтылығы: ұзақ мерзімді.
Жобаның мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға ата-бабадан қалған асыл мұра - ауыз әдебиет үлгілері, ұлттық бұйымдар, сәндік қолданбалы өнер туралы әңгімелеу және халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу.
Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінің бірі – нәрестені қырқынан шығару, бесікке салудың мағынасын ашу. Қазақ халқының ұлттық, салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ұғындыра отырып, осы дәстүрлердің танымдық, тәрбиелік маңызы зор екенің көрсету. Балаларды салт-дәстүрлерді құрметтеуге, адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Жобаның міндеттері:
1. Қазақтың ұлттық салт дәстүрлері тарихына зер салу.
2. Баланы қырқынан шығару, бесікке салудың пайдасын білу.
3. Қазақтың салт-дәстүріне қатысты ырым- тыйымдарды баланың бойына сіңіру.
4. Ата-бабамыздың дәстүрлерін мектеп жасына дейінгі балаларға насихаттау.
Жоба жұмысының өзектілігі:
Ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, жөн-жоралғыларының тәрбиелік маңызы зор. Осындай қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін баланың бойына сіңіру өзекті мәселе болып табылады.
Жобаның әдістері: зерттеу, іздестіру, ақпараттық, бейнебаян, аудиожазба, көрме ұйымдастыру, ойын
Жоба жұмыстарының кезеңдері:
I. Дайындық кезең
- Қазақтың ұлттық бұйымдары, сәндік қолданбалы өнерінен көрме дайындау, балаларға түсінік жұмыстарын жүргізу.
II. Негізгі кезең
- Қазақтың салт-дәстүрлерінен (баланы қырқынан шығару, бесікке салу) көрініс көрсету.
- Жоба орнымен жоспар іс-әрекетіне қатысушылардың рөлдерін талқылау
III. Қорытынды
Жоба жұмысының өткізілу барысы:
Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
- Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық.
- Балалар, енді мына киіз үйде кімдер тұрады және қандай ұлттық бұйымдар бар екен, барлығымыз мына көрмеге назар аударайық.
(Тәрбиеші балаларды алдын-ала дайындаған ұлттық бұйымдар, сәндік қолданбалы өнермен таныстырып өтеді)
- Міне, балалар ежелгі ата-бабамыздан келе жатқан қазақ халқының ұлттық бұйымдары, сәндік өнерімен қатар, қазақтың ұстанатын салт-дәстүрлері бар.
- Олар, қандай салт-дәстүрлер:
Іңкәр: баланы қырқынан шығару, шілдехана, тұсау кесу, сүндет тойы, тілашар т. б.
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасың, бүгін біз осы салт-дәстүрлердің бірі-баланы қырқынан шығару және бесік тойына барамыз.
Зал төрінде үй ішінде отырған әжесі мен келіні.
Әже (Диляра): Келін шырағым, мына немеремді қырқынан шығарып, бесікке салатын күнде келді. Бұл қуаныш тойына қонақтарды шақырып қойғанмын.
Қазір өздері де келіп қалар, келін сен бесіктің жабдықтарын даярлап қой. Балалар, сендер төсектерді салыңдар. (Абдрахман, Василий)
Келіні (Ақерке): Иә, жарайды әже даярлап қояйын. (Осы кезде тәрбиешімен бірге балалар да кіреді. )
Балалар:- Сәлеметсіздер ме!
Әже: - Сәлеметсіңдер ме, балақандарым төрлетіңдер, хош келдіңдер.
Тәрбиеші: - Бесік тойы құтты болсын! Немерелеріңіздің бауы берік болсын!
Әже: - Рахмет айналайындар. Мен сендерді келеді деп күтіп отыр едім. Бірақ баланы қырқынан шығару, бесікке салу дәстүрлерін қонақтарыма ұсынғалы отырмын.
Тәрбиеші: - Балалар, сендер ата-аналарыңыз, ата-әжелеріңізбен бірге бесікке салу тойына барып жүрсіңдер ме?
Балалар: - Иә, барып жүрміз.
Тәрбиеші: - ендеше мен сендердің баланы қалай қырқынан шығару керек, баланы қалай бесікке салу керек екенің біледі деп ойлаймын. Сондықтан әженің керемет ұсынысын қабыл алып, баланы қырқынан шығаруды, баланы бесікке салу дәстүрлерін өзіміз орындайық.
- Балалар, ең алдымен мен сендерге баланы не үшін қырқынан шығарады екен айтып өтейін. Қырық күннен аман өткен нәрестені «қарақұлақтанды» деп қуанып, «қырқынан шығару» тойын жасайды. Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне адалдық пен пәктіктің белгісі ретінде күмістен жасалған бұйымдар салады 40 қасық таза су құяды. Перзентіміз өскенде малды болсын деп-қойдың асығын салады.
- Балалар аталған заттарды бір-бірлеп табақтағы суға салады.
Аяулым: Бірінші баланың басынан бастаймыз. Басын ақылды болсын, көзін көреген болсын, құлағын естігіш болсын, мұрнын иіссезгіш болсын, қолдарын шебер болсын, аяқтарын жүйрік болсын, күнің күмістей жарқырап тұрсын, отыз омыртқан жылдам бекісін, қырық қабырғаң тез қатайсын деген тілектер айта отырып, сәбидің басынан бастап қырық қасық су құямыз.
Тәрбиеші: - Міне, балалар Аяулым нәрестені қырқынан шығарды. Енді баланың тырнағы мен қарын шашын алу керек.
Айсұлу: (Баланың қарын шашын, тырнағын алады) Баланың «қарын шашын» ақ шүберекке түйіп, баланың бесігінің оң жағына байлаймыз, ал «сүт тырнағын» адам баспайтын жерге көміп тастайды. Ит көйлегіне әр алуан тәтті түйіп, бір иттің мойнына байлап қоя береді. Ауыл балалары сол итті қуып жүріп ұстап алып, тәттіні бөліп жейді.
Тәрбиеші: - Балалар, «Бесікке салу» дәстүріне қатысты қандай тыйым сөздерді білеміз.
— Бос бесікті тербетпе (Василий)
— Баланы шошытпа (Томирис)
— Бала бетіне үрлеме (Алихан Қ)
— Бесікке асылма(Аян)
— Бесікті аяқпен тербетпе (Айсұлу)
— Бесіктегі балаға төбесінен қарама (Салтанат)
— Бесіктегі баланы бесіктен теріс шешіп алма (Абдрахман)
— Бос бесікті ашық тастама (Еркебұлан)
Айсұлу: (Баланың қарын шашын, тырнағын алады) Баланың «қарын шашын» ақ шүберекке түйіп, баланың бесігінің оң жағына байлаймыз, ал «сүт тырнағын» адам баспайтын жерге көміп тастайды. Ит көйлегіне әр алуан тәтті түйіп, бір иттің мойнына байлап қоя береді. Ауыл балалары сол итті қуып жүріп ұстап алып, тәттіні бөліп жейді.
Тәрбиеші: - Әже немереңіз қырқынан шықты құтты болсын, енді бесіккесалуға рұқсат етесіз бе?
Әже: - Иә, немеремнің атын азан шақырып ауыл ақсақалы қойсын, сосын бесікке саламыз.
Ата (Айданбек): - Баланың оң және сол жақ құлағына дауыстап, баланың есімін Айгүл деп қояды.
- Әже баланы бесікке бөлемес бұрын бесікті аластап бересіз бе?
- Иә, айналайын, баланы бесікке салмас бұрын жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін бесіктің өзін отпен аластап берейін.
«Алас-алас, пәледен алас,
Иесі келеді, пәледен қаш!
Алас-алас, пәледен алас
Көзі жаманның көзінен алас
Тілі жаманның тілінен алас,
Отсыз омыртқасынан алас»
«Алас, алас, пәледен алас, Жанерке сен балаларға нәрестені бесікке бөлеп көрсетші. (нәрестені бесікке бөлейді)
Бесік, бесіктің құрал-жабдықтары және бесіктің пайдасы.
Жанерке:
Бесік – ағаштан жасалынған. Бесіктің ойығы, төсегі, жастығы, бірнеше кішкене жастықшалары бар. Жастықшалар түбек орналасқан ойықтың айналасына төселеді.
- Ал, мына тартпа баудың біреуі бөленген нәрестенің көкірек тұсынан, екіншісі тізенің үстінен түседі. Тартпа баудың ұштары бесіктің екі жағындағы сабау ағаштарға таңылады. Бесіктің көлеміне сай, жұқа матадан тігілген жабуы болады. Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор.
- Балалар, тыштырмадан кейін баланы бесікке бөлеу керек.
Балалар, бөпеміздің ұйқысы тәтті болсын деп мен сендерге «Бесік жырын» айтып берейін.
Бесік жыры: «Әлди әлди бөпешім» Ж. Байырбекова
Тәрбиеші: Балалар тойдың қызығы да аяқталды, енді Айгүлдің атасынан бата сұрайық.
Ата:
Баламыз сүйкімді болсын,
Өнер білімге икемді болсын.
Бәйтеректей бойшаңданып,
Өрен өршір өркенді болсын.
Жақсы жолды таңдасын,
Жамандықтан тәлім алмасын.
«Әумин!»
Тәрбиеші:
- Ата, батаңыз қабыл болсын! Ауырмай аман-есен жүре беріңіз.
Қорытынды:
— Балалар, біз бүгін қандай тойға келдік?
— Той сендерге ұнады ма?
Әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп өскен бала нағыз қазақ баласы. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін құрметтейік, естен шығармай дәріптеп жүрейік деп бүгінгі жобамызды аяқтаймыз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі